Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет12/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
Дип.-Ж.-Ақбаевтың-өмірі-мен-қоғамдық-саяси-қызметі

Ф-ОБ-001/033
және сайлау кезінде алуан түрлі қателіктерге жол бергені жөнінде толып жатқан хабарлар, шығымдар және т. б. арыздар береді. Сайлаудың өзімен қоса – қабат халық тарапынан тәртіпсіздіктер, тіпті орыс өкімет орындарына бағанбаушылықтар орын алады. Осы жағдайлардың бәрі облыстық әкімшілік тарапынан жауап алуға, ал сонан соң формальды тергеу тағайындауға мәжбүр етеді…”.
Бұл арада бір маңызды жағдайды айта кеткен жөн. Сайлау кезінде және одан кейін далада болған тәртіпсіздіктер үшін барлық кінәні отаршыл шенеуніктер жергілікті халыққа жауып жүрді. Ал Дала ережесінде сайлаудың шелеуліктерге халықты топтарға, партияларға бөлу үшін қолайлы жағдай жасайтын құқықтар мен мүмкіндіктер беретін және оларды пара алу жолымен өздерінің баюы үшін пайдаланатын тәртіп белгіленген еді. Алайда бұл адамдар тасада қала беретін, өйткені далада, бір жағынан, халыққа Дала ережесінің отаршылдық мән – мағынасын түсіндіретін, ал екінші жағынан, далада озбырлық пен қылмыстың кең таралғанын қорықпай жаза алатын адам болмады. Отаршыл шенеуніктердің аса зор өкінішіне орай, ХХ ғасырдың басында далада осындай адамдар пайда бола бастады. Ж. Ақбаев сондай адамдардың бірі болды, білімі терең және борынша батыл болған ол халықтың қанын сүліктей сорған зорлықшыларға тау селіндей тасқындап шүйлікті. Ж. Ақбаев өз руластарына билік жүргізуге жан салатын дала байларының періште емес екенін және топшылдықты, ұсақ саяси тартыстар мен араздықты нақ орыс шенеуіктердің тұтатып, қолдап отыратынын көрсетті. Бұл орайда олар екі мақсатты: 1) жеке басының баюы; 2) қазақтардың ұлттық және саяси топтасуына жол бермеу мақсатын көздеді. Ж. Ақбаев, оны қолдаған серіктері
осының бәрін халыққа түсіндіруге тырысты. Ж. Ақбаев өзінің өтініштері мен шағымдарында негізінен шенеуніктердің қиянат жасауы мен парақорлығына назар аударып, сонымен бірге ұсақ партиялық топтардың ұйымдастырылуына нақ солардың себепші болып отырғанын атап көрсетті. Отаршыл шенеуніктер Ақбаевтың өз қылмыстарына ғана қарсы күресіп жүрмегенін, оның отаршылдық құрылысқа қарсы қоғамдық сананы қалыптастырып жүргенін
17
Ф-ОБ-001/033
ұғынды да, түсінді де. Сондықтан да олар Ж. Ақбаевты үкімет орындарына тым қауіпті адам деп, өздерінің арам пиғылын ашықтан-ашық дәрежеде жүзеге асырды. Ж. Ақбаевтың 1907 жылдан кейінгі өмірі тек қана жер аударулардан, қылмысты жауыпқа тартулардан, қуғыннан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет