Тақырыбы: Жол таңбаларының белгіленуі Мақсаты



бет2/3
Дата29.12.2023
өлшемі25,02 Kb.
#144603
1   2   3
1. «Сұрақ-жауап»
1. Бағдаршам деген не? (Жол бойының қозғалысын реттейтін құрал)
2. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? (жасыл)
3. Көлік күтетін жерді қалай атайды? (аялдама)
4. Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? (жүргіншілер)
5. Автобус тоқтайтын жерді не деп атайды? (аялдама)
6. Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді? («Тоқта» дейді)
7. Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? (14 жастан)
8. Бағдаршамда неше көз бар? (Үш көзі бар: қызыл, сары, жасыл)
9. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық. (ақжолақ)
10. «Жолаушылар» деген кім? (көлікке мінетін адамдар)
11. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)
12. Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
13. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)
14. Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетін жолмен /пешеход/ өту керек)
15. Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 5 мин
2. «Жол ережелері» Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді.
1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2. Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.
4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.
5. Транспорттың артына жабысуға болмайды, құлап, апатқа ұшырауын мүмкін. 6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.
3. «Кім тапқыр?»
Екі аяқты, бір ізді
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің
Аяғымды жүргізді. (велосипед)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (полиция қызметкері)
Қозғамасаң – құлайды,
Сүйемесең – сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар? (велосипед)
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. (бағдаршам)
Көше бойлап аяндайды,
Адам тасып аялайды (автобус)
Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет