Тақырыбы: Жайық Бекторов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлдарының өмірі мен шығармашылығы Жайық Бектұров



бет2/6
Дата26.12.2023
өлшемі56,21 Kb.
#143931
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БАяндама шәкәрім ворд Мағжан

Хронология

  • Алматыдағы Жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебін (1934), ҚазМУ-ді (1955) бітірген.[3]

  • 1930—1931 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданында мұғалім болған.

  • 1934—1937 жылдары Қазақ өлкелікТүркістан облысы АрысМақтаарал ауданы комсомол ұжымдарында жауапты қызметтер атқарды.

  • 1937—1938 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті редакторының орынбасары,

  • 1937—1942 жылдары “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде тілші, Жамбыл облысы “Еңбек туы” газетінде редактор болды.

  • 1948—1950 жылдары ҚарағандыТалдықорған қалаларында мектепте мұғалім, облыстық газеттерде жұмыс істеді.

  • 1958 жылдан ұзақ жыл Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарды.

Еңбегі
Бектұровтың алғашқы әдеби сын мақалалары, эсселері, өлеңдері 1928 жылдан баспасөз беттерінде жариялана бастады. Көркем аударма саласында да қалам тартты.

  • Д.Дефоның “Робинзон Крузо”, А.Чапыгиннің “Степан Разин” романдарын, Л.Пантелеевтің әңгімелер жинағын, Д.Львович, Ш.Петефи, Г.Серебрякова, Я.Гашек шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ш.УәлихановЫ.АлтынсаринГ.ПотанинӘ.БөкейхановАхмет БайтұрсынұлыӘ.ЕрмековӘ.Марғұлан, тағы басқа туралы естеліктер, әдеби портреттер жинағының авторы.

  • 20 ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін шындығын ашық жазып, қоғамда әлеуметтік әділдік принципінің орнығуына ықпал етті.

  • «Түнгі сарын» (Ә.Әзиевпен бірге, «Советтік Қарағанды», 1960, 23-қараша),

  • «Жүректе қалған бір бейне» («Коммунизм нұры», 1967, 22 желтоқсан) мақалаларында М.Әуезовтен қалған әдеби мұралардың мәңгі өлмейтінін, оның болашақ ұрпаққа да рухани азық болып қала беретінін жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет