Ф-ОБ-001/033
барлығын.
5581. Екіншісі, қазына хакын жемесін, Ей колы ашық, дәл уағында төлесін.
5583. Өтер болсаң, сен өзіңнің хақыңды, Олар да өтер қарызынды ақынды.
«Хақ» термині одан кейін де субъективті құық мағынасында қолданылған. Ол әділеттілікті, ақихат пен құдайды білдіру үшін пайдаланылған. Сонымен бірге шетелдік «хақ» термині ғажайып өзгеріске ұшыраған. Өз мәнінде қала отырып және түркі халықтардың құқылық санасына еніп, «хақ» термині «Ақ» (әппақ) деген нағыз түркі сөзі түрінде егіздің сыңарын тапқан. Ал бұл сөздің қазіргі кезде де оның мың жыл бұрын болған мәнінде қолданылып отырғанына еш күмән жоқ. «Кодекс болған Куманикуске» (Х111 ғ.) жүгінейік, онда латын сөздерінің түрік тіліндегі мәні берілген:
латынша түрікше қазақша
colores чаndlач түстер (рең)
albun ac ақ
niqrum chara қара
blaum coc көк
janum sari сары
Сөздікте «Ас» (Ақ) сөзінің түсті білдіруінен басқа мәні бар. Тазалықты, ақтықты білдіретін «ақ» сөзі кейін арабтың «хақ» терминімен үндестігі себепті жаңадан әділеттелік, ақихат, шындық мағынасына ие болған. Ж. Ақбаевтың «ақ» сөзінің құқылық мәнін негіздеуден тұратын ғылыми еңбегін атап өте келіп, сонымен бірге оның қазақтар «хақ» сөзін «ақ» деп өзгерткен деген пікірмен келісу қиын. Қазақтар ертедегі кезден бері бүгінгі күнге дейін «хақ» сөзін оның өз мағынасында қолданып келді.
Жоғарыда атап атілгеніндей, қазақ қоғамында Қасым хан билеген кезінде орныққан құқылық жүйені халық «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. Ж. Ақбаев «қасқа» сөзіне «бастың қасқасы, жарық, шырақ, ай» деген түсіндірме береді. «Қасқа жол» деген қос сөзді Ж. Ақбаев: «Қасқа жол – Айдың (құдайдың) құқығы немесе заңы, қасиетті құқық», - деп түсіндіреді. Оның
55
Ф-ОБ-001/033
пікірінше, «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі басты заң. Ж. Ақбаевтың осы пікірлерін анықтап көрейік. Ж. Ақбаевтың «қасқа» сөзі мәндерінің бірі – ай деп санайтыны «ай қасқа», «ай маңдай» тіркестерінің «қасқа» ұғымын білдіретіндігін аңғартуы болар. Әйтпесе қазақтар «айды» ешқашан «қасқа» деп атаған емес. Ал сонымен бірге «қасқа жол» деген қос сөз шынында да құқылық нормалар жүйесі (жиынтығы) ретіндегі құқық туралы халықтық ұғымды білдірген. Ж. Ақбаевтың «қасқа жол» - «қасиетті құқық» деген пікірімен келісуге болады. Мұнда асыра айтқандық жоқ. Егер халық құқықты әділетті құбылыс деп қабылдаса, әрине, ол халық үшін қасиетті болған. Бірақ Ж. Ақбаевтың «қасқа жолды» да «ай (құдай) заңы» деп атағанымен келісуге бола қоймас. «Қасым ханның қасқа жолы- Қасым хан кезіндегі құдай заңы» болатыны неліктен? «Бұл арада мәселе, - деп жазады Ж. Ақбаев, - жазылып қойған заңдар немесе құқықтар жайында болмай, қайта құқық – айдан – құдайдан келген көк заңы туралы проблема айтылып отырғаны күмәнсіз. «Қазақ» деген халықтың және үш бірліктен тұратын «үш жүз» саяси одағының немесе қазақтың «үш жүзі» одағының құрылуы туралы заң, кезінде ҚҰДАЙДАН – АЙДАН рұқсат алған заң осындай естен кетпес әрі тарихи, оның үстіне айдан – құдайдан шыққан заң болып табылады»
Келтірілген пікірде кейбір қызықты және онша айқын емес жайлар бар. Біріншіден, Ж. Ақбаев қазақ қоғамының заңдары немесе құқығы жазылмаған деп санайды. Басқаша айтқанда, олар «құдайдан - айдан» берілген. Белгілі бір дәрежеде Ж. Ақбаевтың айтқаны дұрыс. Көптеген құқылық нормалар би үлгісінің (өсиетінің) нәтижесі ретінде, сөз жоқ, жазылмаған болатын. Сонымен бірге қазақтарда жазылған заңдардың болғанын толық теріске шығарудың негізі бола қоймас. Мысалы, ХVI ғасырда «Төру бітігі», яғни қыпшақ заңдарының жинағы осындай жазылған заң болды, оны әлі де зерттеу керек. Екіншіден, Ж. Ақбаевтың құқық, заңдар қазақтарға Көктен берілген деген пайымдаудың тарихи түсіндірмесі бар. Ертедегі түріктер, қазақтардың бабалары, өздеріне құқықтың, заңдардың Көктен (тәңірі) берілгеніне сенген. Орхон-Енесей ескерткішінде Тоныкөктің құрметіне мынадай жазба бар: «турк
56
Достарыңызбен бөлісу: |