Ферменттерге жоғары арнайылық тән, яғни белгілі бір субстратқа таңдамалы түрде әсер етіп (субстраттық арнайылық), белгілі бір химиялық реакцияны (катализдік арнайылық) тездетеді.
Субстраттық арнайылық
Стереохимиялық
Абсолюттік
Салыстырмалы
Субстраттық арнайылық
А.Стереохимиялық арнайылық:
Ферменттің бір ғана стереоизомерге әсер ету арнайылығы. Мысалы: фумараза транс-изомер фумар қышқылына әсер етеді, ал цис-изомер малеин қышқылына әсер етпейді.
Стереохимиялық арнайылық Б.Абсолюттік арнайылық-ферменттің бір ғана субстратқа әсер етуі. В.Салыстырмалы арнайылық
Ферменттердің құрылымдық жақтан ұқсас, байланыс түрі бірдей заттардың тобына әсер етуі.
Мысалы, пепсин әртүрлі тағам белоктарының пептидтік байланыстарын үзе алады.
Ферменттердің әсер ету механизмі
3 сатыдан тұрады:
І. Фермент-субстрат комплексінің түзілуі
ІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі
ІІІ. Ферменттің бөлінуі.
І-сатысы. Фермент-субстрат комплексінің түзілуі.
Субстрат ферменттің активті орталығымен байланысады. Бұл әрекеттесу субстраттың химиялық табиғатына тәуелді: егер субстратта зарядталған топтар болса, онда бұл комплекстің түзілуі иондық байланыс есебінен түзіледі. Ал ондай топтар болмаса, сутектік байланыс немесе гидрофобтық әрекеттесу есебінен іске асады.
ІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі
Ферменттің активті орталығындағы активті топтар субстраттағы байланыстарды әлсірете отырып, оған әсер етеді. Бұл кезде субстраттың конфигурациясы өзгеріп, субстрат молекуласының деформациясы, полярлануы жүреді, активтену энергиясы төмендеп, субстарт ыдырайды. Бұл саты өте қысқа уақытта өтеді.
ІІІ. Фермент-реакция өнімі комплексінің ыдырауы, бос ферменттің бөлінуі.
ІІІ сатысы баяу жүреді, бүкіл реакция жылдамдығы осы сатыға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |