«Біртүрлі бала » (странный ребенок) Кішкентай бала терезе алдында тұр. Қолымен ол асығыс және шумен пердені алға - артқа қимылдатып жатыр. Бірден ол жұмысысын тоқтата салды, бірақ оның мінез-құлқы өзгеріссіз. Ол басқа біреудің бөлмеге кіргенін сезген жоқ сияқты. Оның есімін атап шақырса да, ол естімеген секілді. Балаға ер кісі жақындап, оны қолына алғысы келгенде, ол жұлқынып қашып кетеді. Бір мезетте ащы дауыспен айқайлап, ол төсегіне секіреді де, жастығының астына тығылады. Ол күшпен жоғары секіріп, кайтадан жата салып, тынышталады. Баланың беті жасырын, қимылсыз өмірлік белгілері жоқ қалыпта жатыр. Біраз уақыттан соң бала орнынан ескіріп түсіп, бөлме ішінде жүгіре бастайды. Содан соң терезе алдына қайта оралады да, қимылсыз тұрады. Ол барлық нәрсені ұмытқан секілді, біраз уақыт басын терезенің айнасына тіреп тұрады. Біраздан соң ол мақатсыз бөлме бойынша жүре бастайды. Терезе алдынан фотоаппаратты тауып алады, орындық алып келеді, оның үстіне мінеді, абайлап фотоаппаратты қолына алады. Осындай женауліқпен ол фотоаппаратта бір нәрселерді орындап, пленкаларды қимылдатып іздеуші арқылы қарап, обьективті қимылдатады.
Мұнда бала бұл затты жақсы білетін маман сияқты көрінеді. Ол фотоаппаратты орнына қойып, бір жарық өшіргіштен екіншісіне барып, жарықты өшіріп - жағып біраз жүреді. Бұл кезде ер кісі орындыққа отырып, балаға қарап оған сөйлей бастайды. Бірақ бала жауап бермейді. Бірақ бала оған жайлап жақындап, арқасымен алдына отырады, ер кісі оны құшақтаса, бала оған қарсылық көрсетпейді, керісінше өзі оған қаттырақ сүйенеді. Ер кісі оның аяқ киімін шешуне сұранады. Оның сұранысын бала таң қаларлықтай тез және оңай орындайды. Оның өзінен не сұрап тұрғандығын тез түсінгендігі таң қалдырады. Бала аяқ киімін шешкенде, ол оларды симметриялы және паралельді қояды. Содан соң, тез және оңай аяқ киіміне сырғып түсіп, қайтадан терезе алдына барып, қолына пердені ұстап, бір уақытта алға - артқа қимылдатып тұрады. Осының алдында ештеңе болмаған секілді, бала осылай әлі де терезе алдына тұрады.
Мұндай балалар туралы әңгімелерде әрқашанда бір жағдай көрінеді. Олар ешқашанда басқа адамның көзіне қарамайды. Мұндай балалар адамдармен қарым-қатынасқа түспес үшін, әртурлі тәсілдермен қашады. Олар айтқанды тіпті естімейтін сияқты немесе түсінбейтін сиықты секілді. Мұндай балалар көбінесе сөйлеспейді, ал егер сөйлеседе, мен есімдігін қолданбайды. Ауру бала өзі туралы екінші немесе үшінші жақта айтады. Олар да әртүрлі механикалық заттарға ерекше қызығушылық байқалады. Қоғамға олар керісінше көңіл бөлмейді. Бірақ олармен тіпті кішкентай нәрестеге қараса олар қуаныш білдіре бастайды.
Мұндай жағдайда нәзіктіктен тек, сіздер өзіңізбен сөйлесуіңізді сұрағанда ғана қашады. Мұндай балалардың ата-аналармен симбиотикалық байланысы жиі байқалады.
Аутитикалық балалар өздерімен жасы дені сау балаларга қарағанда, аз шағымданады. Ол конфликтілі жағдайда, олар айкаймен, и агрессивті әрекеттер немесе пассивті қорғаныс орын алып қылық көрсетеді. Мұндай балалардың көбісі тамақтану процесінің күрделі бұзылысынан қам жейді. Кейде олар тіпті тамақтан бас тартады (4 жастағы қыздың тамаққа тәбетін ашу үшін ата-аналары көп шара қолданды. Қыз барлық тамақтан бас тартып, бірақ сонда да иттің жанына барып, еденге жатып, иттің табағынан тамақта ауызымен жалап жейтіе болған). Бұл әрине күрделі жағдай. Тамақтың белгілі бір түрлерін жағдайларда жиі кездеседі. Сонымен қагтар аутикалық балалардың көбісі ұйқының күрделі бұзылысымен де қиналуы мүмкін. Олардың ұйқыға кетуі қиын немесе ұйыкқтай алмуы м үмкін.
