Карбонизация:карбонизация сатысынан кететін (СО2-ің аздаған мөлшері аулап алынумен өтеді) газды аммиактан тазалау, алдын-ала карбонизациялау, тұндыру колонналарында NaНCO3-ті бөліп алып карбонизациялау;
Сүзу: NaНCO3-ті сүзгіштерде сүзіп алу және вакуум-насостармен ауаны сорып алу;
Аммиактік регенерациялау (дистилляция) :сүзілген сұйық құрамындағы аммоний карбонаттары мен гидрокарбонаттарын дистилляцияның конденсаторы мен жылу алмастырғышында алдын-ала қыздырып диссоцияциялау, араластырғышта қыздырылған сұйықтың әкті суспензиямен араласуы мен әрекеттесуі және дистиллерде аммиактік айдау.
Аммиактік әдіс. Бұл әдістің бірнеше маңызды артықшылығы бар:
осы әдісті іске асыруға қажетті шикізаттар-ас тұзы және кальций карбонаты жеңіл алынатын,
кең таралған арзан заттар.
әдістің жақсы зерттелінгендігі және технологиялық үдерістердің бір қалыпқа келгендігі мен тұрақтылығы; алынатын өнімнің жоғары сапалылығы;
кальцинирленген соданың салыстырмалы арзан өзіндік құны.
Аммиактік әдістің кемшіліктері: