Тақырыбы: Кіріспе. Зақымдану. Компенсаторлық-бейімделу реакциялары



бет21/23
Дата10.05.2022
өлшемі44,83 Kb.
#33944
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Аллергиялық некроз организмнің әртүрлі әсерлерге сезімталдығы артып кеткенде байқалады. Оның мысалы ретінде жоғары сезімталдықтың жедел түрінде дамитын Артюс синдромын келтіруге болады.

Қан тамырлық некроз ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда кездеседі. Оған қан тамырларының эмболиясы нәтижесінде дамитын жүрек инфаркты, өкпе инфаркты, ішек гангренасы мысал бола алады.

Морфологиялық өзгешеліктеріне қарап некроздың екі түрін: коагуляциялық және колликвациялық некрозды ажыратады. Коагуляциялық (құрғақ) некроз белокқа бай, бірақ құрамында су көп болмайтын ағзаларды: жүректе, көлденең жолақты бұлшық етте, бауырда, бүйректе, көкбауырда дамиды. Колликвациялық (ылғалды) некроз құрамында суы мол ағзаларды, мысалы, мида кездеседі. Зақымданған тін өзіне суды сіңіріп жұмсайды, сұйылады, ботқаға ұқсаған затқа айналады. Кейінірек ол жерде киста пайда болады.

Некроздың клиникалық морфологиялық түрлеріне инфаркт, гангрена, секвестр және жатын жаралар кіреді.

Гангрена

Гангрена некроздың бір түрі. Оның пайда болуы өлген тінге қоршаған ортаның әсер етуіне байланысты. Сол себепті гангрена сыртқы ортамен тікелей қатынасы бар ағзаларда ғана болады (өкпеде, ішекте, теріде).

Теріде көбінесе гангренананың құрғақ түрі кездеседі. Өлген тері ауа әсерімен құрғап қатаяды, түсі қараяды. Некроз ошағына шірітуші микрооргнизмдер түссе ол кезде ылғалды гангрена дамиды. Ылғалды гангрена өте жағымсыз, сасық иістің пайда болуымен және гангренаға ұшыраған ағзаның қоңыр-қара-жасыл түске боялуымен сипатталады. Гангренаның жеке түріне анаэробты гангрена жатады. Гангренаға организмнің өте әлсіздігіне байланысты болатын жұмсақ тіндердің дымқыл гангренасы нома (сулы рак) және ауырлық түскен жерлерде ұшырайтын жауыр жара кіреді.

Секвестр негізінен сүйек тіні үшін тән болып, некрозданған сүйек сорылып кетпейді. Айналасында іріңді қабыну өрістейді,дәнекер тіннен түзілген қорап пайда болады.Секвестер соның ішінде бос жатады немесе осы аймақта жыланкөз арқылы ірің бөлініп шығып тұрады. Көбінесе секвестрді операция жасап алып тастайды.


Инфаркт.

Инфаркт деп бүтін ағзаның немесе оның бір бөлігінің қан айналымының бұзылуына байланысты өлуін атайды. Демек инфаркт қантамырлық (ишемиялық) некроз. Инфарктың пайда болуына: әдетте қан тамырларының тромбозы, эмболиясы, спазмы себеп болады. Кейде инфаркт, ағып келген қан мөлшерінің ағза қызметін қамтамасыз ете алмауынан дамиды. Осыған байланысты инфаркты циркуляторлық некроз деп те атайды.

Көбінесе инфарктың дамуы жалпы қан айналуының бұзылуына байланысты, сондықтан инфаркт созылмалы жүрек, өкпе ауруларында көп кездеседі. Қан тамырларының тығындалу жылдамдығы, инфаркт пайда болуының ең бір шешуші факторы. Инфаркт коллатералдық жолдар ашылып үлгермеген жағдайда ғана дамитын құбылыс.

Инфарктың негізгі екі түрі бар: ол ақ (ишемиялық) және қызыл (геморрагиялық) инфаркт.

Ақ инфаркт көбінесе көкбауырда, бүйректерде, мида, жүректе кездесіп, коллатералдық қан тамырларының жеткілікті ашылмауының морфологиялық көрініс есесінде дамиды.

Қызыл инфаркт жүрек қызметінің жетіспеушілігіне байланысты веналық қан іркіліп қалғанда пайда болады. Қызыл инфарктың ең көп кездесетін жері өкпе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет