Ф-ОБ-001/033 полицияның жария бақылауындағы жағдайы мерзімін ұзарту мүмкін деп тануға болмас па екен” (211-б),
Ж. Ақбаев 1910 жылғы ақпанның 1912 жылғы ақпанға дейін Троицк қаласында айдалу мерзімін өтеді. Бұл “Айқап” жураналындағы мақалалардың жазылу мерзіміне сәйкес келеді, өйткені оның редакциясы нақ сол Троицкіде болатын. Өкінішке қарай, Ж. Ақбаевтың бүркеншік аттары әлі күнге дейін анықталған жоқ. Егер олар анықталса, Ж. Ақбаевтың “Айқапта” жарияланған басқа да материалдарын анықтауға болар еді.
1912 жылдың ақпанында туған жері Қарқаралыға қайтып оралған Ж. Ақбаевқа полиция көз жазбай қадағалау жасап отырды. 1913 жылы онда Ш. Уәлихановтың досы, қазақ мәдениеті мен ауызекі шығармашылығын зерттеуші әрі құрметтеуші Григорий Потанин келеді. Оның қазақ даласына осы соңғы саяхаты шалғайда жатқан уездік Қарқаралы қаласы үшін елеулі оқиға болды. Қазақтың болашақтағы тұңғыш математика профессоры Ә. Ермеков еріп келген Г. Потаниннің осы сапары, оның нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Н. С. Смирнованың редакциясымен шыққан “Г.Н.Потанин жинағындағы қазақ фольклоры” деген кітапта (А.,1972) баяндалған. Алайда, онда неге екені белгісіз, Г.Н. Потаниннің Ж. Ақбаев ауылында құрметті қонақ болғаны айтылмайды. Ал ол құқық магистріне қонаққа арнайы келіп, оның қабылдауына өте риза болып кеткен.
Зерттеушілер Ю. Попов пен В. Новиков “Григорий Потаниннің соңғы саяхаты” деген еңбегінде былай деп атап көрсетеді: “Саяхатшылар ат басын Ақбаевтың ауылы орналасқан Майбұлаққа бұрды. Жақып Ақбаев мырза қазақтың тұңғыш құқықтанушысы болатын. Ол Петербург университетін бітіріп, Омбы сот палатасында қызмет істеді. Географиялық қоғамның да мүшесі болған Ақбаев Г.Н. Потанинді жақсы білетін. Сондықтан ол меймандарды құшақ жайып, қуана қарсы алды… Г.Н. Потанинге әрі пайдалы, әрі ұнамды ету мақсатымен Жақып Ақбаев музыкалы-әдеби кеш өткізді. Онда мектеп пен гимназия оқушылары ән шырқап, өлеңдер оқыды, ұлттық музыкалық шығармаларды орындады” (“Индустриальная Қарағанда”, 1969, 17 қыркүйек).
28
Ф-ОБ-001/033 Ұзаққа созылған әрі титықтатып шаршатқан айдаудан қайтарып оралып, әбден тыныққан соң Жақып 1914 жылдың жазында өзін Омбы сот палатасына қызметке қабылдауға өтініш берді. Алайда оның өтініші “саяси сенімсіздігі”, “ мемлекеттік құрылысқа қарсы сөйлеген сөздері”, “ бұратаналарды азаттық күреске шақырғаны”, “ұлы мәртебелі патшаға тіл тигізгендігі” және басқа да қылмыстары үшін қабылданбай тасталды. Ж. Ақбаев езілген жерлестерінің мүдделерін қорғап, адвокаттық практикасымен айналыса бастады.
Ол өзіне қатер төнгенін сезініп, жерлестерінің мүдделі адамдар ұйымдастырған орынсыз тиісулерінен мазасызданып, Ботовтан (Қояндыдан) 1915 жылғы 26 маусымда Семей губернаторының атына мынадай жеделхат жолдайды: “Мені ғайбаттанушылардан қорғауды, барлық басқарушылардан, бастық Проховтан менің қызметім туралы жауап алуды өтінемін. Құқық кандидаты Жақып мырза Ақбаев”.
Семей губернаторының міндетін атқарушы Ф. Чернецов, вице-губернатор Сайлотов, кеңесші Красновский 1915 жылғы 26 маусымда полиция департаментіне Ақбаевты қамауға алу үшіне негіз жеткіліксіз деп көрсетті. Алайда сол жылдың күзінде Жақып қайтадан түрмеге түсті.
Қуғындау мен қудалаудың осы жаңа кезеңі туралы Ж. Ақбаев өмірбаянында былай деген: “1915 жылдың күзінде жандармдар мені қылмысты істердің әйгілі 103,108 129-тармақтары (ұлы мәртебелі патшаға тіл тигізу, мемлекеттік құрылысты өзгерту мақсатымен үгіт-насихат жұмысын жүргізу) бойынша айыптады. Бұрынғысы сияқты, мені тұтқынға алып, содан соң этаппен Павлодар түрмесі арқылы Семейдегі түрмеге жеткізді. Онда сасық, ылғал, суық бір орынды, қос құлыпты камераға қамады. Ал Павлодардан Семейге мені тұруға да, отыруға да мүмкін емес тар қапасқа қамап апарды”.
Ақбаевтың Семей түрмесінде қанша уақыт болғаны белгісіз. Біз бұл туралы архив деректерін таппадық. Алайда, Ақбаевқа қатысты басқа да архив материалымен таныса келіп, ол қамаудан 1917 жылдың басында шықты деп жорамалдауға болады.
29