Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар


«Мунтахаб ат-таварих-и Му'ини»



бет5/10
Дата13.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#42896
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану

«Мунтахаб ат-таварих-и Му'ини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зерттеу үшін құнды дерек болып табылады. «Ескендір анонимі» деген атаумен бұл еңбекті ғылыми айналымға В. В. Бартольд енгізіп, оған бірнеше мақаласын арнады. Одан Шығыс Дешті Қыпшақтың, атап айтқанда, Ақ Орданың тарихы жөніндегі материалдар, В. Г. Тизенгаузеннің басылымында келтірілген. Баспагерлер бұл деректің «көптеген құнды мәліметтерінің» бірегейлігін, айқындылығын, мұны орыс жылнамаларының деректерімен салыстырғанда расталатынын атап өткен.
Му'ин ад-дин Натанзидің еңбегі хижра бойынша 815-816 жж. (1412-1414) Әмір Темірдің немересі Ескендірдің өтінуімен жазылған. Автордың монғол және ұйғыр деректерін пайдаланғаны оның Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың, Шығыс Түркістанның тарихы жөнінде хабарлаған мәліметтерінен байқалады. «Мунтахаб ат-таварих-и Му'иниде» Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Шығыс Түркістанның тарихы жөнінде басқа деректерде қайталанбайтын бірегей материал бар. Моғолстандағы тайпа үстем топтарының, әсіресе Қамар ад-дин дуғлаттың орталық хан билігіне қарсы күресі туралы, Қызыр-қожа ханның экономикалық саясатының кейбір жәйттері туралы мәліметтері қызықты. Му'ин ад-дин Натанзи шығармасының парсыша мәтіні 1957-жылы Тегеранда басып шығарылды.
1423-жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырысы бойынша Хафиз-и Абру төрт томдық «Маджма ат-таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Арнайы «Зубдат ат-таварих-и Байсункари» деп аталған төртінші томы материалдарының Қазақстан тарихына қатысы бар. Ол түпнұсқа Шами мен Натанзи шығармаларының негізінде, бірақ ғасырдың одан кейінгі ширегі үшін, 1428-1429 жылдарға дейін, яғни алғашқы Темір ұрпақтары заманына арналған. Ұлықбектің Моғолстан ханы Мұхаммедке қарсы жорығы туралы, сондай-ақ Темір ұрпағы Шахрухтың XV ғ. 20-шы жылдарында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы арқылы Қытайға жасаған елшілігі туралы мәліметтер назар аударарлық. Моғолстан арқылы өткен жолды суреттеуде өлкенің тарихи географиясы жөнінде деректер бар.
Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғ. 2-ші жартысындағы шығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар-Раззақ Самарқандидің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет