ОҚУЫ МЕН ЖАЗУЫНДАҒЫ КЕМІСТІКТЕРДІ АНЫҚТАУ Дисграфия мен дислексияға шалдыққан балалармен логопедиялық тексеру жүргізігеде мыналаоды анықтау керек:
1. Дыбыстарды талдауға дағдылануды анықтау керек;
2. Оқуға және жазуға дағдылануды меңгеру дәрежесі;
3. Ауызекі сөйлеу тілінің тұтас алғандағы жағдайы, демек тілдің фонетико-фонематикалық және лексико-грамматикалық жағының даму деңгейі.
Жазуының даму шарттарының бірі онсыз оқу мен жазуының барысы мүмкін болмайтын сөзді құратын дыбыстарды саналы түрде талдауға және құрастыруға дағдылану болып табылады. Қорыта келгенде ең алдымен баладан сөздің дыбыстық құрамы ауызша талдауға дайындығын анықтау керек. Ол мақсатты орындау үшін көп тәсілдердің түрлері бар:
1. Сөздің құрамына дыбыстарды бөлу және ажырату.
Алдымен дауысты дыбыстарды бөле алатын-алмайтындығын тексереді. Логопед а және о дыбыстарын қатты және созып айтады. Балаға бұл дыбыстарды қайталауды ұсынады. Сосын осы дыбыстар басында келіп екпінмен айтылатын сөздерді атайды /ат, от, өрт, үй/. Бала аталған сөздердің бірінші дыбыстарын айырады. Осыған ұқсастырып басқа дауысты дыбыстарды да талдайды.
Бұдан кейін балаға алдымен сөздің басында, сосын аяғында келетін дауыссыз дыбыстарды бөлуді ұсынады.
Логопед кез-келген бірнеше сөздерді атай бастайды, бала өзіне тапсырылған дыбысы бар сөзді естігенде қолын көтереді.
2. Бала өзіне тапсырылған дыбыстан басталатын сөздерді ойлап табады.
Логопед бір дыбыстан, Мысалы, М-нан басталатын бірнеше сөздерді алдымен өзі айтады: мал, малта, мысық, маса. Сосын Ш дыбысынан, одан С-дан басталатына сөздерді ойлап тауып атауды балаға ұсынады. Осылай басөа дыбыстарға да талдау жасалады.
3. Бала аттары өзіне тапсырылған дыбыстан бейнелі суреттерді іріктеп алады.
Логопедтің қолында бейнелі суреттердің бірнеше жиынтығы болу керек. Әр жиынтығындағы бейнелі суреттерді аттары мақсатқа бағытталған болу керек:
а) берілген дыбыстардан баланың іріктеп алатын бейнелі суреттерді;
б) берілген дыбыстармен жиі алмастырылатын дыбыстардан басталатын бейнелі суреттер;
в) басқа дыбыстардан басталатындар.
Мысалы, бала аттары Ш дыбысынан басталатын бейнелі суреттерді іріктеп алады. Бұндай іріктеуге мынадай бейнелі суреттерді ұсынады: шар, шана, сабын, шапан, тарақ, шелек, шәйнек, шәлі, шұлық, шаңғы, сиыр, шөп, шеге, шегіртке, сыпыртқы, жылан, жол, стол, сәкі, шопан, жылқы.
Бала берілген дыбысқа керекті бейнелі суреттерді іріктеп алады да, қалғандарын жинастырып қояды.
4. Бала өздерінің жиі алмастыратын дыбыстарынан бейнелі суреттерді таратып бөледі.
Бұл тәсілдің қоятын алғашқылардан айырмашылығы араластырылып берілген барлық бейнелі суреттерді бала әр топқа лайықтап бөледі.
Бала алмастырылатын дыбыстардан басталатын бейнелі суреттерді көрсетеді. Мысалы, аттары С және Ш дыбыстарынан басталатын бейнелі суреттер болады.
Бала бұл суреттерді мұқият қарап ойланады да лайықтыларын іріктеп екі топқа бөледі.
5. Сөздерді дыбыстық құрамы бойынша салыстыруын бір дыбыс қана айырып тұратын жұп сөздерді іріктеп алуды ұсынады. Мысалы, қой-қол, түн-күн, тал-шал, тас-қас, шар-жар.
6. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу.
Балаға талдау үшін сөйлем және сөз береді де сөйлемдегі сөздердің, сөздегі дыбыстардың санын санап шығуды, сөз қандай дыбыстардан құралып тұрғанын, олардың жүйелілігін, сосын рет-ретімен атап шығуды ұсынады.