4. «Кім жылдам?» деп аталады, әр топқа бірдей үлестірме қағаздар беріледі, тақтада тұрған жол белгілерінің суреттеріне сәйкестендіріп жабыстырасыздар. Сергіту сәті. Кел, достарым,ойнайық, Ойнайық та, ойлайық Босқа бекер тұрмайық, «Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық! Ойын «Қызыл, сары, жасыл» Бағдаршамның қызыл түсін көрсету. Оқушылар орындарынан тұрады Тоқта! Бағдаршамның сары түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек – кезек қарап дайындалады Дайындал! Бағдаршамның жасыл түсін көрсету Аяқтарын топ-топ басады.
Жұптық жұмыс 1. Жол белгілері не үшін керек?
2. Жолда жүру ережесі қай жылы қабылданған?
3. Жиек жол дегеніміз не?
4. Жаяу жүргінші қай жермен жүреді?
5. Қандай белгілерді білесіңдер?
Ситуациялық сұрақтар 1. Сен ауылды жерде тұрасың, ол жақта ешқандай жол белгілері мен бағдаршам жоқ. Сен жолды өту үшін істер едің.
2. Сен жолдан өтуге жақындағанда бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап тұрды, сенің жаныңда бастауыш сынып оқушылары жолдан өткелі жатыр. Сен не істер едің?
3. Сен досыңмен киноға асығып бара жатырсың, досыңның құлағында наушник. Жаяу жүргіншілер өтпесінен досың жүгіріп өткісі келді, сен не істейсің?
Өлең құрастыру _______________ БАЛАЛАР
_______________ТРОТУАР
_______________ҰМЫТПА
_______________САҚТА
Рефлексия «Бағдаршам» әдісі. Құрметті оқушылар! Бүгінгі жол белгілері арқылы, жол қауіпсіздігін білетін болдыңыздар. Жолда жүру ережесіне мұқият болу керек. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі – заңды тәртіп, Ол ортақ! Үлкен – кіші, баршамызға, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!