Ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы зымыран-тасығыштар, ғарыштық аппараттар мен спутниктер сияқты тағы да басқа күрделі, әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам басты. Ғылымның одан әрі дамуымен қатар, Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан 62 жылдан бері ғарышты зерттеу мен қолдануды дамыту саласында орасан зор жұмыстар жасалды. Мыңдаған ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылды.Біз ғарышты жауып тастай алмаймыз ол болашақтың ғылымы, біздің қолда үлкен мүмкіндік бар ол Байқоңыр ғарыш айлағы.Біз ғарыш саласын игереміз, оның ішінде ғарышкерлердің тамақтануын қамтамасыз ету үлкен жұмыс болады деп сенмін.
Бүгiнде Қазақстанның жоғары оқу орындарының бiрқатарында «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Радиобайланыс және радионавигация», «Жылжымалы байланыс құралдары мен жүйелер байланысы», «Радиобайланыс, радиохабарларын тарату және теледидар», «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандықтары оқытылады. Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиация институты филиалында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң квотасымен жыл сайын 45 талапкер бiлiм алуда. Бұл оқу ордасы ғарыш техникасының тiлiн бiлетiн инженер мамандарын даярлайды. Ал негiзгi ғарыш саласы маманын даярлайтын оқу орны елiмiзде жоқ. Бұл күрделi мәселе алдағы уақытта шешiмiн табары анық. Ең бастысы, ғарышқа деген біздердің балалық арманымыз сөнбесе болғаны
Ұсыныс:
Байқоңыр ғарыш айлағының мүмкіндігін пайдаланып, ғарыш саласын дамыту бағдарламаларын келешек ұрпаққа таныстырып отырса;