Ф-ОБ-001/033 тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінейік, онда «жол» сөзіне айқын мән берілген. Өз тақырыбымызға жақындарын келтіріп өтейік.
1. Алға ұстаған бағыт, бағдар, «Қазақ» газеті төңкерісшіл жол ұстады, халық мүддесін қорғады. Ойы бөлектің, жолы да бөлек.
2. Салт, әдіт-ғұрып, кәде, сый, сыйлық.
3. Ақ жол. Қалың ел құдайына мінәжат етіп, батырларға ақ жол тілеп, құрмалдық отын лаулатты.
4. Ата жолы. Ежелден келе жатқан дәстүр. Ата жолын бұзғанды тыйсаң, әуелі өзіңді тый.
5. Жол бастады. Жолға шыққанда жолды бастап жүру, жол көрсету, бағыт, бағдар сілтеу.
6. Жолға қойды. Тәртіпке келтірді, жүйеге түсірді.
7. Жолға салды. Дұрыс қою, түсінру. Жақсылар жолдан азар ма, ниеті жақсы болған соң. Анты бар: Дайра-байға зайып болман, Ел ғұрпын жерге таптап «тайып жолдан».
8. Жолдан жығылмау. Дәстүрлі, салты жақсы білу, ұстау.
9. Жол көрген. Көпті көрген.
10. Жол көрсету. Жөн сілтеу, үлгі, өнеге көрсету.
11. Жол сілтеу. Бағыт нұсқау, жөн сілтеу.
12. Қасқа жол. Анық, айқын, түзу жол.
13. Оң жол. Дұрыс бағыт.
14. Сара жол. Анық, айқын бағыт.
«Ақ жолды» І. Кеңесбаев «Ақиқат, әділ, адал жол» деп түсіндіреді.
Айтылғандардың бәрі «жол» көшпелі салт жағдайында өмір сүрген қазақ халқы психологиясының ерекшеліктеріне сай келетін құқық ұғымын білдіре алатын және шын мәнінде білдірген терминнің нақ өзі. «Ақ жол», «Ата жолы» арқылы жалпы объективті құқық ұшымын білдіре отырып, қазақ халқының психологиясы өз құқылық жүйесінің ерекшеліктерін көрсетті. Біріншіден, қазақ құқығының аса маңызды қайнары ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген әдет-ғұрып, дәстүр болатын.
50
Ф-ОБ-001/033 Сондықтан құқық (ақ жол) әдет-ғұрып, кәде ретінде қабылданды. Екіншіден, қазақ құқығының ерекше тағы бір қайнары билердің (сот) өнегесі – үлгісі болды. Бұл «жол көрсету», істің түйінін шешудің «жолын тауып беру» сияқты ұғымдардан көрінді. Сот үлгісінің қазақ құқығы дамуында ерекше маңызы болды. Үшіншіден, мемлекеттік анықтамалар да қазақ құқығының даму қайнары еді. Бұл «қасқа жол», «жолға қою», « жолға салу» сияқты ұғымдардан көрінді. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы». Сонымен, «Ата жолы», «Ақ жол» қазақ халқының құқылық санасында объективті құқық ұғымын бейнелейді. Ж. Ақбаев бұл айтылғандардың бәрін түсініп қана қойған жоқ, бұл оның өз халқының құқылық психологиясын терең білетіндігін дәлелдейді, сонымен қатар ол ұлттық құқылық санаға сай келетін құқық анықтамасын берген алғашқы құқықтанушы – ғалым да болды. Ж. Ақбаев құқық ұғымын білдірудің аталған үш әдісімен қатар құқық ұғымын білдіретін төртінші әдісі де бар, атап айтқанда ол «жол» деген сөз деп жазады. Бастапқыда «жол» кәдімгі жүретін «жол» мағынасында қолданылған, ал сонан соң бұл сөз құқық мағынасында да қолданыла бастаған, демек, қырғыздар «жол» сөзіне екі жақты мағына беріп, бұл сөзбен кәдімгі жолды да, құқықты да айтады. Таза психикалық құқық ұғымын білдіру үшін қырғыздар, басқа да халықтар сияқты, материалдық дүниеден алынған сөзді пайдаланған. «Право» деген орыс сөзі сияқты, французша droit сөзі де «оң» (оң жақ) деген сөзден шыққан.
Құқыққа Ж. Ақбаев берген анықтамаға тән жәйттер мен оның мағынасы қандай ?
Бірінші. Ж. Ақбаев қазақтардың құқыты «жол» деген термин арқылы, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін, адамдар құқық қатынастарына түскен жағдайда олардың арасындағы проблемаларды шешудің көрсеткіші болатын құрал ретінде түсінгеніне күмән келтірген жоқ. Бұл жерде өте елеулі бір жағдайға назар аудару керек. Құқықты «жол» (даңғыл жол) деп сипаттай келіп, Ж. Ақбаев мұны оның мәнін көрсету қажет деп есептемейді. Бұл жаңсақтық немесе құқық табиғатын жете түсінбегендік емес. Біздің пікірімізше, Ж. Ақбаев
51