Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет24/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Дип.-Ж.-Ақбаевтың-өмірі-мен-қоғамдық-саяси-қызметі

Ф-ОБ-001/033
нығайту ісіне жәрдемдесуге шын жүректен ұмтылысы “революциялық санасын” таратушылардың өршеленген қарсылығына ұшырады. Ол 1903 жылдан Қазан төңкерісіне дейін үздіксіз қуғынға ұшырап келді, сондықтан жаңа өкімет оны қолдауға тиіс сияқты еді, бірақ Омбы, Қарқаралы, Семей, Павлодар, Қапал және Троицк түрмелерінің тұрақты тұрғыны кеңес кезінде құқық де тыныш қалдырмады.
Қанқұйлы Колчак жендеттерінен сәтін салып кездейсоқ аман қалған патриоттың басына Сталиннің мейірімсіз балтасы төнді. Ж. Ақбаевтың ылғал да суық қапастарда болуы, айдау кездерінде жоқшылық көруі өпкесінің ауыруына себеп болды. Науқасын барған сайын жиі сезініп, үнемі күдік қаупімен жаңадан қудалану қатері төнген Ақбаев 1922 жылы Қарқаралыға қайтып оралды.
Сөйтіп тағы да түрмеге түсті. Бұл жолы Ақбаевқа Алаш буржуазиялық-ұлтшылдық партиясында және “Алашорда” үкіметінде болғаны айып етіп тағылды. Бұл Қазақстандағы қанқұйлы саяси жазалаулардың басы болатын. Ж. Ақбаев кеңес түрмесінің сұмдық жағдайларында екі жыл отырып, еркіндікке титықтап, өте қалжырап шықты. Қол қусырып қарап отыруға дағдыланбаған Ақбаев денсаулығын сәл жақсартып алған соң 1925 жылы Семейге келіп, губерниялық атқару комитетінде, халық сотында әр түрлі қызметтерде істей бастайды. 1926 жылдың шілдесінен 1927 жылғы 13 желтоқсанға дейін ол Семей губерниялық соты жанындағы адвокаттар алқасы мүшесінің міндетін атқарады. Бейнелеп айтқанда, бұл мұхитта жүзетін алып кемені тайыз көлге жүзуге салу, деген сөз еді. Әрине “Алашорда” үкіметінің бұрынғы бас прокуроры, ғұлама ғалым, жоғары класты маман шала сауатты кеңестік шенеунік-сымақтардың қарамағында қызмет ету қорлығы күйінгенді.
Сүйікті ғылымына қайтып оралуы да Жақыптың өмірін еш жақсарта қойған жоқ. Оның 1927 жылы жазылған “ Қазақ халқының шығу тегі туралы” деген сүбелі еңбегінің осы кезге дейін жарияланбауы қатты өкінішті. Осы бір өте құнды, бірегей еңбектің көшірмесін біз Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесі Ғ. Сапарғалиевтің жеке архивінен
33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет