Қорытынды
Халқымыздың жалпы мәдениетін өркендету үшін ең алдымен оның өз ана тіліндегі әдебиеттерді көбейту қажет. Ғылым мен техниканың барлық салалары жөніндегі, экономика мен мәдениетіміздің мәселелері жөніндегі кітаптарды, көркем әдебиет шығармаларын бұрынғыдан да гөрі көбірек шығаруға біз ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Кеңесте аударманың принциптері туралы мәселе кеңінен талқыланды. Түпнұсқаны қалай болса солай өзгертіп, шамамен долбарлап, шығарманың мазмұнына, автордың стиліне нұқсан келтіріп, еркін аудару әдісін жұрттың бәрі теріс әдіс деп тапты. Ал жоғары сапалы аударма жасау маман адамдардың ғана қолынан келеді
Көркем аударма саласыда жолымыз, барар бағдарымыз қайсы жеткен жеткен жетістігіміз мүлт басқан жеріміз қандай деген сияқты мәселе аударушыларды ойландырғалы көп болды. Бірақ жұртты толғандырған осы сұрақтың төңірегінде баспасөз беттерінде пікір алысулар, үлкен ойлар айтылмай келді. Жақсы аударма да жаман аударма да жұрт талқысына түспей жаулы күйінде қалып жүрді. Бізде аударма сынының, аударма сыншысының жоқтығы осылай аңғартады. Кейбір тиіп-қашты мақаласындағы “орысшасы олай екен, қазақшасы былай бопты, пәлен жерден сөз қалып қойыпты, түген жерде бір жалғаулық түсіп қалыпты” деген сияқты пікірлер істің техникалық жағына кейбір септігін тигізгенімен, көркем аударманың келелі мәселелерін қамтуға толғамы тар, қарпауы кем, қарымы қысқа жатыр.
Әңгіме түпнұсқадағы жеке сөзде емес, сыршыл нәзік сезімді. Жеке сөйлемді емес, көркем образды аударудың әр жазушының өзіне тән ерекшелігін, оқшау қасиетін аударудың шарттарын сөз етуде, соны тапқырлықпен терең талдап, көрсетуде болып отыр.
Әрбір аударманы төл шығармамен қатар санамаушылық бар. Жақсы аударушыны жазушы санасын қоспаушылық бой көрсетеді
Аударма тарихына үңілсек, қазақ әдебиетіндегі көркем аударма өнерінің етеден көзге түсер ерекше бір қасиеті әуелден – ақ орыс классиктерінің Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларының аударылуы. Абай бастаған осы өнердің жақсы үлгілері қазақ әдебиетінің мұрасы болып қалғаны туралы мақтанышпен айтып келеміз. Сонымен қатар аударма тәжірибесінде басқа да көптеген мәселелер бар. Соның ішінде аударма өнеріндегі көркемдік, дәлділік дегендердің мазмұны неде деген сауалға жауап ізделуі – аудармадағы бүгінгі күннің зәру мәселелерінің бірі. Аудармадағы ана тіліміздің орны, ерекшелігі, салмағы туралы, оны іске асырушы аудармашының өнері, таланты, эрудициясы туралы мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор. Бұлардың бәрі – аударма жолын іздеу. Ондағы проблемаларды күнтәртібіне қоюдың басты бағыттарның бірі.
Аударма өнері аудармашы еңбегі туралы біз үлгі тұтарлық зерттеулер орыс әдебиетінде де, басқа туысқан халықтар әдебиетінде де, дүние жүзі әдебиетінде де бар.
Көркемдік дегеніміздің өзі өз дәлділіктен, түсініліктіліктен туады. Мұнсыз көркемдік болу мүмкін емес. Көркем аудармаға ақиқатына жету қиын, жатқан бір тұңғиық деген көзқараспен қарау дұрыс болмас па еді, барлық өнер сияқты аударма өнеріне де қойылатын талаптың да, көркемдіктің де белгілі шегі, мөлшері бар.Сол мөлшерді, шекті ана тіліміздің икемділігі, мүмкіндігі көлемінде шешкен лазым. Аударма өнерінің табысы дегеніміз - аударылған шығарманың көркемдік тұрғысынан да, мазмұн дәлелдігі жағынан да, стильдік орайында да, түпнұсқадағыдай болып шығуын айтамыз.
Аудармашы көптеген шарттармен қоса, мына негізгі үш талапты ұмытпаған жөн.
Олар:
көркемдік;
дәлдік;
түсініктілік.
. Ана тіліне жасалатын қиянаттардың көпшілігі аударылып отырған жазушы тілінің ықпалы көбірек болатыны байқалды. Тілге жасалатын ықпал, дегенде екі бағыт бар:
түбірі бір тілдердің бір-біріне ықпалы. Бұл - тіл ғылым негізінде жүреді. Мұнда салғастыру әдісінде қолдануға болады.
Жалпы сөз мәдениетінен туатын ықпал. Ол тілдің морфология, синтаксисіне оншалықты ықпал етпейді. Етсе де бірен+-сараң шамалы сөз тіркестерінде бой көрсетуі мүмкін.
Аударма тіл өнерінің барлық қасиеттерінің өлшем-таразысы емес. Сол сықылды, бүкіл тіл мәдениетінің негізі аударма бола алмайды және болмайды да. Жалпы аударма тілі жазушы тілін, стилін зерттеуге негіз етіп алынбайтыны да осыдан. Мұның ғылымда, жалпы әдебиет дүниесінде басы ашық. Бұл орайдағы түпқазық төл шығарма, соның тілі, стилі. Абай аудармаларындағы жаңа ұғымдардың өзін қазақ тіліне Абай әкелген ұғымдар деп қарайтынымыз да осыдан. Бұл Пушкин, Лермонтов, Крылов стилінің үлгісі емес, аудармашының ғана, Абай тілінің үлгісі.
Әйтсе де бұларды бір-біріне қарсы қоюдан аулақпыз. Аудармада ана тілі ғана жетекші рөл атқарады дегенді есте сақтаған жөн..
Аударма жанрын және аударма әдебиетін сөз еткенде, даусыз, дүйім жұртқа әйгілі ақиқат мынау: барлық ұлтта сол әдебиеттің төл шығармаларындай қабылданатын аударма үлгілері бар. Бұған орыс әдебиетін үлгі етуге болады. Осындай аударма үлгісін жасап төл әдебиетімізді байыту әлі де өз шеберлерін күтіп тұрған мәселе. Бұл Абай салған дәстүр негізінде орыс классиктерінің шығармаларын аудару арқылы шешілуі керек сияқты.
Әрине, орыс классикалық әдебиетінің ана тіліміздегі шыңдарын жасау мәселесін ұлт әдебиетінің зергерлері ғана шешеді. Басқа жол жоқ. Бірақ, өкінішке қарай, олрадың өз шаруасын ғана күйттеуде, аудармаға самарқау. Абай дәстүрін дамыту, тереңдету орнына – іргені аулақ салып жүр. М.Әуезов “Дворян ұясын” аударды. Жай аударған жоқ, принциппен әдейі аударды. Бұл іздену жолы еді. Өз қара басының ішндегісі ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің болашағы үшін ізеніс. Кемеңгер жазушы бүкіл әлем әдебиетінің уызын еміп өскен, замана биігіне көтеріліп кеткен орыс әдебиетінің игі дәстүрін молынан игермейінше - жауын күткен өскіндей болып жатқан құнарлы төл топырақтың гүлдемейтінін білді. Қыруар шаруасын ысырып қоя тұрып, жанын салғаны солан. Бұл ізденістің кемшілігі де, жетістігі де жоғарыда айтылды.
Қорыта келе, аударма саласының кез келген дәуірде дамуын жалғастыратын сала болып қалады деген ойдамын. Бүгінгі таңдағы аударманың маңызы өте зор. Қазіргі кездегі жаһандану үрдісіне байланысты оның мәдени және әдеби интеграцияға қосатын үлесі де мол.
Достарыңызбен бөлісу: |