2.1. Түпнұсқа стилі мен оның аудармадағы қалпы Аударма өнерінің әдістемелік алғы шарты мазмұн мен форма бірлігінің диалектика-материалистік ұстанымы болып табылады. Бұл ұстанымның бұзылуы көркем аудармаға зиян келтіреді. Форманың негізгі компоненттерінің бірі болып шығарма стилі танылады. Стиль туралы нақты анықтамасын М.П. Брандес өзінің мақаласында былай береді: “Стиль - бұл мазмұнды көркемдеу тәсілдерінің бірі”. [16, 116]
М.П.Брандес шығарма стилін ішкі форма деп дұрыс қарастырады. Шығарманың мазмұны ретінде біз сюжет, кейіпкер бейнелеріне құрылған жүйеден тұратын образдылық көркем шығарма жүйесі деп танимыз. Осыдан барып, стиль - бұл бейнелік немесе көркем мазмұн формасы деген тұжырымға келуге болады.
Сонымен, шығарма стилі, Брандестің айтуынша, көркемдік-сөйлеу элементтерінен тұратынын білдік. Сол себептен шығарманың нақты-объективтік негізіне сүйене отырып, аудармашы түпнұсқаның стилін ұғынуы тиіс. Түпнұсқаның стилистикалық жүйесінің бұзылуы оның бейнелілік құрылымының және көркем мазмұнының бұзылуына әкеледі.
Стильді сақтау проблемасы 1967 жылы өткен “Көркем аударманың өзекті мәселелері” атты Бүкілодақтық симпозиумде көтерілген болатын.
Осыдан барып, стильді сақтау көркем аударманың қажетті шарты болып табылмақ, дегенмен де барлық сыншылардың айтуынша ол үнемі іске асырылмайды Аудармада міндетті түрде тілдік айырмашылықтар пайда болып отырады. Олар тілдердің әр жүйелілігімен, аудармашының интерпретациялық ұстанымымен, тілдік құралдарды таңдаумен, тұпнұсқаны қабылдау деңгейімен шартталады.
Ең алдымен аудармашы автордың стилін (авторға тән шығарманың идеялық мазмұнын белгілеуші сөздер жиынтығын, синтаксистік құрлымдарды, образдарды құру жүйелерін, жанрлық ерекшеліктерін) түсініп меңгереді.
Аударма қызметінің ең алғашқы кезеңі болып түпнұсқа стилін меңгеру болып табылса, оның аяққы кезеңі болып толыққанды көркем шығарма жазып шығару табылады.
Поляк ғалымы Зенон Клеменсевичтің айтуынша: “Түпнұсқаны элементтер сомасы емес, жүйе ретінде, элементтердің механикалық тіркесуі емес, органикалық тұтастық ретінде түсіну қажет”. Аударманың міндеті түпнұсқаның құрылымы мен элементтерін қайта жасап шығарудан емес, олардың қызметін түсінуден табылады”. Осылайша функционалды ұқсастық тұжырымдамасы шығады (оның маңызы келесіде: түпнұсқаның белгілі бір элементтерінің информациялық қызметі зерттеледі де, сол қызметті аударма кезінде қандай тілдік құралдар орындайтыны анықталады). Демек, аудармашының міндеті екі тілдік жүйелерді салыстырудан келесілерді шығарудан тұрады:
1. Екі тілдік жүйенің қай информациялық құралын эквивалентті деп санауға болады?
2. Түпнұсқа тілінде бар, бірақ аударма тілінде жоқ информациялық құралдарды анықтау:
3. Түпнұсқа тілінде жоқ, бірақ аударма тілінде бар информациялық құралдарды анықтау:
Аудармашының жұмысы стилистикалық кілтті іздестіріп табудан басталады. Бұл түпнұсқаға тән ырғақ, интонация, синтаксистік құрылымдардың сәйкес келе аудармада берілуі қарастырады. Бұл элементтердің барлығы органикалық түрде автордың дүниетанымымен байланысты болу керек. Сол себептен аудармашы түпнұсқада берілген көркем шындықтан (мәлімет көлемі) хабардар болуы керек, тілді өте жақсы білуі керек және оның эстетикалық қабылдау деңгейі (көркем елестету) жоғары болу керек.
Тіларалық сәйкестіктерді (стилистикалық және лексикалық) іздестіру көркем аударманың қосымша қызметі болып табылады. Ал негізгі қызмет көркем сәйкестік мәселелерін (мазмұн мен тұлға бірлігі) зерттеуден тұрады. Жоғарыда айтылғандай, аударма процесі – бұл шығармадағы мәліметті басқа тіл құралдары арқылы беру. Осыдан барып сөздегі мәлімет көлеміне де көңіл бөлуіміз қажет.
В.С. Виноградов сөздің информациялық құрылымында ең алдымен информацияның екі негізгі типін қарастырады: экстралингвстикалық (айрықша мәнді) және лингвистикалық (қызметті)
Бірінші типті мәліметтерге болмыстың кез келген құбылыс, факт, нысаналары, сипаттары, ерекшеліктері, жағдайлары, қасиеттері, сапалары туралы ұғымдар мен көзқарастар кіреді. Екінші типтес мәліметтер ішкі тілдік мазмұнға ие.
Сөз негізінен тек қана мағыналық қызметке ие болып қоймайды. Ол эмоционалды-экспрессивтік қызмет атқарып, сөйлеушінің әлеуметтік қатынасы туралы мәлімет береді.
Кез келген тілдің лексикасы қоғамның дамуымен, оның тарихымен байланысты, ол тілдің ұлттық ерекшеліктерін көрсетеді. В.С. Виноградов информацияның атаулы типтерінен басқа көркем сөйлеудегі сөз мәліметінің тағы да 5 түрін атайды. Олардың ішінде ол ассоциялық - бейнелік информацияны ерекше атайды. Атаулы құбылыс кез келген авторлық троп, сөздің ауыспалы мағынасының мазмұнын береді. Олар бағалау бояуының, автор және кейіпкерлер тілінің эмоционалдық нақтылығының және олардың сөйлеу тілнің жекешелену құралы ретінде қызмет атқарады.
Аударманың стилистикалық анализінің алғы шарттарының бірі болып аударма мен түпнұсқа мәтіндеріндегі эквивалентті лексикалық бірліктерінің қызметтері мен семантикасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды анықтау табылады. Лексикалық сәйкестіктердің анализі бізге М.Әуезовтың драмалық шығармаларды аудару кезіндегі шығармашылығының алдыңғы кезеңі туралы, оның эквивалент синонимдерді таңдау ұстанымдары туралы, қарапайым лексиканы аудару туралы, реалий сөздерді аудару туралы, оның сөз шығармашылығы туралы, фразеологиялық тіркестерді аудару туралы сөз қозғауға мүмкндік береді.
Мұндай типтегі жұмыстарды жүргізуге қазақ және орыс тілдерінің стилистикасы көмекке келеді. Драмалық шығармаларды аудару кезінде кездесетін қиындықтар атаулы жанрдың ерекшіліктерімен шартталады
Кейіпкерлер сөзін жекелеу міндеті драматургтерді өз шығармаларында жай органикалық, кәсіби және басқа да лексиканы пайдалануға мәжбүрлейді. Тілдің рөлін драматургияның бейнелеу құралы деп терең түсіну негіздері М.Әуезовтың еңбектерінен табылады.