10. Жазбаша тілдің мүкістері. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗУЫ МЕН ОҚУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазуы тілдің бұзылуы болады.
Қандай бала болмасын ешуақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды-көпті қателерді жіберетіні кімге болса да белгілі жәйт. Бірақ, бұл жерде табиғи және заңды қателер туралы болғалы тұрған жоқ, керісінше, патологиялық қателер туралы сөз болғалы тұр.
Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында-ақ қажетті сөздік қорларын игеретіндігін, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгеретіндігі, сөздердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере алатындарына дайын екендігі кімге болса да белгілі жәйт. Алайда сөйлеу тілдерінің түрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы кешеуілдеп артта қалып қояды.
Р.Е. Левинаның, Н.А. Никашинаның, Л.Ф.Спированың зерттеулеріндегі көрсеткендері бойынша мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері бар балалардың дыбыстарды талдауға дайындағы дұрыс сөйлейтін балаларға қарағанда әлдеқайда нашар екен.
Сондықтан сөйлеу тілінің түрлі мүкістіктері бар балалар жалпы мектептердегі оқытудың жағдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуге шамалары келмейді.
Жазуының кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын түсіну өте қиын.
Оқу мен жазу бірімен-бірі тығыз байланысты болғандықтан жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді. Өзінің жазғандарының дұрыстығын тексеру үшін бала қайталап оқып шығу керек немесе жазғанын басқа білетін біреуге оқытады.
Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген термин сөздермен аталады, аграфия гректің а – болымсыз демеулік шылауы қарсылықты ұғымды білдіріп, Qrarho – жазамын сөзіне қосылады да жазуды толық меңгеруде қабілеті жетпейді, ал дисграфия гректің dis – қосымша бұзылу ұғымын білдіріп, Qrarho – жазамын сөзіне қосылады да, жазудың ерекше кемістіктері деген ұғымдарды білдіреді.
Сол сияқты оқудың кемістіктері де алексия, дислексия деген термин сөздерімен аталады.
Алексия гректің а-болымсыз демеулік шылауы қарсылықты ұғымды білідіріп, lego – оқимын сөзіне қосылады да, оқуды толық меңгеруге қабілеті жетпейді, ал дисликсия – оқудың ерекше кемістіктері деген ұғымдарды білдіреді.
Қазіргі уақытта балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық және лексико-грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамуының салдарынан жиі болатындығы анықталады. Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің ІІІ-деңгейіндегі балаларда пайда болады, ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлеріне /І-ІІ деңгейдегі/ оқуы мен жазуды меңгеруге мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.
Бұндай балалар нышандары сөйлеу тілі мүшелеріне немесе әуезіне жақын дыбыстарды есту арқылы жеткілікті түрде ажырата алмайды. Сонымен қатар сөздік қоры өте кедей бала тіпті қарапайым жәй сөздің мағынасын түсінбейді, сондықтан да оларды жиі шатастырады, алмастырады, түсіріп қалдырады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуының жеткіліксіздігінен жазуына дыбыстарды түсіріп қалдырады, алмастырады немесе жалғаулықтарды шатастырады, сөйлем тіркесін басқаруында және қиыстыруында қателер жібереді.
Бірақ сөйлеу тілінің жазуындағы кемістіктердің себептері туралы бұндай көзқарас біршама жақында ғана анықталады. Алғашқыда яғни ХІХ ғасындың аяғында оқуы мен жазуының патологисын ақыл-ойының кемістіктерінің себептерінен деп қарастырып келген болатын /Т.Хеллер, И.Вольф/.
Неміс ғалымы А.Куссмауль 1877 жылдың ақырында бұл түсінуді жоққа шығарды да жазуындағы бұндай кемістіктерді ақыл-ойының төмендігіне ешқандай қатысы жоқ екенін дәлелдеп, сөйлеу тілінің дербес ақуалығына байланысты шығатындығын анықтады.
ХІХ бен ХХ ғасырлардың аралында жазуындағы кемістіктер көру түйсігінің жеткіліксіздігінен деп түсіндіретін жаңа теория пайда болды. Бұл теорияны жақтаушылар /В.Морган, П,Раншбург, Х.Баштиан және т.б./ бұндай кемістіктерді «туабіткен сөйлеу соқырлығы» деген терминмен атады. Бұл теория ғалым саласында да және іс жүзіндегі тәжірибелерге де кеңінен тарады. Осы бапқа сәйкес жазуындағы кемістіктерді жоюдың ең басты әдістері әріптердің кескіндерін көшіріп алып жаттау, қайшымен қиып алу, бояу, өрнектеп сызып көрсету, астын сызып көрсету, пластилиннен мыжғылап жасау және тағы басқалар сияқты жаттығулар арқылы жүргізеді.
Көру түйсігін жаттықтыруға бағытталған іс жүзіндегі бұл тәжірибедегі бұл тәсілдер нәтижесіз болып шықты да оқуы мен жазуындағы кемістіктер көп уақытқа дейін түзелмейтін ақуалық күйінше қалып қойды.
Сосын ХХ ғасырдың басында жазуындағы ақаулықты басқа анализаторлардың бұзылуларымен түсіндіруге әрекет жасап көрді. Осыған лайық дисграфияны оптикалық, әуездік /акустикалық/, қозғалтушылық /моторлық/, қиял-қозғалтушылық /идеомоторный/ /К.Н.Монахов/ деп бөлшектеді.
Бірақ сол уақытта-ақ дисграфияны бұлай түсіндіруге қарсы шыққан ағылшынның ғалым С.Ортон сияқты және тағы басқа зерттеушілер пайда болады. С. Ортон, жазуға қабілетсіздігі кейде тек жекелеген әріптерге байланысты қиындық екенін байқауға болатындығын көрсетті, бірақ бұл дұрыс жазуға дағдылануға ең басты кедергі боларын, әріптерді белгілі жүйемен қиыстырып сөз құрай алмайтындығында деп есептеді.
Ақырынды ХХ-ғасырдың 30-жылдарында жазуының кемістіктерін сөйлеу тілінің айтылуындағы олардың ақаулықтарымен байланыстыратын жаңашыл көзқарастар пайда болды, бұл теория бұрындағы кеңес одағының Ф.А.Рау, М.Е.Хвацев; Н.Н. Траугатт, А.Я.Яунберзинь және тағы басқалар сияқты ғалымдарының еңбектерінде айқындалды. Бұл теория бойынша дисграфияны жазуды меңгерген кезде пайда болатын ерекше қиындықтардың нәтижесінде жазуындағы «мүкістіктер» деп анықталды. Дыбыстарды айтылуындағы ақаулықтарды түзеткен кезде жазуындағы кемістіктерде жойылады деп ойлады. Бірақ айтылуындағы ақаулықтарды түзету оқуы мен жазуындағы кемістіктерді жоюды көп жағдайларға қамтамасыз ете алмайтындығын іс жүзіндегі тәжірибеде анықталды.
Сонымен қатар жазуындағы кемістіктер барлық дыбыстарды дұрыс айтатын балалар да кездесетіндігі байқалады.
Р.М.Боскис пен Р.Е. Левинаның зерттеулерінде жазуындағы кемістіктердің көпшілігі фонематикалық түйсіктің толық дамымауына жататын естуі дұрыс баланың ана тіліндегі дыбыстардың жүйесін құрайтын дыбыстарды көңіл бөліп ұстауға қабілеті төмен болады деген жорамалдар ұсынылады.
Дисграфия мен дислексияның пайда болуы фонематикасының толық дамымауының себебінен екендігі ғылым жүзінде дәлелденді.
Оқуы мен жазуының кемістіктері туралы бұл көзқарас бұдан кейін де тек қолдау тауып қана қоймай, соымен бірге Р.Е.Левинаның, А.К.Никашинаның, Л.Ф.Спированың, А.К.Маркованың, Г.И.Жаренкованың және басқалардың кейінгі еңбектерінде де әрі қарай дамытылды.
Жоғарыдағы аттары аталған мамандардың зерттеулерінде оқуы мен жазуының кемістіктері тілдің патологиялық жүйесінің ыңғайына сәйкес шығатын сөйлеу тілінің толық дамымауысен дәлелденді:
Жазуындағы кемістіктерді ауызекі сөйлеу тілінің дамуымен байланысты емес, өз алдына бөлек ақаулық деген бұрыңғы көзқарастары қате деп танылды.
Сонымен бірге дисграфия мен дислексияға шалдыққан балалардың тексті қатесіз дұрыс көшіріп жазатындықтарынан сөзді құрап тұрған әріптердің орналасу тәртібін көзбен шамалап, кеңістікті бағдарлай алатындықтарына қиналмайтындықтары тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Сонымен балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлеу тілінің дамымауынан, фонематикалық түйсігінің толық қалыптаспағандығынан немесе сөйлеу тілі мүшелерінің барлық сыңарлары: фонетико-фонематикасының және лексико-грамматикасының толық дамымауының нәтижесінде пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.
Балалардың жазуындағы кемістіктердің шығу себептері туралы бұндай түсінулері бұрыңғы кеңес одағының логопедиясына толық қабылданып берік шешімін тапты. Сонымен бірге бұндай түсіндірулер басқа да шет елдердегі С.Борель-Мэзонни, Р.Беккер және басқалар сияқты зерттеушілердің қолдау тапты.