Тақырыбы: «Логопедия негіздері және логопедия технологиясы» Дефектология – педагогикалық ғылым саласы


Күрделі кемістіктің негізгі себептері



бет18/19
Дата09.12.2022
өлшемі75,4 Kb.
#56121
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Күрделі кемістіктің негізгі себептері
Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде аныктау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттренінің себебімен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше ұқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей:
- бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсерінен де болады:
- екі кемістік те бір-біріне ұқсамайтын генетикалық тұқым куалаушылықтың әсерінен болады;
- әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірақ бұл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;
- екі немесе одан да көп кемістіктер бірғана тұқым куалайтын синдромының белгілері болады;
Күрделі ауытқулары бар балалардың даму ерекшеліктері.
Күрделі кемістіктері бар балалардың жалпы дамуының негізгі заңдалағы - ол балалардың адғашкы жылдардағы дамуының ауытқуы және болашақ дамуына зиянды әсерін тигізуі. Бірнеше негізгі ауытқулар баланың қоршаған ортамен, жақын жуықтарымен қатынасын қиындатып, жалпы дамуына және танымдық әрекеттерінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан кейбір балаларда психикалық, интеллектуалдық даму тежелсе, ал кейбіреуінде қимыл әрекеті, кеңістікті бағдарлауы, заттарменен жұмыс істеуі зақымданады. Осымен қатар. бұл балалар әлеуметтік ортада да дұрыс қалыптаса алмайды, сондықтан бұл балалардың бір ғана кемістігі бар балаларға қарағанда жалпы дамуы, әлеуметтік бейімделуі әге төмен. Бұл топтағы балалардың тағы бір ерекшелігі, оларда кездесетін кемістіктердің орнын толтыру да (компенсация) қиын. Себебі, даму үшін қажет сезім мүшедерінің әрекеттері де зақымданған. Мысалы, соқыр балалардың қалыптасуы есту сезіну арқылы толықтырылса, ал саңырау балалардың қалыптасуы көру және әртүрлі сезіну арқылы толықтырылса, ал күрделі кемістігі бар естімейтін, көрмейтін балаларда бұл әрекеттер зақымданған. Осыған сәйкес педагог-дефектологтар күрделі кемістіктерді толықтыру үшін зақымданған әрекеттерді толықтыру немесе калпына келтіру әдістерін іріктеп, әр баланың жағдайына ыңғайлап қолданулары керек. Одан барып, күрделі кемістіктері бар балаларды «шектелгеп, оларды дамытуға болмайды» дегеп пікірдің қате екені айқын. Соңғы жылдардағы дефекгология және арнайы педагогика саласындағы жетістіктер бұл бадалардың жағдайын жақсартуға болатынын айкындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет