Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет33/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
Дип.-Ж.-Ақбаевтың-өмірі-мен-қоғамдық-саяси-қызметі

Ф-ОБ-001/033
Осы арқылы белгілі тарихшы-ғалым Кереймен және Жәнібекпен бірге халықтың әлдебір этникалық тобы емес, әскери сословие келді деген Ж. Ақбаевтың идеясын жанама түрде құптайтын тәрізді. Ал халықтың этникалық құрамы әскери-саяси бірлестіктің мемлекетке айналуы барысында қалыптасқан.
Қазақ халқының қалыптасуы бейберекет болған деп пайымдаған басқа тарихшылардан айырмашылығы, Ж. Ақбаев оны нысаналы қызметтің нәтижесі деп санайды. Ж. Ақбаевтың пікірінше, қазақ халқы қалыптасуының негізін Қасым хан қалаған. Ол былай деп жазады: «Үш жүз бен қазақ халқын ұйымдастырушы шынында да Қасым хан болғаны «қасқа жол» ұғымымен, ал «ескі жол» Есім ханның есімімен байланыстырылуынан көрінеді».
Халықтың аузында жүрген «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» деген әйгілі аңыздардан өзіндік ерекшелікпен түсіндірілуіне лайықты бағасын беру керек. «Қасқа жолды» халықтың неліктен Қасымхан есімімен байланыстыратынын Ж. Ақбаевқа дейін тарихшылар да, мемлекеттанушылар да түсіндірген емес.
Кейіннен тарихшылар да нақ осындай тұжырымға келді. Батыс Еуропа дербес этникалық қауымдастық ретіндегі қазақтар туралы нақ Қасымхан билеген жылдары білген.
Жоғарыда біз Қасым хан кезінде қабылдаған заңдарды Ж. Ақбаевтың құдай заңы деп санағанын атап өтейік. Мұнда тарихи ақиқаттың белгілі бір кезеңі көрсетілген. Тегінде, Қасым хан заңдарын жасаушылар сол кезде енгізіле бастаған шариғат нормаларына қарсы сақтап қалғысы келген ежелге құқылық ғұрыптарға сүйенген болса керек. Ал осындай жағдайда дағдылы құқық нормаларының көктен келіп түскенін көрсету керек болған. Қазақ халқы тарихының ғұлама білгірі Ә. Х. Марғұлан былай деп жазады: «15ғ. – 16ғ. Басында Бұхардың ишан-қазылары қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, «ежелгі жарғы заңын қалдырыңдар, ол көкке хан билік ететін. Ол Жошыдан тараған сұлтандарды көп табынатын дінсіздіктің ісі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде көк соқсын деп айтпандар, құран соқсын деп,
43
Ф-ОБ-001/033
құранды бастарына көтеріңдер», - деп үгіттейді».
Көшпелі халық шариғат нормаларын қабылдағысы келмей, өздерінің тұрмыс жағдайларына жат ережелерді күштеп тануға тырысқан билеушілерге талай рет қарсы шыққан. Жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасуы жағдайында Қасым хан көшпелілердің тұрмыс жағдайларына сай келетін заңдар жинағын жасай білді. Өзін дербес ұлыс деп ұғынған жаңа этникалық қауымдастық Қасым ханның заңдарын жаңа құқық жүйесі деп қабылдады.
Бұл құқық жүйесі бүкіл халқы бір қазақ ұлысы болған үш жүзге түгел таралды. Қасым хан заңдарының тағы бір ерекшелігі міне осында. Оларды Ж. Ақбаев та нақ осылай сипаттайды. Ол былай деп жазады: «Үш жүздің» немесе тарихи, оның үстіне құдайдан – Айдан берілген заң болып табылады.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардың бәрінен Ж. Ақбаевтың қазақ мемлекетінің , халқының пайда болуы мен құқылық жүйесінің қалыптасу тарихын құқықтанушы-ғалым ретінде өзінше бірегей түсіндіріп берген көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет