Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет9/10
Дата13.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#42896
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану

«Тарих-и Абулхайр-хани» деген жалпыға бірдей тарихы, атап айтқанда, оның 1428-1468 жж. Шығыс Дешті Қыпшақта билік еткен көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихына арналған тұпнұсқа бөлігі маңызды орын алады. Шығарма 1543-1544 жж. Әбілхайыр ханның немересі, Самарқандта 1540-1551 жж. билік еткен Абд ал-Латиф ханның тапсыруымен тәжік (ортағасырлық парсы) тілінде жазылған.
Масуд ибн Осман Кухистанидің Әбілхайыр ханның заманы туралы мәліметтерінде оның билік ете бастаған кезі, Қазақстанның далалық аймақтарындағы Жошыдан тараған сансыз көп қарсыластарымен соғыстары, Хорезм мен Сырдария өңірі қалаларын жаулап алуы, Мауараннахрдағы Темір ұрпақтарымен өзара қатынастары туралы айтылады. Шайбани ұрпақтары дәріптелетін басқа шығармалардағы сияқты, Масуд Кухистанидің еңбегінде де барлық материалдың едәуір дәрежеде сыңаржақ таңдап алынғанын, ол Шайбанилердің даңқын, олардың далалық аумақтарға ғана емес, сонымен қатар Түркістан қалаларына, Хорезмге, Мауараннахрға дәмелерінің заңдылығын дәлелдеуге тиіс болғанын атап өткен жөн. Солай бола тұрса да, зерттеушілер бұл деректерді олардың этносаяси сыңаржақ бағдарда екенін (мысалы, оларда қазақ әміршілерінің Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістан жерлеріне құқықтары туралы ешнәрсе айтылмайды) ескере отырып пайдаланып келеді.
Зайн ад-дин Васифидің «Бадаи әл-вакаи» («Ғажайып оқиғалар») деген мемуары XVI ғ. 1-ші жартысындағы Орта Азия халықтарының қоғамдық, мәдени өмірінің, тұрмысының көптеген жақтарын көрсететін маңызды түпнұсқа дерек болып саналады. Васифидің шығармасында Қазақстан тарихы жөнінде – Шайбани ұрпағы Ұбайдаллах ханның қазақтарға жасаған жорығы туралы маңызды мәліметтер және «Қазақтарды жеңу туралы мәлімдеме» (1537 ж.) бар. Бірақ оның Сырдария бойы қалалары өмірінің түрлі жақтары туралы, мысалы, Саурандағы медресе құрылысы туралы, сол қаланың төңірегіндегі суландыру жүйесі туралы, вакфтық жерлер және т.б. туралы мағлұматтары ерекше маңызды.
XVI ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед Бұхаридің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет