бет 4/4 Дата 27.09.2023 өлшемі 381 Kb. #110964
Байланысты:
ФеÑменÑÑеÑ. ÒаÑиеÑÑеÑÑ
Е – фермент; S – субстрат; ES – “фермент–субстрат” комплексі; Р1 , Р2 –реакция өнімдері ;
К1, К2, К3 – тепе-теңдік константалары
Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі. Әр класс ферменттері топтарға , топтар топшаларға бөлінеді. Әр ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” деген жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған. 1961 жылдан бері әрбір фермент 4 санды шифр бойынша белгіленеді. Мысалы: ұйқы безінің липазасы ЕС 3.1.1.3 деп шифрланады, мұндағы: "3" класты - гидролазалар класын , "1" топты - эстеразалар тобын (күрделі эфирлік байланысты үзеді), "1" топшаны – карбоэстеразалар топшасын (карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысты үзеді), "3" –ферменттің осы топшадағы реттік санын көрсетеді. Барлық белгілі ферменттер катализдейтін реакция түріне байланысты 6 класқа бөлінеді. 1.Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді. 2.Трансферазалар - атом немесе атом топтарының бір заттан екінші затқа тасымалдануын катализдейді. Ферменттердің жіктелуі Гидролазалар - судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға ыдырауын катализдейді. Лиазалар - заттардың сусыз ыдырауын немесе синтезін катализдейді. Ферменттердің жіктелуі Изомеразалар -изомерлену реакцияларын катализдейді. Лигазалар немесе синтетазалар –АТФ энергиясын пайдаланып, күрделі заттардың синтезделу реакцияларын катализдейді. Достарыңызбен бөлісу: