2.3 Ұн сапасының органолептикалық көрсеткіштерін анықтау Органолептикалық көрсеткіштерді анықтауда сыналатын ұнды МЕМСТ-тағы бекітілген үлгілермен, сипаттамалармен, мәліметтермен салыстырады. Ұнның түсі, иісі, дәмі мен қышырлығын анықтауды МЕМСТ 27558 бойынша жүргізеді.
Иіс, дәм мен қышырлықты анықтау.
Анықтау техникасы. Ұнның кішкене мөлшерін (20 г-ға жуық) таза қағазға себеді, деммен жылытады және иісін зерттейді. Ұнның иісін сезінуді күшейту үшін ұнды стаканға салады және үстіне ыстық су құяды (60°С), сосын суды төгіп сыналатын ұнның иісін анықтайды.
Дәм мен қышырлықтың болуын әрқайсысы 1-2 г болатын бір-екі ұн өлшемін шайнау арқылы анықтайды.
Күдікті және таласты жағдайда, одан пісірілген нанды сынай отырып ұн иісі мен дәмін, сондай-ақ қышырлықтың болуын анықтайды.
Түсті анықтау.
Ұнның түсін анықтау сыналатын үлгіні бекітілген (эталон) үлгімен салыстыру пресстелген үлгілерде жүргізіледі.
Сыналатын ұнды құрғақ және сулы үлгі бойынша сәйкес МЕМСТ-та берілген түс сипаттамасымен немесе бекітілген үлгімен салыстырады. Сондай-ақ, ұн бірегейлігін құртатын бөтен қоспа мен бөлек қабыршақ бөлшектерінің болуына көңіл бөлу керек.
Түсті күндізгі шашыраған жарықпен немесе жеткілікті жарқын жасанды жарықпен анықтайды. Арбитраждық талдау тек қана күндізгі шашыраған жарықта жүргізілуі тиіс.
Анықтау техникасы. Таза құрғақ тақтаға (немесе шыныға) шамамен 50х150 мм 5-10 г сыналатын ұнды және бекітілген үлгіні себеді. Беті тегіс күрекше немесе шыны қабырғасымен 5 мм-ге жуық қабат түзілетіндей және бекітілген үлгінің ұнымен сыналатын ұн жанасатындай етіп ұнның екі порциясын (араластырусыз) тегістейді. Содан кейін ұнның бетін тегістеп, шыны пластинкатамен жауып бастырады. Күрекше немесе шыны қабырғасымен тікбұрышты ұн тақтасы қалатындай бастырылған қабаттың шеттерін кеседі. Одан кейін сыналатын ұн мен бекітілген үлгіні салыстыра отырып құрғақ үлгі бойынша түсті анықгайды.
Сулы үлгі бойынша ұн түсін анықтау үшін ұнның бастырылған үлгілері бар пластинкаларды көлбеу қалыпта (30-45°) бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа салады, ауа көпіршіктерінің іпығуы токтағаннан кейін үлгілері бар пластиканы судан алады. Ұнның органолептикалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін кесте 1 берілген мәліметтер бойынша рәсімдейді.
Ұнның органолептикалық көрсеткіштері