Ф-ОБ-001/033 тұратын. Ж. Ақбаев былай деп жазады:«Қырғыздарда алғашқы неке шарты «қарғыбау» деп аталатын тартулармен бекітіледі. Көп жағжайда 1 түйеден және 1 жылқыдан тұратын бұл тартуды күйеудің ата-анасы жасайды. «Қарғыбау» сөзі: а) «бау» - жіп (шынжыр) деген сөздерден шыққан. Көрініп отырғанындай, «қарғы бау» тарту бір кезде қалыңдық пен қүйеудің ата-аналары арасында заңдық қатынастардың және мәңгілік байланыстың пайда болуына жәрдемдескен фактор қызметін атқарған. «Қарғы бау» тарту беріліп, алынғаннан кейін құдалар бір-біріне үйдің жанына қазыққа шынжырланған иттер сияқты байланып, маталған болды».
Ж. Ақбаев қазақтарда неке шарты бір-бірімен дәйегі де қисынды түрде байланысқан бірқатар заңдық фактілер негізінде пайда болатынын бірінші рет түсініп, көрсете білді. Неке шарты пайда болуы заңдылық факт қызметін атқарған «қарғы баумен» байланысты. Ж. Ақбаев «қарғы баудың»бір кезде заңды қатынастардың пайда болуына жәрдемдескен фактор қызметін атқарғанын арнайы атап көрсетеді. Сірә, ХХ ғасырдың басына қарай-ақ «қарғы баудың» бұрын болғанындай құдіретті заңды мәні болмаса керек. Сондықтан ол заңды мәнінен айырылған немесе онысын жоғалтқан. Мұндай пайымдаудың кейбір негіздері бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «қарғы баудың» бір мағынасы туралы былай делінген:
«Құдаласқан адамның қалың малдың сыртында беретін ырымы». Көрініп отырғандай, авторлары «қарғы бауға» заң жүзінде мүлде ешқандай мән бермейді, өйткені оны «ырым» деп санайды. Бұған дәлел ретінде М. Әуезовтің «Қараш-Қараш» деректі хикаясына сілтеме жасалады: «Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай болып ақылдасып, Бәйтен аулына қарғы бау мен қалың малды бірге қосып, қарбытып бір-ақ беріп жіберген».
Ж. Ақбаев «қарғы бау» мәнін түсінуге ғалым ретінде қарайды. Арнаулы құбылысты, бұл ретте неке шартын сипаттау үшін оның элементтерінің бастапқы мағынасының маңызы бар. Тіпті «қарғы бау»дербес заңдық мәнін жоғалтқан кездің өзінде де ол, дегенмен, неке шартын жасауға бағытталған
алғашқы қадам ретінде одан әрі өмір сүре берді.
58