Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет11/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Байланысты:
Дип.-Ж.-Ақбаевтың-өмірі-мен-қоғамдық-саяси-қызметі

Ф-ОБ-001/033
самодержавиенің жартылай феодалдық, демократияға қарсы, монархиялық мемлекетінде лауазымды адамдар тарапынан туындайтын наразылықтың тіпті болмашы көрінісін де мемлекеттік механизмнің барлық буындары дұшпандық әрекет деп қабылдайтын. «Саяси сенімсіз» болып шықпау үшін асқан сақтықпен жұмыс істеу, патша шенеукінтерінің қызметін «қопармау», қолданылып жүрген заң ережелерін қиянат жасап пайдаланбау, үнемі бұзуға жол бермеу керек болатын.
Бірақ адвокат болған соң Ж.Ақбаев әдеттегі шағым жазушы, заң жүзінде өтініш жасаушы болып қалғысы келмейді. Қорғаушы кәсібіне ол жай ғана заңгер-формалист ретінде қараған жоқ, қайта заң бұзылуының бастапқы себебін табуға, нақты тәртіп бұзушыларды, сондай-ақ құқық бұзушылық субъектілері басшылыққа алған жеке дәлелдерді анықтауға ұмтылды.Ж. Ақбаев жазған құжаттарға (шағымдарға, өтініштерге және т.б.) жасалған талдау оның патша заңдарын, соның ішінде Дала өлкесін басқаруға қатысты ережелерді терең білетіндігін көрсетеді. Оның үстіне «жазда ата – анасының қозысын, қыста қойын бағып» ауылда өскен Ақбаев өз руластарының, әрбір екі-үш жылда өтіп тұратын сайлаулар кезінде қандай ұсақ саяси тартыс тұтынатынын, оларда ең басты қатысушы кейіпкерлер уездік лауазымды адамдар, сондай-ақ ауыл старшындары мен болыс қызметіне үміткерлер болып келгенін бала кезінен көріп өскен. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ даласы үшін “сайлаулар” бітіп болмас оқиғалар болып келді, өиткені сайлаудан кейін сайлау туралы заң ережелерінің бұзылуына байланысты олардың нәтижелерінің күшін жою жолындағы күрес басталатын. 1890 жылғы 17 наурыздан Әскери министрдың атына жазылған бір жазбада Түркістан өлкесіндегі сайлау былай суреттелген: “Жаңа сайлау уақыты туатын әрбір үш жыл өткеннен кейін бүкіл халық өз кандидаттарын ұсынған нақ қандай партияның жеңіп шығатынын күтіп, шиеленіскен мазасыз жағдайға көшеді. Мұндай жағдай халықты сыйлаудың өзін өткізу кезінде ғана билеп қоймайды, одан әрі, сайлау нәтижелері қаралып, түпкілікті бекітілгенге дейін де созылады… Осы уақыттың бәрінде жеңіліс тапқан партиялар сайлаушылардың сатып алынғаны
16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет