Тақырыбы: «Менің елім Қазақстаным» Мақсаты



бет3/3
Дата24.10.2022
өлшемі22,49 Kb.
#45134
1   2   3


Нұргүл Елтаңбамыз ажарлы
Әнұранымыз әуенді
Асқақ бола түссін!
Елдігіміздің белгісі – 
Хор: «Нұр аға»
7.Ардақ
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн!
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!
8.Айым
Жасай берсін Ұлы күн,
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп атаның 
Ән: «Мен ауылға барамын»

  1. Эльмира

Он алтыншы желтоқсан-
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары

  1. Мейрамбек

Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке,
Қазақстан байрағы. 
Ән: «Достар»

  1. Саяна

Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды,
Биік ұста бүлдіршін

  1. Мирас

Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге

  1.  Айрика

Өзіңдікі еліңде,
Өзіңдікі Жерің де,
Өзіңдікі өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде.
Ән: «Болайықшы осындай»

  1. Ақбота

Өзіңдікі Туың да,
От пен ауа,суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да.

  1. Аружан

Сәнді бізің мектебіміз
Жасыл желек көшеміз
Аясында Отанның,
Асыр салып өсеміз
Ән:»Санамақ»
Балалар бәріміз бірігіп Отан туралы тақпағымызды айтайық
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел
Ойын «Киіз үй»
Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді тігеміз
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)
Ал балалар гүлден шашу шаштық енді осы гүлдерді бір бірден алып Отанымыз туралы мақал айтайық.(Әр бала өз мақалдарын айтады)
Хор «Біз өмірдің гүліміз»
Хормен: Жақсыдан үйренейік Жаманнан жиренейік
Еліміздің ең ақылды,ең білімді,ең бақытты азаматы болайық
Балалар жарайсыңдар! Өздерің Отандарыңды қалай сүйетіндеріңді дәлелдеп бердіңдер! Осылай еліміз,жеріміз гүлдеп ,жайнай берсін!
Арина«Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл»
Аяулым«Туған жерге туынды тік»
Сұлтан «Опасызда Отан жоқ»
Айша«Туған жердің қадірін? Шетте жүрсең білесің»
Ардақ«Отанды сүю- отбасынан басталады.»
Айым«Отаның берік болса, жауың алмайды.»
Эльмира«Туған жердің ауасы да шипа»
.Мейрамбек «Ер жігіт ел үшін туады,Ел үшін өледі»
Саяна «Батыр туса – ел ырысыЖаңбыр жауса – жер ырысы»
Мирас«Отан- Оттан да ыстық»
Бекзат Ел іші-алтын бесік»
Нұргүл«Отан- елдің анасы, Ел- ердің анасы»
Айрика«Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.»
Ақбота«Опасызда отан жоқ.»
Аружан«Отаның тыныш — сен тыныш»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет