Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет4/10
Дата13.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#42896
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану

«Зафар-намесі» болды, ол хижра бойынша 806-жылға (1403-1404 жж.) жеткізілген. Автор Темір Бағдатты алғаннан кейін соған қызмет етуге көшкен, оның жорықтарында еріп жүріп, кеңсе қызметін атқарған. Ол өз еңбегінде ресми құжаттарды, Темірдің жеңістері туралы мәлімдемелерді, сол дәуірдегі оқиғаларға қатысушылардың әңгімелерін, Темірдің ұйғыр хатшысы жазған хроникаларды пайдаланған. Шамидің XIV ғ. 2-ші жартысындағы Қазақстанда болған оқиғалар туралы мәліметтері негізінен әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанның билеушілері Ұрұс хан мен Тоғылық-Темір ханға қарсы күресіне қатысты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы шаруашылықтың жай-күйі жөнінде деректер келтірілген, өлкенің тарихи географиясын зерттеуге арналған материалдар бар. Низам ад-дин Шами шығармасының парсыша мәтінін Ф. Тауэр басып шығарған. Екінші томында оның еңбегіне түсініктеме, сондай-ақ Хафиз-и Абрудың «Зубдат ат-таварих» деген шығармасынан үзінділер бар.
Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-намесі» әмір Темірдің өмірі мен қызметінің мейлінше толық ресми тарихы болып табылады, ол Низам ад-дин Шамидің еңбегі, түркі тілді «Манзума-йи түрки» хроникасы, күнделіктер, ресми құжаттар, оқиғаларды көзімен көргендердің айғақтары негізінде жазылған. Шами сияқты, Йазди де Темірдің бағындырылған елдердегі қатыгездік әрекеттерін бүгіп қалмайды, бірақ Шамиден ерекшелігі, ол бұл әрекеттерді мадақтаудан шаршамайды. Йаздидің еңбегі Шахрухтың ұлы Ибраһим сұлтан кезінде, 1419-1425 жж. аралығында жазылғанымен, ол Темірді дәріптеу болып табылады. Мұндай шығармаға Темір немесе оның ұрпақтары болашақ ұрпақтар үшін есте қалдырғысы келетін оқиғалар ғана тапсырыс бойынша енгізілген. Оқиғалар соған сәйкес түсіндірілетін. Сондықтан, Йазди мен оның ізашары жазғанның бәрін бұдан бұрынғы отандық әдебиеттегі «тарихи шындыққа» сәйкестендіру туралы айту дұрыс болмас еді.
Шараф ад-дин Әли Йаздидің шығармасында XIV ғ. соңғы үштен бірінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда болған саяси оқиғалардың егжей-тегжейі, әмір Темірдің осы аудандар мен Тянь-Шаньға жасаған жаулап алушылық жорықтарының бағыттары келтіріледі. Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы мемлекетті Моғолстан, «Моғолдар елі», «Моғолдар ұлысы» деп атаған Низам ад-дин Шами мен Хафиз-и Абрудан айырмашылығы, Шараф ад-дин Әли Йазди оны «Жете» деп менсінбеген терминмен ғана атайды. Йазди әмір Темірдің алдына бұл өлкені қаңыратып, күйзелту мақсатын қойғанын, оның жергілікті билеуші топтарды бағындыруы тиіс екенін атап көрсетеді. Автор Ақ Ордада да, Моғолстанда да біртұтас билік болмағанын сипаттайтын көп мәліметтер келтіреді. Темірдің жергілікті көшпелі және жартылай көшпелі халықпен шайқастарда оңай жеңіп шығуына бұл да көмектескен. Қазақстанның мал шаруашылығын, Ақ Орда мен моғол хандарының әскери ұйымын және Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың байырғы халқы өмірінің басқа жақтарын сипаттайтын деректер келтіріледі.
Му'ин ад-дин Натанзидің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет