ДЕМАЛЫС КҮНІ ЕДІ
сурет. Бір мүшелі хабарлы сөйлемнің интонациялық сызығы.
Егерде бір мүшелі сөйлем бірнеше ырғақты топтан тұрса, топ ішіндегі сөздер екпінмен белгіленбей, ырғақты топтың соңғы буыны акценттеліп мол ұзақтылықпен айтылады. Мұндай сөйлемдердің интонациясы біркелкі, жай толқынды әуенмен ерекшеленеді. Ырғақты топтар арасының паузамен бөлінуі міндетті емес (2-сурет).
КҮН ЖАҢА ҒАНА ШЫҒА БАСТАДЫ
сурет. Бір мүшелі үш ырғақты топтан тұратын хабарлы сөйлемнің интонациялық сызығы.
Күрделенген сөйлем мен құрмалас сөйлемнің және күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық
ерекшеліктері
Қазақ тілінің синтаксисінде құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас және аралас құрмалас деп бөлінеді. Соңғы кезде жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер аралығында тұрған үйірлі мүшелер деп аталатын күрделенген сөйлемдер қайсыбір зерттеулерде жай сөйлем құрамында қарастырылса, енді бір зерттеулерде құрмалас сөйлемдердің құрамында қарастылады.
Ал күрделі синтаксистік тұтастықты алсақ, бұлар бір тақырыпқа байланысты бірнеше дербес жай және құрмалас сөйлемдерден тұратын, көп компонентті құрылымдар болып табылады. Бұларды жалпылама кейде мәтін үзіндісі деп атағанмен, қазақ тілінде бұлардың семантикалық-құрылымдылық ара қатынастары мен интонациялық ерекшеліктеріне әзірше арнайы көңіл бөлінбей жүр.
Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер туралы еңбегінде алғаш рет сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерімен бірге құрмаласа байланысқан сөйлемдердегі интонацияның ролін баса айтады. Сөйлемнің құрмаласу тәсілдерінің ішінде интонациясын олардың ең негізгісі деп есептейді.
Дана бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей тіл әуезінің (интонациясының) құрмалас сөйлемнің әр алуан түрлеріне қандай өрнек болып түсетінін, қандай айшық-ою болып сызылатынын тексеріп көруге болады. Бұл оқулықта түрлі күрделі конструкциялар үшке бөлініп қарастырылады. Оның біріншісі-осы уақытқа дейін жете зерттелмей жүрген (кейде жай сөйлем ішінде, кейде құрмалас сөйлем қатарында), қарастырылып келген, күрделенген сөйлемдер. Екіншісі – тұрақталған құрмалас сөйлемдер. Үшіншісі – тіл білімінде соңғы кезде ғана қарастылып жүрген бірнеше жәй және құрмалас сөйлемдерден тұратын, тақырыбы ортақ күрделі синтаксистік тұтастықтар, деп аталатындар.
Достарыңызбен бөлісу: |