2.2. Мұхтар Әуезовтың көркем аудармалары
Мұхтар Әуезов аударма саласында көп еңбек еткен қайраткер. Әдебиеттегі жанрлар бойынша драмалық шығармаларды, роман, әңгімелерді аударған. Оның аударма қорына келесілерді жатқызуға болады:
1 – кесте
Мұхтар Әуезовтың аудармалары
№
|
Шығарма
|
Жанр
|
Автор
|
1
|
“Ревизор”
|
Пьеса
|
Н.В.Гоголь
|
2
|
“Любовь Яровая”
|
-
|
К. Тренев
|
3
|
“Отелло”
|
-
|
В. Шекспир
|
4
|
“Асауға тұсау”
|
-
|
В. Шекспир
|
5
|
“Қорқыныш”
|
-
|
А. Афиногенов
|
6
|
“Ақсүйектер”
|
-
|
Н. Погодин
|
7
|
“Той тарқар”
|
Әңгіме
|
Л Толстой
|
8
|
“Будда
|
-
|
-
|
9
|
“Булька”
|
-
|
-
|
10
|
“Аққасқа”
|
-
|
А. Чехов
|
11
|
“Қасқыр”
|
-
|
Джек Лондон
|
12
|
“Жердің жаратылысы туралы әңгімелер”
|
-
|
Ю. Вагнер
|
13
|
“Дворян ұясы”
|
Роман
|
И. Тургенев
|
2.2.1. “Дворян ұясы” романының аудармасы
Көркем сөздің шын шебері жалғыз орыс әдебиеті ғана мес, дүниежүзілік көркем әдебиет классиктерінің қатарында аталатын И.С.Тургеневтің (1818-1883) ”Дворян ұясы” атты романы 1859 жылы жазылған. Автордың аз жылдар ішінде жазған бір топ ірі романдарының ең көрнекті, көркемінің бірі осы ”Дворян ұясы”.
Бұл романның айналасында туған Тургеневтің үлкен шығармалары “Рудин” 1856 жылы жазылған. Өзге барлық басқа романдарыменен және көп көркем әңгімелерімен зор атаққа ие болумен қатар ол өзінің көзі тірісінде-ақ Батыс Европаның да көп елдеріне мәлім даңқты жазушы болып үлгерген-ді.
Орыс әдебиеті көлемінің тарихтық орын алғанда ”Дворян ұясы” романы - Пушкин дәстүріне жақын, нақтылап айтқанда “Евгений Онегин” дәстүрімен жалғас шыққан шығарма. Романда да, поэмада да орыс табиғатының көрініс, уақиға баянына да және қаһармандардың ішкі сезімдеріне де үнемі оралып, аралас суреттеледі.
”Дворян ұясы” да - тарихтық роман емес. Бірақ бұл әлсіреп, солғын тартып бара жатқан орыс дворяндарының тағдырымен байланысты болған тарихтық процесті көрсететін роман. Сонымен қатар, ”Дворян ұясы” романы үлкен герой жайындағы роман емес, бұл роман енді ғана жаңа тәсіл туғызып өсіргелі келе жатқан Россияның аналық топырағы жаңғыруы жайындағы роман деп танылады.
Осы атаулы романды аударған кезінде ол дәл аударуды іске асырған. Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады. Бұл жөніндегі дәл аудару дегенді автор сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару деп түсінеді. Сондықтан қанша ұзын болса да, романның өзіндегі сөйлемі үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше сөйлем болып берілмейді. Соның орайына орысша текстің өзінде болған тыныс белгілерінің (пунктуацияның) көбі қазақша тексте де мол қолданылады. Сөйтіп, Тургеневтің сөйлемдері қазақшасында да өзінің ұзынды-қысқалы көлемімен дәл беріледі. Бұлай етудің себебі бар. “Орыстың ұлы классикалық әдебиет үлгісін аудару арқылы аударушы – жазушы мен өзім сол асыл нұсқаның шеберлігін үйренуге тырысамын” - деп жазады аудармашы. [ 14,296]
Сөйлемнің дәл беру жазушының стилін дәл беруге төтелей себепші болады. Стилін білсе, сол жазушының өзгешелік ерекшелік қасиетерін де толық танитын болады. Олай болса, Тургеневтің өзінің тургеневтік сөйлемдерімен, Гогольды гогольдік периодтарымен, Л.Толстойды оны өзінің, басқыштап келетін сөйлемдерімен, сол сияқты Шолоховты және де өзінің сөйлем ерекшеліктеріменен дәл беруге тырысу керек.
Тургеневтің романы өз тіл, стилімен дәл беруді мақсат еткендіктен аудармашы романның геройларының аузына, немесе автордың аузына қазақтың мақал-мәтелі сияқты және т.б. талай түрлі тіл кестесі, сөз айшығы, өрнегі сияқты ерекше, қазақша әшекей бояуларды салмауға тырысты. Себебі ондай қазақ әдебиеті тілінің өз көлемінде заңды болатын, қазақ адамының немесе жазушысының сезуіне, ойлауына, айтуына қонымды боп келетін, осы тілдің өз көлемінде ғана заңды, бірақ өзге тілдерде, орасан өзгешелік түрінде сезілетін сөз құрамдары мұндай орынға қолдануға қолайсыз болады.
Мұхтар Әуезов “Дворян ұясын” аудару кезінде өзі ұсынған синтаксистің теорияға байланысты сөйлем құрылымдарын автордың стиліне сәйкес аударуды көздеген.
Қазақ аударма әдебиетін зерттеу де осы синтаксис туралы аудармадағы жақсылы-жаманды әрекеттерді сөз еткен Ә.Сатыбалдиев еді.
Аударма сынында басқа тілдің көркемдік, стильдік енрекшеліктерін беру қиыншылықтары, көбінесе орыс тілінен аударудағы тәжирібелердің төңірегінде сөз болумен тынып жүр. Мұнда аударылатын тілдің көптеген сөздерін аудармаға кіргізу - шығарманың ұлттық рухын, колоритін сақтайды – мыс делінеді.
Біздің ойымызша, “орыс тілі синтаксисін түгел көшіру” теориясында да жоғарғы пікірге ұқсас жайттар бар. Қалайда, түпнұсқаның “синтаксисін” кіргізу шарт делінеді. Мұның практикадағы көріністері ретінде орысша фразалар мен сөйлемдерді тікелей көшіру тенденциясы бағыт алып жүр.
Бұл проблеманы қазақ әдебиетінде тұңғыш көтеруші де, оны өз аудармасында іске асырушы да М.Әуезов.
“Дворян ұясы“ романының М.Әуезов аударған аудармасы жайлы сыншы, ғалым М.Қаратаев былай дейді: “Аудармашы түпнұсқаға сөзбе-сөз ұқсатамын деп, кітаптың оқушыға түсініктілігін ауырлатып алған. Тургенев прозасының нәзік психологиялық суреттерін толық жеткізе алмаған”.
Ә.Сатыбалдиев бұл аудармаға “Рухани қазынада” арнайы тоқталған. Ондағы негізгі пікір мынау:
“Жалпы принципін дұрыс қойғанмен, М.Әуезов бұл проблеманы іс жүзінде қалай шешу керек екенін кеңінен талдап көрсетуге үлгермей кетті. Сонымен қатар, оның осы тәсілді принцип ретінде әдейі қолданған жерде, яғни “Дворян ұясының” аудармасында, сол сөзбе-сөз, жолма-жолдықтың ұнамсыз жері де жоқ емес”.
Алайда бұл аударма (“Дворян ұясы“) ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеуді керек етеді, өйткені, мұнда бұрын аударма өнерінде небір тамаша үлгілер көрсетіп, еркіндік пен дәлдікті шебер ұштастыра білген классик жазушының әдейілеп жасаған бет бұрысы бар. Сондықтан да бұл еңбектің дәл аударудың жолындағы қиындықтарды көрсетеін көп мысалдар табуға болады.
“Түпнұсқаның бүкіл стилін, үн-ырғағын, барлық ерекшеліктерін жеткізу – аударманың ең жоғарғы мақсаты...бірақ соны қалай жеткізу керек? Мәселе, міне, осында”... Аударма жасалған кездегі тіл шеңбері, уақыт әсері дегендер аудармаға ықпал етпей тұрмайды дегенмен де, біздегі осы бағытпен аударылған, аударылып жатқан шығармалар ана тілін тірек етіп ұстаудан айырылып қалушылық болды, әлі де бар. Оның үстіне мұны қолданушылар бір ғана тіл білмейтіндер, не әріпқойлыққа түсушілер емес. Бұл жазушылар тіліндегі ерекшелік те емес. Бұл аударма әдебиетіндегі қазір “асқынуға” әкеп соққан бір “әдіс”.
М.Әуезовтің орыс классикалық әдебиетінен алған үлгілері, тіл өнері, ой тереңі бәрі де аудармаларынан да белгі беріп отырады. Осы арада “Дворян ұясын“ аударудағы жазушының аудармиашылқ автопортретінің айрықша көрінетін кезеңдерін бөлекше сөз еткен жөн. Автопротрет дегеніміз – аудармашының үлкен сөз шебері дәрежесіне көтерілуі, өз қолтаңбасының айқын танылуы. М.Әуезов түпнұсқаға жақын отыру принципін көп жерлерде өнер дәрежесіне көтереді. Ондайда Тургенев стилі дәл де әдемі беріледі. Тіпті ана тілінің нормасынан шағын шығып кеткен жерлеріне де іздену белгілері анық танылады. Осы бір жайдың мәніне бармаған кейбір сыншылар М.Әуезовке “Дворян ұясын“ эксперимент есебінде аударды” деген пікір таңды.
