Ф-ОБ-001/033 жинағының әрқашанда аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен байланысты шығындығынан да болатын. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы». Сондықтан қазақ қоғамында 1917 жылға дейін болған құқықты «қазақтың дағдылы құқығы» деп емес, қайта «қазақ құқығы» деп атау тарихи және ғылыми жағынан дұрыс болады. Қазақ құқығының бұлай аталуы құқылық әдет-ғұрыптың да, сондай-ақ кейбір реттерде (аса көрнекті билердің шешімдері) би (сот) өсиеті ретінде құқылық мән алған би шешімлерінің де маңызын ешбір кемітпейді. Керісінше, би өсиеттері санының едәуір көп болуы олардың авторларының белгісіз емес, қайта олардың болғанын атап көрсетеді, мұның өзі
құқылық әдет-ғұрыпқа тән. Құқық магистрі Ж. Ақбаевтың қазақ құқығын анықтауға сіңірген ғылыми еңбегін атап өте келіп, сонымен бірге оның бұл проблема жөнінде айтқандарының бәрімен бірдей келісуге бола қоймады. Ж. Ақбаевтың кейбір пайымдаулары, біздің пікірімізше, өмір шындығына сай келмейді немесе кем дегенде, даулы болып табылады. 1927 жылы жазылған «Қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыптағы баяндаманың тезистерінде» Ж. Ақбаев «қасқа жол», «ескі жол», «ақ жол» сияқты қазақ құқығын түсіну үшін түйінді терминдердің этимологиясын анықтауға әрекет жасады. «Ақ» сөзінің шығуын түсіндіргісі келген Ж. Ақбаев былай деп жазады: «Қазақ тілінде «Х» әрпі жоқ, ал арабтың «хақ» деген сөзін қазақтар «Ақ» (ақ-хақиқат) деп өзгерткен де, бұл сөз қазақтарда азаматтық құқық алған».
Шынында да, «Хақ» термині арабтардан алынған. Көпше түрінде «хұқұқ» болып айтылатын «Хақ» құқық, ақиқат, шындық, әділеттілік дегенді білдіреді. Ол түркі халықтардың тілдерінде Х1 ғасырда тез енді. Оны Ж. Баласағұни кеңінен пайдаланған. Оның философиялық – құқылық шығармасы «құтты білікте» «хақ» жиі қолданылады. Аталған дастаннан кейбір жолдары келтірейік. Онда бұл термин субъективті құқық ұғымын білдіру үшін қолданылған.
5579. Бұқарада үш хақың бар сенің де, Құлағыңа құй оларды тегінде:
5580. Біріншіден, қадірленсін жарлығың, Не болса да тез тындырсын
54