Ф-ОБ-001/033 құқығы ұзаққа созылған тарихи дамудың нәтижесі болып табылады және рулық құрылыс дәуірінде қалыптаса бастаған. Ол Қазақстан аумағында мекендеген және кейіннен қазақ халқының құрамына монғолдардың шапқыншылығына дейін-ақ қоысылып кеткен рулар мен тайпалардың өз ғұрыптары және «рулық құқықтары» болып, оларды тіпті Шыңғысханның өзі де жоя алмағанына кәміл сенген. «Сот реформасы туралы жазбаларында» Ш. Уәлиханов «бізден бұрын жүздеген, мүмкін, мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келген дағдылы құқық нормалары» туралы жазады. Бұл құқылық жүйе сияқты құбылыстың қоғам тіршілігі негізінде, ұзақ кезең ішінде қалыптасуы мүмкін екендігін түсінген ұлы ғалымның ғажайып болжамы еді. Өйткені ол кезде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік ұйымдардың ерте кезден бергі құқылық жүйесін сипаттайтын құқылық та, әдеби де деректемелер ғылымда әлі мәлім емес болатын. Қазіргі кезде де бәрі бірдей мәлім емес және ғылыми айналымға ене қойған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде белгілі деректемелер қазақтың көптеген дағдылы құқық ұғымдары ежелден келе жатыр деп санауға негіз береді. Олар туралы Ж. Баласағұнидің дастанында, М. Қашғаридің сөздігінде, «Кодекс Куманикус» трактатында және басқа шығармаларда көптеген мәліметтер бар.
Ш. Уәлиханов тарихи оқиғалар, әлеуметтік-құқылық өмір құбылыстары қазақ ауыз әдебиетінде, ақындардың, жыршылардың және басқаларының туындыларында көрініс тапқанына назар аударды. « Әдет-ғұрыптармен, мақалдармен, мәтелдермен және халық құқықтарының кодексімен жинақталған, алғанда осы жырлардың бәрі халықтың өткендегі тарихи деректерді толықтыруымызға және олардың шығуын анықтауымызға мүмкіндік береді. Қырғыздардың ежелгі аңыздары мен нанымдарын қандай қаз-қалпында сақтап қалғаны таңқаларлық». Оның пікірнше, адамның өзі қолданылып жүргенде өсіп, тәрбиеленген, өзіне неғұрлым таныс заң халық үшін жақсы болмақ.
Біз қазақтың дағдылы құқығына Ш. Уәлихановтың көзқарастары мен идеяларын қысқаша баяндап өту қажет деп таптық, себебі – ол қазақ халқы өмірінің ерекше жағдайларында оның пайда болуы мен қалыптасуының тарихи
46
Ф-ОБ-001/033 жолын көрсетуге ұмтылған. Ал мұндай көзқарас қазақ құқығының мәнін, сипатын, ерекшеліктерін түсінудің кілті бола алады. Бұл қазақ халқының құқылық және тарихи өмірінде болған түбірлі өзгерістерге байланысты қажет болды. Х1Х ғасырдың басынан патша самодержавиесі қазақ қоғамына елеулі өзгерістер енгізген қалыпты құжаттар қабылдай бастады, олар қазақтар өмірін реттеуге көмектесіп келген құқылық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді түрлі салалардан ығыстырып шығарды. Ш. Уәлихановтың қазақ құқығы саласындағы ең басты мәселелерге арналған ғылыми идеялары патша үкіметінің саясатына айтарлықтай ықпал етіп, қазақ даласын басқару жөніндегі Х1Х ғасырдың 60-70 жылдарындағы құқылық құжатардан көрініс тапты.
Ш. Уәлиханов қазақ құқығының бірқатар өзіндік ерекше белгілерін көрсетіп, оны түсіну негіздерін қалады деуге болады. Жарты ғасырдан кейін бұл іске енді кәсіби-заңгер Ж. Ақбаев өз үлесін қосуға тырысты. Ол көп еңбек жазған жоқ. Өйткені мәселе көп жазуда емес, автордың қандай идеялар: терең, бірегей немесе құрама идеялар айтуында. Ж Ақбаев қазақ құқығының сипаттамасы жөнінде тұңғыш рет бірқатар бірегей идеялар ұсынды. Ж. Ақбаев қазақ құқығы институттарын түсіндіруде психологиялық құқық теориясының принциптері мен идеяларын қолдануға тырысқан бірінші және соңғы қазақ құқықтанушысы болып табылады.
Ж. Ақбаев қазақ құқығы жөнінде объективті құқық және субъективті құқық ұғымын бірінші болып пайдаланды.