Осы аудармадағы жұртты шошындырған нәрсе – ол тіпті жақын тұруы еді. Мұнда бір-біріне грамматикалық байланысы аз екі халықтың тілін жақындастыру мақсаты қойылғанға ұқсайды. Әуезовтің тіл шеберлігі дарыны мұны көп орайда жеткізе де білді, өйткені ондағы сезімді, тіл кестесін, ой астарын күні-бұрын біліп отырды, сондықтан да сөзбе – сөз аудармалары дәл шықты.
М.Әуезовтің осындай “тұпнұсқаға жақын отыруы мұны толық беру” әрекетінде әдеттен тыс тіркестер де жоқ емес. Бұл баяғы “давайте сделаем как у автора” делінетін, немесе классикалық жазушыларды сол қалпында бере қою теорияларына жақын тұр. Аудармада автордың “стилін сақтау “ – “тыныс белгілеріне шейін сақтау” деген пікірдің аударма практикасындағы көріністеріне де осы аударма ұйытқы болды. “Дворян ұясын” басқа аудармалардан даралайтын кейбір ерекшеліктерге үңілейік. Аударманың көркемдігі, жеңіл оқылатыны, көбінесе, “тыныс белгілерін, синтаксисті сақтау” ғана болып отырған жоқ. Олар Әуезовтің көркем тілі арқылы, авторды толық түсініп, шығарманы жете игеруден т.б. шығып жатады.
“Ночь была тиха и светла хотя луны не было”.
“түн тыныш, ай бомаса да жарық екен”.
“Лаврецкий поднялся и начал возражать Паншину; завязался спор”.
“Лаврецкий түрекеліп, Паншинге қарсы сөйлей: дау басталды”.
“День пронесся быстро в этих размышлениях, начался вечер”.
“Осындай ойлармен күн тез өтті де, кеш те батты”.
“Он ей сам по себе не очень нравился, да и Паншин, под влиянием которого она находилась, весьма коварно, не небрежно похвалил его накануне”.
“Мұның өзі де оншалық ұнамайтын және Паншин де өзінің бұл әйелге ететін әсер бойынша кеше жігітті аса арам түрде және астамшылықпен мақтаған болған”.
Соңғы сөйлемге назар аударсақ, нұсқада үш үтір, бір көмекші “и” тұр, ал қазақшасында “жәнеден” басқа сақталған тыныс белгілерін көрмейміз. Басқа үзінділерді осындай мұның өзі тыныс белгілерін де қолдану жөніндегі біздің жоғарыдағы пікірлерімізді тағы да растап отыр. Өз заманында орыстың ұлы сыншысы Белинский аударма орыстың көркем әдебиетіне жатады деген. Синтаксис жайында айтсақ, қазақ әдебиетінің қазақ тілінің нормасымен заңымен жазылуға тиіс, оған басқа тілдің заңы жүрмейді. Кейбір ұқсастықтар болуы мүмкін. Бірақ ол ортақ заңдылыққа жатпайды, ендеше, аудармада төл шығармада сияқты үлкенді-кішілі тыныс белгілері сияқты жалпылы ырғағымен, грамматикалық құрылысымен байланысуы тиіс. Мұхтар Әуезов аудармаған сөйлемдерден келтірілген мысалдар аз, соны көрсетіп отыр. Олай болса, сол сөйлемдердің синаксисі де, тыныс белгілері де, негізінен бір ғана қазақ тілінің заңына бағынуы керек. Автор сөйлемдерінің синтаксисін, тыныс белгілерін сақтаймыз деу – көрінер көзге ана тіліне қорлық болар еді. Қысқасы, түпнұсқаның тыныс белгілерін толық жеткізу “проблемасы ”дегенді дәлдікке ұмтылудан туған жақсы ықылас деп қарауымыз керек. Бірақ мұны жазушының өзіне тән стилін берумен шатастырмаған жөн: орыс классиктерінің шығармаларындағы ситкасистік сөйлем құрылыстарын беру мәселесі өз алдына сөз болар тақырып. Ал аударманың тәжірибесі нені көрсетеді? Ол болашақ ісі түпнұсқадағы синтакситік, грамматикалық ерекшіліктерді беру аудармашының талантына да байланысты болу ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: |