Кейбір балалар жалғыз ұйықтай алмауы мүмкін олармен міндетті түрде әкесі немесе шешесі ұйықтауы керек. Ал кейбіреулері өзі төсегінде ұйықтай алмайды, орындық үстінде немесе белгілі бір жерде ұйықтап қалған соң ғана, баланы өз төсегіне алып жатқызады. Сонымен қатар, өз ата-анасының қолы
денесіне тигенде ғана ұйқыға келетін балалар да бар. ЕБА індетімен ауыратын балалардың мұндай біртүрлі ерекшеліктері, олардың аутикалық қылықтарының қалыптасуына маңызды орын алатын көптеген идеяларға және қорқыныштарға байланысты. Көптеген қарапайым заттар, құбылыстар және кейбір адамдар олардың бойында қорқыныш сезімін тудырады. Сырттан байқап тұрған адамға баланың қорқынышын шақырған себептер түсініксіз болуы мүмкін. Егер де болып жатқан жағдайды түсінуге тырыссақ, онда қорқыныш сезімі байланған идеяның (навязчивая идея) нәтижесінде туындайды. Мысалы, кейде балалардың бөлмедегі барлық заттардың өз орнында орналасуы қажет деген идеялары болады. Егер де бір зат өзінің тұратын орнынан таппаса, онда олар қатты қорқыныш сезініп, даурыға (паника) бастайды.
Аутикалық қорқыныштар қоршаған ортаны кабылдауына байланысты. Аутикалық балаларда ерекше құмарлықтар, қиялдар кездеседі және бала оларға бүкілімен еніп кетеді, мұндай кезде балалардың ойын бұзуға немесе ол әрекеттерден алып кетуге болмайды. Олардың диапозоны өте кең. Балалардың біреулері толқынып отырады, қағазды жыртады, жіпті тербейді, шеңбер бойынша немесе қабырғадан қабырғаға қарай жүреді. Кейбіреулері транспорт қозғалысының схемаларына, көшелер жоспары, электр өткізгіштерге ерекше құмарланады. Басқаларында жануарғы немесе ертегі персонажына айналып кету фантастикалық идеялары болуы мүмкін. Бавлалардың бір жарты бөлігі қарапайым көзқараспен қарағанда көзүе жағымсыз, біртүрлі болып көрінетін әрекеттер жасайды: подвалдар мен қоқыстардың үстіне мінеді, әрдайым қатыгездік ситуациялардың суреттерін салады, агрессия көрсетеді, әрекетінде сексуалдық құмарлық байқалады.
Мұндай ерекше әрекеттер, құмарлықтар, қиялдар ауру баланың қоршаған ортаға және зейін патологиялық бейімделуінің негізгі факторы болып табылады. Аура балалардың қабілеттері мен құмарлықтарының дамуының бір қалыпты мінезді екеніне зейін аударылады: бір кітапты бірнеше рет қайталап оқығанды жақсы көреді, бірдей заттарды коллекциялауды ұнатады, т.с.с.
Аутикалық баланың ойын іс-әрекетін психиканың балалық шақ дамуына анықталады. Бұл әсіресе, мектепке дейінгі балалардың рольдык ойындарында көрініс табады. Аутизм белгілері бар балалар өзімен жастыларымен сюжеттік ойындар ойнамайды, реальды өмірлік қатынстарда көрінетін ситуациялар қоймайды: маман ролін, жанұялық және т.б .
Оларда мұндай қарым - қатынас құруға икемділік пен қызығушылықтары болмайды.
Бұл психикалық дамудың бұзылысының себептерін іздеу бірнеше бағыттар бойынша жүрді. Осыған байланысты 50 жылдардың басында бұл аурудың себебі психогенді туындауы туралы гипотеза жайылған еді.
Басқаша айтқанда, адамдармен эмоционалды дамуының бұзылысы, қоршаған ортаны меңгере алу белсенділігінің бұзылысы баланың ерте психикалық жарақат алуымен, дұрыс емес немесе әке-шешесінің балаға суық қарауымен қатар, тәрбиелеу тәсілі дұрыс еместігіне байланысты деп есептелді.
