Тақырыбы: Наубайхана өндірісіндегі технохимиялық бақылау



бет2/4
Дата16.02.2023
өлшемі59,51 Kb.
#68365
1   2   3   4
Негізгі бөлім
2.2 Ұн сапасын анықтау әдістері
Нормативті сілтемелер
- МЕМСТ Р 52189-2003. Бидай ұны. Жалпы техникалық шарттар.
- МЕМСТ 7045-90. Наубайханалық қара бидай ұны. Техникалық шарттар.
- МЕМСТ 9404-88. Ұн мен кебек. Ылғалды анықгау әдісі.
- МЕМСТ 12183-66. Қарабидай-бидай мен бидай-қарабидай наубайханалық қара ұны. Техникалық шарттар.
- МЕМСТ 20239-74. Ұн, жарма және кебек. Металлмагнитті қоспаны анықтау әдісі.
- МЕМСТ 27494-87. Ұн және кебек. Күлділікті анықтау әдісі.
- МЕМСТ 27558-87. Ұн және кебек. Түс, иіс, дәм мен қышырлықты анықтау әдістері.
- МЕМСТ 27559-87. Ұн және кебек. Астық қорларының зиянкестерімен зақымдалуы мен ластануын анықтау әдісі.
- МЕМСТ 27560-87. Ұн мен кебек. Ірілікті анықтау әдісі.
- МЕМСТ 27839-88№ Бидай ұны. Наубайхана өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып түрлі сұрыпты бидай мен қарабидай ұны табылады.
Қазіргі таңда бидай ұнын бес сұрыпта өндіреді: майда ақ ұн (крупчатка), жоғары, бірінші, екінші, қарапайым; қарабидай ұнын үш сұрыпта өндіреді: еленген, кебекті және қара..
Сондай-ақ ұнтартудың қарабидай-бидай ұнын (60 % қарабидай мен 40 % бидай) және бидай-қарабидай ұнын (70 % бидай мен 30 % қарабидай) өндіреді.
Сонымен қатар, макарон өнімдеріне арналған ұн өндіргенде қатты бидайдан екінші сұрыпты ұнды алады, оны жұмсақ бидайдан алынатын екінші сұрыпты ұнмен қосып нан пісіруде қолданады.
Ұн немесе кебек партиясы деп сақтауға, біруақытта қабылдауға, тиеуге, өткізуге немесе сапалық бағалауға арналған бір сұрыпты өнімдердің белгілі мөлшерін айтады.
Ұн сапасын алынған орташа үлгі талдауының негізінде әр бөлек партияға орнатады.
Зертханалық талдауға арналған орташа үлгіні 2,0-2,5 кг көлемінде алады. Партияда ұнның біркелкі болмаған жағдайда ойып алу әр бесінші қаптан немесе ойып алуды алатын адамның көзқарасына сәйкес одан да көп қаптан алады.
Ұнды автоұнтасығышта (сурет 30) нан зауытына жеткізуде бекітпе краны бар және иілімді шланг қосылған жерден 400-500 мм қашықтықта 30-45° бұрышында ұн өткізгішке кіргізілген келте құбырлар арқылы жүк түсіру сәтінде әр цистернадан ойып алулар алынады. Келте құбырлардың аз қимасында ұнтасығыштың жүкті түсіру кезінде үлгілер алынады немесе кранды бірдей уақыт аралығында ашады, бірақ бір ұнтасығыштагы ұнды түсіруде 3 реттен көп емес.
Автоұнтасығыштағы ұнды түсірместен бұрын штуцерге киілген қапқа тікелей цистернадан үлгілер алуға рұқсат етіледі.
Автоцистернадан нан зауытының силостарында немесе бункерлерінде нақты араластыру мен ұнның бірегейлігі туралы куәландыратын сапалық куәліктердің мәліметін ала отырып, ойып алуларды араластырып, ұнның бастапқы орташа үлгісін құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет