Объективті құқық ұғымы. Құқылық жүйенің қалыптасуына байланысты барлық халықтарда тиісті ұғымдар пайда болады. Құқық ұғымын бейнелейтін негізгі термин әділеттілік туралы, ақиқат туралы, шындық туралы түсінікке байланысты. Бұған қазақ құқығының қалыптасу тарихы да кіреді. Алайда қазақтарда құқық ұғымы пайда болуының тарихи тым күрделі, оны әлі ешкім зерттеген емес. Мұндай ұғымның бар екенін заңдар туралы айтылатын Орхан-Енисей ескерткіштерінен бастап ХVI ғасырға дейінгі мемлекеттерде өздерінің құқық туралы түсініктері болған, бірақ олар қолданылып келген құқылық нормалардың жинақталған көрінісі емес еді. ҰҒА-ның корр. – мүшесі Ғ.
47
Ф-ОБ-001/033 Сапарғалиевтің пікірінше, ертедегі түркілер «құқық» ұғымын өздері үшін ең қасиетті «төру» (өмір) деген сөзбен білдіріп, сол арқылы заңның мәнін атап көрсеткен. Бұл термин объективті құқық ұғымын да , жеке заң ұғымын да бідірген. Осы мағынада «төру» сөзі Орхан –Енесей ескерткіштерінде, Ж. Баласағұнидің дастанында, М. Қашқаридің түрікше сөздігінде, Кордексте, «Төру бітігінде» және басқа шығармаларда кездеседі. Қазіргі түрік тілінде «төре» ереже, қағида дегенді білдіреді. Бұл термин қазіргі венгр тілінде осындай мағынасында қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде «төруден» туындаған: «төре», «төрелік», «төрағасы», «төралқасы» сияқты құқылық ұғымдар сақталған. Бірақ бұл терминдердің ешқайсысы қазір құқық сипаттамасына жатпайды. Қазақ халқы құраған түркі тайпалары кем дегенде XVI ғасырдан бастап, тегінде, «төруң» терминін объективті құқық ұығымн білдіру үшін пайдаланбаған болар. Қара теңіздің солтүстігінде тұрып, католик дінін қабылдаған қыпшақтар ғана ежелгі ұғымын сақтап қалған, мұны армиян әліпбиімен жазылып, XVI ғасырда басып шығарылған «Төре бітігі» (Заңдар жинағы) дәлелдейді.
Түркі тілдес тайпалар(ұлыстар) Х-Х1 ғасырлардың өзінде-ақ арабтың (сирек болса да парсының) құқылық ұғымдарын қолдана бастаған. Солардың ішінде құқылық ұғымын объективті мағынасында көрсететін «хұқық» терминінің ерекше мәні болды. Алайда түркі тілдес халықтарда «хұқық» сол мағынасында қолданылған жоқ. Бұл ұғым субъективті құқық мағынасында орныққан, мұны мемлекеттік-құқылық проблемалар туралы мәліметтер бар түркі тілдес әдебиетінің бәрі дәлелдейді. «Құқық» термині орта ғасырдың үздік туындысы – Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанында субъективті құқық ұғымында қолданылған.
Түпнұсқандан екі жол келтірейік:
1560. һәқіппі отәунмәdim mәnin,
1560. Bayat oқ ofәsun заnin, hәкlasin,
«Оны (хақынды) өтемей жаным қалай жай табар,
Хақыңды енді құдай өзі қайтарар».
48