Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет42/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Дип.-Ж.-Ақбаевтың-өмірі-мен-қоғамдық-саяси-қызметі

Ф-ОБ-001/033
будун қанын болмайтын табғачда адырылты канланты…Теңрі анча теміс ерінч кақ бердім - өз ханы болмаған түрік халқы табгачтардан бөлініп шығып, өз ханы болды… Көк міне былай деген деп ойлау керек: «Мен саған хан бердім». » Демек, хандардың және олардың заңдарының көктен берілгені туралы ғасырлар қойнауынан келе жатқан түсінік Ж. Ақбаевтың пайымдауларынан көрініс тапқан. Ж. Ақбаев пікірлерінде халықтың өзінің құқылық жүйесі туралы, заңдар туралы түсінігі берліген деуге болады. Заңдарда адамдар жасайтын болғанымен, Ж. Ақбаевты құқықты құдайдай көрді деп кінәлауға бола қоймас. Біздің бұрын атап өткеніміздей, ол құқықтың халықтың тұрмыс жағдайларымен байланысын көрсетті. Сонымен бірге Көк пен Айды теңестірумен келісуге болмайды. Түркілер, қазақтар Көкке – тәңірге табынған, бірақ Айға, осы бір керемет аспан денесіне зор құрметпен қараған. Сондықтан Айды ең жоғары сезімдерін білдіру үшін пайдаланған және ерлерге де, әйелдерге де соның атын берген. Мысалы, Ж. Баласағұни дастаны «Құтты біліктің» атақты кейіпкері - «Айтолды». Ал әйелдердің есімдері - «Айгерім», «Айжан», «Айкүміс».
Ж. Ақбаев қазақтардың неке құқықтары мәселесі жөнінде бірқатар бағалы идеялар айтқан. Қазақтардың неке құқығы туралы мақала жазылған кезге қарай қазақ ғалымдарының да, орыс ғалымдарының да қазақтардың отбасы-неке құқығы туралы заң әдебиеті бай болатын. Отбасы-неке проблемаларын зерттеушілердің көпшілігі оларға этнографиялық тұрғыдан қарады. Олар құда түсу, тойға әзірлену ғұрпын, оның өткізілуін сипаттады, бұл үрдіске қатысушылардың қатынастарына этникалық баға берді. Ж. Ақбаев неке қатынастарының кейбір түйінді мәселелерін құқылық тұрғыдан қарастырады. Бұл орайда ол жекелеген құқылық терминдердің этимологиясын анықтауға әрекет жасайды.
Жазу-сызуы бар халықтарда, әдетте, некеге тұру үшін жазбаша шарт жасалады. Ал қазақтар шарт жасамаған, неке байланыстарын діни мекемелерге де, мемлекет те тіркемеген. Қазақтарда ауызша неке шартының өзіндік ерекше нысандары қалыптасқан, оның құқылық негізі ерекше заңдық фактілерден
57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет