ТАҚЫРЫБЫ: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
Ферменттер, түсінік.
Ферменттердің жалпы қасиеттері.
Ферменттердің әсер ету механизмі.
Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі.
Ферменттер, түсінік.
Ферменттер – арнайылығы бар белоктар, жасушаларда түзіліп, химиялық үрдістерді тездететін биологиялық катализаторлар.
«Фермент» термині
«Фермент» термині «fermentum» - ашытқы латын сөзінен шыққан. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «энзим» сөзі пайдаланылады, грек тілінінен «en zyme» – ашытқыда деген мағына береді.
Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастығы:
- тек энергиялық мүмкіндігі бар реакцияларды катализдейді ;
- кері реакциялардың тепе-теңдігін өзгертпейді;
- реакция бағытын өзгертпейді;
-реакция нәтижесінде пайдаланылмайды.
Ферменттердің жалпы қасиеттері (бейорганикалық катализаторлардан айырмашылығы):
1. құрылысының күрделілігі (ферменттер химиялық табиғаты белок болғандықтан, белоктарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді, алайда олардың құрылысы белоктармен салыстырғанда күрделірек болады);
2. әсер ету қуаттылығы жоғары;
3.жоғары арнайылығы;
4. ағзада жайлы жағдайда әсер етеді ( tо 37-45о, қысым 1 атм.);
5. активтілігін реттеуге болатын заттар (фермент пен субстрат концентрациясы, орта рН-ы, температура, эффекторлар).
Ферменттің белоктан айырмашылығы активті орталығының болуында.
Активті орталық – ферменттердің беткі жағына орналасқан амин қышқылдарының функционалды топтарының белгілі бір шектелген кеңістікке шоғырлануы. Субстрат – фермент әсер ететін зат.
Құрылысының күрделілігі
Активті орталықта функциясы жағынан ерекшеленетін 2 аймақ бар:
Активті орталықта функциясы жағынан ерекшеленетін 2 аймақ бар:
Активті орталық Субстраттық аймақ (фермент өз субстратын тани алады, байланысады)
Катализдік аймақ (химиялық реакцияның сипатын анықтайды)
Көпке дейін фермент пен субстрат арасында дәл сәйкестік («кілттің құлыпқа дәл келуі») бар деп есептеді.
Ал, қазіргі уақытта ферменттің активті орталығы субстратқа реакция кезінде сәйкес келеді (индукциялық сәйкестік теориясы) деп айтады.