Бұл жерде келесі бір ерекшеліктерді көрсеткен жөн, аутизм аурумен ауыратын баланың қарапайым жанұялық көрініс деп саналатын. Бірақ ЕБА интеллектулды ортада және әлеумеітік жағдайы жоғары ортада да кездеседі. Сонымен, баланың психикалық дамуындағы ата-аналарының кінәсіна жатқызды. Бірақ, ақыл - ойы артта қалған балаларда ЕБА мен ауыратын балалармен салыстырмалы зерттеу барысында, аутизм балалық ақыл - ойы артта қалған балаларға қарағанда, психотерапиялық жағдайларды көп көрмеген және олардың ата-анадары басқа балалардың ата-аналарына қарағанда, көбінесе әлпештеп көп зейін бөлген. Қазіргі уақытта зерттеушілердің көбісі ЕБА орталық жүйке жүйесінің жетіспеушілігінің ерекше патологиялық нәтижесі немесе көрінісі деп есептейді. Бұл жетіспеушілік көптеген себептерден болуы мүмкін: туылған аномальді конституция, туылған алмасу бұзылыстары, ОЖЖ-нің (ЦНС) екі қабат кезінде және туу барысындағы ерте шизофрениялық процесс патологиясының нәтижесінде зақымдануы.
Каннер синдромын қалыптасуына әкеп соқтыратын 30 патогенді факторларды көрсетуге болады. Әрине, әртүрлі патологиялық агенттердің әрекеттері ЕБА синдромына әртүрлі индивидуалды көрініс табады. Ол ақыл ойы артта қалуының әртүрлі деңгейімен күрделенуі, сөйлеудің дөрекі дамымауы мүмкін. Басқа көріністері эмоционалды бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Басқа да аномальді дамудағы сияқты, күрделі психикалық деффектерінің ортақ суретін олардың биологиялық себептерінен шығаруға болмайды. Көбісін, ЕБА-ның психикалык дизонтогенездік процесс барысында пайда болатын негізгі себептерінде, бұл мағынада екінші себептерге жатқызады.
ЕБА көрінісі жаспен өзгереді. Клиникалық суретті біртіндеп
2,5-5 жасқа дейін қалыптасып 5-6 жасқа дейін анық көрінеді. Ол өзі-аурумен көрсетілген біріншілік бұзылыстарының күрделі байланысымен балаға және үлкендерге дұрыс емес, патологиялық қалыптасуының нәтижесінде туындайтын екіншілік қиындықтармен айқындалады. Нәрестелік жаста баланың физикалық және психикалық дамуы өте тығыз байланысты. Аутикалық балаларды бұл кезде өмірге қалыптасуындағы қарапайым инстинктивті формаларының бұзылуы көрінеді: ұйықтау қиындығы, сергек ұйықтау, ұйқының ритмінің бұзылуы немесе тіпті ұйықтау алмау.
Мұндай балалар өте пассивті болады. Бір бала екі түрлі мінез көрсетуі мүмкін. Мысалы: сулы шалбарына тіпті мән бермесе, келесі жолы тіпті шыдамауы. Қорқыныш сезімі ауру баланың белсенділігінің қызығушылығын тоқтатады, содан соң ол сабырлы да тыныш бала секілді көрінеді.
Моторлық дамуы да өзіне зейін аудартады. Шамамен жарты жылда сәбидің ата-аналарын мотролық әлсіздік қорқыта бастайды. Сонымен бала белгіленген уақытты тез тұрып, қабырға бойлап жүре бастаумен, ұзақ шамамен 3-4 ай өз бетімен жүре алмайды. Соған қарағанда бүл әрекет оның қорқуына байланысты. Ерте нәрестелік шақта әдетте тыныш болуы мүмкін, ал кейде сағаттап өз манежінде отыра береді, анасын тіпті керек қылмайды, оларды «идеалды балалар» деп атайды. Бірақ барлық қиындық ол жүре бастағанда білінеді. Бала жүргенде оның мінезі өзгереді: тыныш балалардан үлкендерге бағынбайтын, тез ашуланғыш балаға айналады. Оны ұйымдастыру, бір нәрсеге үйрету қиынға түседі. Мұндай психиканың дамуының негізгі себептеріне зерттеушілер мыналарды жатқызады:
жоғары сезімталдылық, эмоционалдылығы, жағымсыз әсерлерді фиксациялауға икемділігі;
зейін салу қабілеттілігінің төменділігін көрсететін ортақ және психикалық тонусының әлсіздігі.