Тақырыбы: М.Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары


“Отелло” пьесасының аудармасы



бет7/9
Дата20.05.2023
өлшемі299 Kb.
#95489
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2.3.“Отеллопьесасының аудармасы

“Отелло” Шекспир туындыларның шоқтығы биік шығармаларының бірі. “Отелло” 1622 жылы Лондонда жарияланған. Ол 1604 жылы 1 қарашада Король Яков 1 қатысуымен Уайт Холдың ескі залында қойылған. Драматург трагедияның сюжет желісіне белгілі итальян жазушысы, философ Джанбатисто Жиральдо и-Монто қаласынан шыққан “Экономити” атты новеллалар жинағынан алынған. 1965 жылға дейін Шекспирдің көзі тірісінде бұл новеллалардың берді - біреуі ағылшын тіліне ауларылмаған. Француз тілінде аударма 1583 жылы шыққан. Демек, Шекспир француз тілін жақсы білген. Новелла оқиғасына келсек, жас парасатты венециан қызының Итальян күйеуінің қызғанышы аруды өлтірумен аяқталады. Қыздың есімі - Дездемона. Шекспир бұл есімді драматургиясына енгізіп, қалған есімдерді ойдан шығарған. Дездемона грек сөзі, “махаббаттағы өлім мен қызғаныш” дегенді білдіреді. Яго мен Отелло есімдері ағылшынның “опасыздық үшін құдайдың жазасы” деген мағынаны білдіреді. Алайда драматург Шинтио новелласындағы адам қатігездігін натуралистік суретпен бейнелеудегі сирек кездесетін қабілетті одан әрі дамытады.


Шекспири тілі бай, әрі алуан, реалистік тіл. өзіне дейінгі ағылшын ақындары мен драматургтардың сөздік қорына қарағанда, оның сөздік қоры әлдеқайда мол.
Жазушының метаформалары нақты, образды, дәл, теңеулері тұжырымды, қысқа болып келеді. Шекспир тілінің осынау қасиеттерін қазақ топырағындағы аудармасынан да дәл басып тани қоясыз. Кейде аудармашы оқи отырып, оның түпнұсқадан оншалықты ауа жайлап бара жатқанын байқаймыз. М.Әуезов: “Шекспирді қою арқылы ең әуелі, бір қазақ жұртшылығын неше алуан тарихпен, неше түрлі ұлттардың, топтардың өмірімен таныстырамыз. Сол ортадағы қоғамдық мінез-құлық, мүсін пішіндерді танимыз”.
М.Әуезов әлем әдебиетінде өзі ерекше құрметеп, ұстаз тұтқан екі есімді бөліп айтты; олар прозада – Лев Толстой, драматургияда – Шекспир бұлардың шығармашылығын оқып үйренуде Әуезов қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған жанрлардың дамуына ықпал жасаған классикалық аудармалар тудырды. Соның бірі – “Отелло трагедиясы”.
Шекспирдің бұл ұлы шығармасы орыс тілінде Н.Кетчер, П.Вейнберг, А.Радлова, М. Лозинский, Б.Пастернак, К.Морозов секілді жиырмадан астам әртүрлі авторлардың аудармасынан шыққан.
Тұңғыш рет 1858 жылы жарияланған П. Вейнбергтің аудармасы 18 рет қайта басылды. Мұхтар сүйген А.Радлованың нұсқасы 1935, 1966, 1937 жылдары 4 рет жарияланған. Шекспир твочествосын зерттеп, ол туралы ғылыми еңбектерді мол құрастырған Әуезов ұлы ағылшын дараматургиясын қазақша сөйлетудің сәтті кілтін тапқан. Түпнұсқада “Отелло” ямб өлшемімен, ырғақ заңдылығына сүйенген ақ өлеңмен жазылғандығы белгілі. Әріден соң қара сөз де кездеседі. Бұрын өзінің тәжірибесінде “Еңлек - Кебек”, “Қарагөз”, “ Хан Кене” трагедиясында қолданған ақ өлең өлшемін ұлы шығарманы аудару кезінде Мұхтар сәтті пайдаланған.
Аударманы оқи отырып, кейде оның түпнұсқадан оншалықты айырмасын байқай да алмаймсың. Әуезовтың “Отеллосын” оқыған кезде, Шекспир қаһармандары олардың өзіне тән, дараланған сараланған тілі, бәрі-бәрі көкейіңізге қонып, көз алдыңызға келеді, есіңізге сайрап тұрады. Шын аудармашы автормен бірге бір деңгейде тұруы қажет. Әуезов мына аудармада сол деңгейде табылған. Қазақ тілін барша құдіретін жарқыратып танытқан, Шекспир кейіпкерлері қызық иілім сезімі “Отеллоның” түпсіз тұңғиықтай терең махаббатын, мерт қылар мейірімсіз қызғанышын, Дездемонаның сәбидей пәк періштелігін, Ягоның қанқұйлы зұлым идиотизмін ашуда қиналмайды, есе жібермейді. Мұхтардың ұғымы сол, ол халықтан, өмірден үйренді. Ол сайрауық, тар қас кастаның азйшысы бола қалған жоқ. Шекспирге тән, ағылшындарға тән ұлттық мінез құлқын шығармада шынайы суреттей білді.
Қазақ әдебиетінде жарық көрген Шекспир шығармаларына А.Сұлтанов пен Р.Нұрғалиев өздерінің сыни мақалаларын жариялады. Бұл мақалада аударманың үлкен шеберлікпен жасалғаны айтылады. Сыншы аударманың жақсы жақтары мен қатар, кемшіліктерін де атап өтеді. Мұхтар Әуезовтің Шекспир шығармаларының көркемдік қуатын сақтап, аудармағанын айтады.
Өнердің де тарихы бар. Тарихты қастерлеу қасиетті парыз. Қазақ өнерінің тарихына алтын әріптерімен жазылатын құтты уақыттардың бірі 1939 жыл. Сол жылы “Отелло” спектаклінің премьерасы болды. Пьесаны қазақшаға аударған Мұхтар да, спектакльді қойған М.В. Соколовский мен Әубәкір Ысмайылов.
Қазақ өнерінің шежіресі Қ.О.Бадияровтың естелігіндегі материалдарға сүйеніп, анығын айтсақ, Шекспир шынына талпыныс бұдан сәл ертеректе - 1937 жылдың аяғында басталған екен [15.46].
Шекспир сынды ұлы дрматургтің сахнада сәтті сөйлеудің кілті аудармашының қолында еді. Осыны жақсы ұғынған театр коллективі ақылдаса келіп бұл жұмысты М.О. Әуезовке сеніп тапсырған екен. М.Әуезов “Вейнберг” аудармасы шұбалаңқы, Радлова тәржімәсі жатық” деп соңғы аудармаға тоқтаған екен. Шекспирдің “Отеллосын” ағылшын тілінен аударған Радлова мен орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ топырағына көркем көшірген М.Әуезовты жарыстыра оқысаңыз, екі еңбектің түпнұсқа мен аударманың көлемі шамалас болумен бірге көркемдік қуаты бір биік, бір деңгейде тұрғанына көңіліміз ғана сенбей, көзіміз де анық жетер еді. Шекспир жазған “Отелло” мен Әуезов аударған “отеллоны” салыстыра, жарыстыра оқығанда Мұхтар еңбегін аударма деген аяулы мағынадағы асыл сөзге де сыйғыза алмайсың, анығын, әділін айтсақ екі ұлы суреткер бір тақырыпты жарыса жылағандай әсер береді. Мысалы:

Әйелдердің көз жасынан,


Буаз болса қара жер,
Әр тамшыдан бір айдаһар туар ед.

Бұл Отеллоның төртінші актінің бірінші сахнасында Людовикке Дездемона “Жылап тұр ғой, кешірімін алыңыз” дегенде ыза болып тұрып айтқаны. Аударма қандай тамаша жасалған. Алыптың, алыпты аударудың, классикалық үлгіні, классикалық түрде жеткізудің жолы осы емес пе?


Ал енді бесінші актінің сахнасында ұйқыда жатқан Дездемонаны өлтіруге келген Отеллоның ұзақ монологындағы мына бір жолдарын оқып көрейік:
Себеп бар, жаным, себеп бар!
Жарқыраған жұлдыздар
Айтпасам да себеп бар
Қан ағызбан, жара салман,
Қардай атпаң,
Ұлпадай майда еміңе
Бірақ өлмей болмайды-
Басқаларды алмайды.
Ал өлеңмен берілген осы сезім, осы жолдар аударма деген сөздің ауқымына сияр ма? Төгіліп тұрған поэзия емес пе? Бұл келтірілген үзінділердің түпнұсқамен дәлме дәл келетіні өз алдына, тіпті аударма емес өз ана тілімізде жазылған шығарма десе де сенесіз
Бұл шығарманың сюжеті негізінде отбасылық драма болғанымен, негізінен ол Қайта өрлеу дәуірінің қарама-қайшылықтарын бейнелейді. Отелло дәуірдің ұлы тұлғаларына тән алыптардың қасиеттерін иеленеді; солар сияқты өз уақытының авторлық рухымен өмір сүріп келеді. Бұл өзінің өмір туралы әңгімесінде айқын көрінеді. Белинский былай жазды : “Отеллоны өз әйелін өлтіруге себепкер боған оның күшінің тереңдігі: сондай адамдарда жаңа трагедиялық коллизияның мүмкіндігі жатады; тек мұндай махаббатан ғана соншама қызғанушылық тумақ”. Алайда трагедия тақырыбын, қызғанушылық қана анықтамайды. Ал Пушкиннің айтуынша: “Отелло табиғаттан қызғаншақ емес, керісінше, ол өте аңғал”. Қаһарман алданған сенім трагедиясын басынан кешеді.
Қайта өрлеу дәуірі адамның ең жақсы иеленген Отеллоға Яго қарама-қарсы келеді. Яго да сол заман адамы, ол да өзінше алып, ол да авантюрлық сезімдерге толы. Бірақ ол - зұлымдық алыбы. Ол – адамдарға сенбейтін, жоғары сезімдерді жатсынған, қара күншілдік пен зұлымдыққа толы адам. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін басқа адамдар тағдырын аяққа басуға да даяр.
Адами деген сезімсіздігімен Отеллоға қарсы қаскүнемдік жасайды. Ол Отеллоны Дездемонаның олқы қылықтарына сендіреді. Отеллоның ішкі жан дүниесі қызғаныш пен ызаға толы. Бірақ Дездемонаны өлтіру себебі бұл емес. Бұл жерде ол оны (Дездемонаны) өмір негізін бұзған, адамдар арасындағы сенімді бұзушы адам ретінде таниды. Ол өз жазысын шығарып, оны өлімге кеседі, себебі “ол басқаларды да азғырындыуы мүмкін”.
Дездемонаны өлтіре, Отелло өзін әлемді зұлымдықтан, жамандықтан тазартушымын деп ойлайды. Ал негізінде ол қаскүнемдік құрбаны болып қалады. “мен жек көріп ештеңе де жасаған емеспін, мен ұяттан қорықтым”, - дейді өз әрекеттерін түсіндіре. Ал Дездемонаның күнәсіз екенін анықталғанда, Отелло өзінің ағаттығын түсініп, өзін де өлім жазасына кеседі. өзін-өзі өлтіру өмірден қайту шешімі емес, бұл әділетті жаза, Отеллоның жасаған қателігін өтейтін жаза. Ол Дездемонаның күнәсіз екенін біліп, өлер алдында сенімділіктің бар екенін, тек жалған мен шынайы сезімдерді айыра білу керектігін аңғарып кетеді. Әлемнің құлықтық тәртібі Отелло Дездемонаның күнәсіздігін дәлелдейді. Алайда оның өз күнәсі бар ғой. Ол - жаман адамға сену. Осылайша Яго екі рет жеңіліске ұшырайды: ол өзінің бақытын басқалардың қайғысына негіздей алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет