Тақырыбы: Жол таңбаларының белгіленуі Мақсаты



бет1/3
Дата29.12.2023
өлшемі25,02 Kb.
#144603
  1   2   3
Байланысты:
Жол таңбаларының белгіленуі


Бекітемін
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар У.Батырбекова
Күні: 19.10.2023 ж.
Тақырыбы: Жол таңбаларының белгіленуі
Мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруін ескерту, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету.
2. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүруіп тұруын, жол белгілері бойынша қиылыстан, бұрылыстан өтерде жол ережелерін есте сақтай білу қасиеттерін дамыту.
3. Жол белгілерін жатқа білуге, сақ болуға, мәдениетті сөйлей білуге, өзара достыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік АКТ, жол белгілерінің суреттері, үлестірме қағаздар
Жұмыс кезеңі Қатысушылардың іс әрекеті Уақыт
Психологиялық
сәт
Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. «Амандасу» бағдаршам түстері бойынша: оқушылар алдарына берілген бағдаршам суретінің әр түсіне екі оқушының атын жазады, содан кейін сол түске сай амандасады. Қызыл түс – қолыңды бұлғап амандас Сары түс – қолын алып амандас Жасыл түс- құшақтасып амандас Жасыл, қызыл, сары жетондар арқылы топқа бөлінеді. 1. «Жол сақшылары» 2. «Жаяу жүргінші» 3. «Жол белгілері» 5 мин
Мұғалім сөзі: Қазіргі таңда адам өмірінде көліктің пайдасы мен маңызы зор. Ертеде көліктің орнына қазақтар ат пен түйені, үнділіктер пілді, өзбектер есекті, тау халықтары өгізді пайдаланған. Қазірде қала ішінде автобусқа, алыс жаққа баратын болсаңдар пойыз, ұшақ тәрізді көлік түрлеріне мінесіңдер. Ол үшін жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білу керек. Көліксіз жүріп-тұру мүмкін емес. Біз демократиялық құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әр адам құқықтарын білу керек. Қарапайым көшені алсақ, оның өзі бір заңдылықтарға бағынады. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Бағдаршам қалай пайда болды? Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда.
Топтық жұмыс
Сабақ барысы:
1) «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады)
2) «Жол ережелері» («Жалғасын тап» деген ойын)
3) «Кім тапқыр?» (жұмбақтарды шешу)
4) «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі)
5) Ситуациялық сұрақтар (көрініс)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет