2.2.2. Гогольдің және Чехов шығармаларынан жасаған аудармалары “Пьеса- әдебиеттің ең ауыр түрі, өйткені қатысушы адамдар онда өз тілімен сөйлейді, ісі де сол сөзінен көрініп тұрады, автор араласпайды”, - деп Горький тауып айтқан еді. Оның үстіне пьесаны Гогольдей шебер жазса, оны аудару қиынның қиыны!
“Ревизорда” қатысатын адамдар әрбіреуі өз тілімен сөйлейді, пьесада өздерінің жеке- жеке орны бар, сол міндетін атқарады. Әр адамның әрбір сөзі ревизорды күту туралы, немесе соның қалада жүргені жөнінде айтылады. Негізгі ойы ревизор туралы болады, сол ревизордан шығады да, не соған қайта айналып келе береді. Сондықтан оның ешбір сөзін өзгертуге болмайды, бәрі өз орнында”- дейді Белинский. Міне, Гогольді аудару осынша қиын, ал бірақ сол Гогольдің оңай жағы да бар. Біздің ойымызша Гоголь геройларының мәдениет сатысы төмен жатады, көбінесе шағын қалада жүрген парақор-чиновниктер, поселкеде жүрген- жалмауыз озбыр помещиктер болады.
Бұларды біздің ауылдағы қарапайым халқымыз он тоғызыншы ғасырдың екінші жарымынан бастап - ақ танып білген еді.1868 жылы жарияланған “ Жаңа закуннен” бастап, бұлар қазақ елінің өз арасынан да шықты. Бізде феодалдық-патриархалдық заман болды, сонда дуанбасы, би, болыс, ауылнай, елу басы - бәрі де етек алып жайылды.”Елу басы, он басы ол шайтанның жолдасы” дейтін өлеңдер де шықты. Пара алмаған, елді жемеген біреуі де жоқ еді. Ендеше, өз елінде тар ұғымды түсіну жеңіл, түсінгеннен кейін аудару да жеңіл. Оның үстіне көрші отырған білге де түсінікті. Мәдениетіміз орыс елінің мәдениетінен үлгі алып дамыған біздің елге етене жақын тұрады.
Адамды адам құлданған, крепостнойлық дәуірден әлдеқашан өтіп кеткен Батыс Европа елі Гоголь геройларын түсінбеуі де мүмкін. “Біздің орыс тіліндегі ерекшелікті француз бен неміс мәңгі-бақи түсінбес”-дейтін Гогольдің өз сөзі де тегін айтылмаған шығар. Бірақ бұл бізге түсінікті.
Әліміз келгенше, Гоголь шығармаларын аударудың қиын жағын да, жеңіл жағын да айттық, енді туп-тура автор мен аударушылардывң өздеріне берейік.
Ревизордың келе жатқанын естіп, қорқып отырған дуанбасы өзінің жемтіктес-бақтастарын шықырып алып:
“Я пригласил вас, гопода, с тем, чтобы сообщить вам пренеприятное известие: к нам едет ревизор... Ревизор из Петербурга, инкогнито (под чужим именем) и еще с секретным предписанием...” Я как будто предчувствовал: сегодня мне всю ночь снились какие-то две необыкновенные крысы. Право, этаких я никогда не видовал: черные, неестественной величины! Пришли, понюхали и пошли прочь. Вот я вам прочту письмо, которое получил я от Андрея Ивановича Чмыхова, которого вы, Артемий Филипович, знаете. Вот что он пишет : ”Любезный друг, кум и благодатель, спешу, между прочим, уведомить тебя, что приехал чиновник с предписанием осмотреть всю губернию и особенно наш уезд. Я узнал это от самых достоверных людей, хотя он представляет себя частыным лицом. Так как я знаю, что за тобою, как за всяким, водятся грешки, потому что ты человек умный и не любишь пропускать того, что плывет в руки... Так вот какое обстоятельство!”- дейді.
Біз бұл жерде дуанбасының үш рет айтқан сөзін біріктіріп алдық, өтйткені жеке-жеке сөздерді жалғыз жарым сөйлемді сәтті шығарып, автордың нысаналы идеясын ашуға, түгел ойын беруге келгенде, жаңсақ басып, кібіртіктеп, қалатын аударушылар болады. Сондықтан, аударманың әр жерін үзіп, жұлып, алғымыз келмеді. Екінші жағынан төрт тілге аударылған “Ревизорды” сынағанда, 1952 жылы О.Н.Олидор да: “ең сәтті шыққан аударма Әуезовтікі” - деген екен. Сол ойдың дұрыс, терісін аша кетпеппіз, сөйтіп, Әуезовтің қазақшаға:
“Мырзалар, мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақырып едім. Бізге ревизор келе жатыр.. ”
“петербургтан келе жатқан жасырын ревизор және атсыртын жарлығы да бар көрінеді”.
“Құдай білдіргендей бүгін түні бойы түрі жаман екі егеуқұйрық түсімнен кетсінші! Тіпті, өмірі мұндай тышқанды көрген емен. Добалдай қар-қара! Келді де иіскеп-иіскеп кетіп қалды. Артемий Филипович, әлгі өзіңіз білетін Андрей Иванович Чмыховтың жіберген хатын оқиын сіздерге. Оның жазып отығаны мынау: “Сүйікті досым, замандасым, және сүйеушім... саған білдірмек маңызды хабарым: жоғарыдан жарлығы бар бір төре келді. Бүкіл губернияны, әсіресе біздің уезді қарамақшы. Ол өзін жай адаммын десе де, мен анық сенімді адамдардан естідім. Мен білемін ғой, сен де жұрт қатарлы күнәдан мұндаздай жан емес ең, өйткені ақылды адамсың ғой, құдайдың беріп тұрған несібінен кім қашады?...міне осындай жағдай! ” – деп аударғанын да келтірдік. Гоголь орысша қандай түсінікті сөйлесе, қазақша да сондай жүйткітіп, сөйлеп отыр ғой. Дуанбасының осы сөзінен оның парақор адам екенін және сол қылмысын білетін сұм екенін, “қорыққанға қос көрініп” – түсіне сенетін, білімі тайыз, құлқынның ғана құлы екенін орысша қалай түсінсек, қазақша да солай түсінеміз.
Салалас құрмалас етіп берген дуанбасының алғашқы сөйлемін: “Я пригласил вас, господа, с тем чтобы сообщить вам пренеприятное известие: к нам едет ревизор”- деген бір сөйлемді, “Мырзалар, мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естуге шақырып ем. Бізге ревизор келе жатыр” – деп екіге бөліп, шағын екі жай сөйлемге айналдырып жіберуі заңды да, түсінікті шыққан. Аударушы бұл арада ұтпаса, ұтылмаған.
Гоголь образын, оның оның сықағын беруде, түгел стилін сақтауда тағы бір есекеретін жайт бар. Ол – Гогольде ұшырайтын адам аттары. Осы аттардың бәрін де Гоголь тегін қойып отырған жоқ. әрине, бірін бірдей аудару қандай сыңаржақтық болса, осылардың бәрін бірдей өз қалпына алу да сондай сыңаржақтыққа апарып оғады, өйткені әрбір сыңаржақ ойдың түбі қателесумен ұштасып жатады.
Сонымен, авторды аудару кезінде оның стильдік ерекшелкітеріне аса көп көңіл бөлеміз. Мысалы, Әуезов аударған тағы бір автор А.П.Чехов.
Чехов шығармаларын қазақ тіліне аударған кезде грамматикалық қателер молшылық кездеседі. Казахсий язык следует отметить возросший уровень мастерства. Әуезовтың айтуынша Чеховты аудару үшін оның күйін кешіп, қалпын сезіну керек. Оның шығармашылығы туралы ұлы жазушы былай дейді: “Трудно учиться у Чехова, даже глубоко чувствуя огромную властную силу, силу его гения... Это художник особой палитры, многоконтрастного, яркого, необычайно богатого колорита”. Аудармаларынынан көріп отырсақ, Чеховтан М.Әуезов “Аққасқаны” (”Белолобый”) аударған. Әңгімені аудару барысында М.Әуезов автор ойын дәл, стиліне сәйкес берген. әңгімені оқу барысында Әуезов аудармасы арқылы Чеховпен танысамыз.
Аударма саласына көп көңіл бөлген зертеуші К.Ш. Кереева-Канафиева А.П.Чеховтың аудармаларын оқыған кезде аудармашылардың жіберген қателерініне жіктеу жасап, атап кетеді. Оларға келесілерді жатқызамыз:
Шіркеу славянизмдерін беру;
Қаһармандардың жеке сөздерін беру;
Орыс тұрмысының және қоғамдық өмірінің реалий сөздерін қазақ реалий сөздерімен беру;
Орыс әдебиетімен қатар М.Әуезов батыс жазушыларының шығармаларын аударған. Ол аудармаларға біз Шекспир мен Лондонның шығармаларын жатқыза аламыз. Бұл ретте біз аударманың түрлеріне оралуымыз жөн. Әуезов Шекспирдің “Аусауға тұсау”, “Отелло” пьесаларын аударды.