Тақырыбы: Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стресті басқару


СТРЕССТІ БАСҚАРУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет4/11
Дата25.04.2022
өлшемі59,46 Kb.
#32163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стресті басқару

СТРЕССТІ БАСҚАРУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстандағы күрделі, тарихи өзгермелі, келеңсіз әлеуметтік, қоғамдықсаяси келеңсіз құбылыстар жиілігі интенсивті түрде етек жайып келеді.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз, деп мәлім етті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде.

Қоғамда әлеуметтік мәселелерге қоса, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сынды мәселелер жеткілікті. Мұның барлығы адамның тағдырын сипаттайтын феномен. Тұрмыстық сапаны жақсарту мәселесі тектен текке көтеріліп отырған жоқ, соны шешуге тура келетіндей шегіне жеттік [10].

Қазіргі газет-журналдардан, теледидар хабарламаларынан журналистердің халықтың психологиялық ахуалын сипаттайтын, адамдардың терең стресстегі күйзелістерін сипаттайтын көптеген мәліметтерді кездестіруге болады: Әділетсіздіктен қажыған, тұрмыс тауқыметінен тентіреп, құзырлы орындардың салғырттығынан басын тауға да, тасқа да соққан жандардың жанын сыздатқан мәселе; шенеуніктердің алдаусыратқан түрлі сылтауынан мезі боп, сағы сынып, тығырыққа Шетелдік зерттеушілерден де біршама стресстің концепциялары мен модельдерін қарастырғандар аз болмаған. Соның ішінде – Р.Лазарустың психологиялық стресінің когнитивті теориясы. Оның негізін стрессті субьективті көзқарастан когнитивті процесс арқылы қарастыру позициясы құрайды; кәсіби стресс тұжырымдамасы (А. Н. Занковский, Т. Сох, W. Schorpflug), стресстің әлеуметтік-психологиялық теориясы (D. Mechanik, R. Darendor, B.P. Darenwend концепциялары) және тағы басқалары. Р.Лазарус стресс туралы түрлі көзқарастар, оның теориялары мен модельдері көбінесе бір-біріне қарама-қайшы болатынын атап өтті. Бұл аумақта нақтыланған терминология жоқ. Тіпті стресстің анықтамасы өте жиі өзгеріп отырады. Р.Лазарус стресс түсінігін анықтау үшін екі негізгі нұсқаулықты қалыптастырды. Біріншіден, егер, стрессті психологиялық талдау кезінде тек сыртқы бақыланатын стресстік стимулдар мен реакцияны, бірнеше стресспен байланысты психологиялық процесстерді ескеретін болса, «стресс» деген түсінікті анықтауда терминологиялық қарама-қайшылықты жоюға болады. Екіншіден, стресстік реакция қауіп төндіретін қорғаныстық процестерді есепке алумен ғана түсінікті болуы мүмкін. Стресстік реакцияның сипаты сыртқы оқиғалармен өзара әрекет етуші тұлғаның психологиялық құрылымымен байланысты.

Ағзаның бейімделушілік резервін жүзеге асыруға көптеген ішкі және сыртқы факторлар, әлеуметтік-мәдени – саяси орта, индивидуалды мінез-құлық, денсаулықтың индивидуалды потенциалы, икемділіктер мен қабілеттіліктер, физикалық-биологиялық орта әсер етеді.

Стресстік фактордың бірі эмоционалдық қысым болып табылады. Ол адамның эндокринді жүйесінің жұмысындағы өзгерістер кезінде физиологиялық көрініс табады. Психоэмоционалды қысым (напряжения) – шектен тыс психоэмоционалды қысымның өсуі нәтижесінде қалыптасатын күй, психикалық және психомоторлық функцияның тұрақтылығы уақытша төмендеуімен сипатталады. Ол өзіндік вегетативті реакциямен кәсіби жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуінен көрінеді.

Қазіргі таңда ғалымдар психологиялық стрессті эвстресс (жағымды стресс) және дистресс (жағымсыз стресс) деп бөледі. Эвстресс кезінде өзін-өзі тану процесінің және танымдық процесстердің белсенділігі жүзеге асады. Жұмыс жағдайында пайда болатын дистресс жұмыс уақыты болмаса да кең ауқым алады. Өмірлік стресстер туралы біршама толық жіктеуін ұсынған Р. Т. Wong болды. Тағы да бір аумағы – тұлғаішілік стресс. Біздің сыртқы әлемге деген көптеген талаптарымыз бен оның бізге әсері осы стресс түрімен байланысты. Стресстің бұл түрі орталық күш болып, өміріміздің барлық аумағына әсер етеді. Егер адамның ішкі әлемі реттелмесе, онда ол біздің сыртқы әлемге кері әсерін тигізеді және тұлғааралық өзара қатынасты бұзады. Сонымен қатар, бұл топқа орындалмайтын күтілімдер, шынайыланбаған қажеттіліктер, мақсатқа бағытталмаған әрекеттер немесе мағынасыздық, жабысқақ естеліктер, оқиғаны адекватсыз бағалау және т.б. жатады.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның ең өзекті мәселесі не деп ойлайсыз?» деген сұраққа 1 кезекте үй-баспана, тіл, дін, заңның әлсіздігі қойылған екен. Оған қоса, «Сен және сенің өмірің Қазақстандағы ең өзекті мәселе» деп көрсетіпті. «Заң көп, күші жоқ», деген ойлар да айтылған.

Ақпарат көздері бойынша жарияланып жатқан митингіге, ереуілге, жеке пикеттерге шыққын халыққа қарсы әрекеттер (көшеге шыққан 100-мыңдаған адамдардың қамауға алынуы; Шетел компанияларында жұмыс істейтін жұмысшылар (қазақтар мен шетел азаматтардың еңбек жалақылары мен еңбекке қатынасы арасындағы қарама-қайшылықтар; Ағыл-тегіл еңіреп көз жасы көл болған көп балалы ана. Адасқан қаздай жарымжан мүгедек. Азы мен тозы шыққан жетім бала. Айдың күні аманында далада қалған отбасы; Балалардың ұрлануы, балалардың зорлануы; Жеке пикеттерге шығу мәселелері [11].

Қоғамдағы осындай халық арасындағы эмоциялық тұрақсыздық – стрессті тудырудың негізгі бір себептері болатыны белгілі.

Стрессті зерттеу оның бірнеше сатылармен өтендігін анықтауға мүмкіндік берді. Ол нейроэндокринді жүйеде нақты жиынтықтың өзгеруі жіне ол згеріс ағзаның дезистенттілігінің арнайы деңгейіне өз әсерін тигізеді және оның зақымдалған потенциалы мен зат алмасуына да әсері бар. Стрессордың әсерінен 6 сағаттан кейін стресстің бірінші сатысы жүреді «мазасыздану реакциясы», ол 24-48 сағатқа созылады. Бұл сатыны тимус, лейкоцитоз азаюы, ақ қан элементтерінің сәйкестенуі: лимфопения, анэозинофиямия, нейтрофилез және асқазан – ішек жандарындағы сілекей бөлімінде қан құйылу мен язва жүреді. Эндокринді жүйеде – бүйрек үстіден қанға адреналиннің берілуі, АКТГ гипофиз секрециясының стимуляциясы, ол бүйрекүстінің гормон қыртысында глюкортикоидты секрецияның жоғарылануына әкеледі. Минералкартикоидты гормон секрециясы жоғалады. Шет ел және Отандық зерттеушілер катехоламин адреналинін, норадреналин мен стресстің даму механизмінде оның метаболизмі көрсетілген. Мазасыздану реакциясының бірінші сатысының биологиялық мәні неде? Қатты қоздырғышқа жолыққан жағдайда негізгі мәселе ол аз уақытта болса да энергия жинау, алу, «қашуға», «күресуге» қажетті шарттарды орнату үшін қажет.

Қоғам алдында тұрған келеңсіздерді болдырмау психологтың қолынан келе бермес, дегенмен халықтың басында болып жатқан күйзелістермен жұмыс істеу маңызды болып табылады. Оның бір жолы ретінде позитивтілік деп қарастыруға болады.

Позитивтілік – стрессті басқарудың құралы ретінде қарастыру маңызды.

Гуманистік психологияның негізін қалаушылар Абрахам Маслоу, Карл Роджерс, Гордон Олпорт және осы бағытта зерттеу жүргізген көптеген ғалымдар өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі, шығар-машылық, сүйіспеншілік, еркіндік, жақсы психика-лық денсаулық, тұлға аралық қарым-қатынас мәселе-леріне тоқталған. Олар психикалық ауыруларды емде-геннен бұрын патологиялардың алдын алу мен жақсы психикалық денсаулық қалыптастыру шараларын жөн санайды. Батыстық ғалымдардың тұжырымдамалары отандық психологтардың ойларымен үндеседі.

Позитивтілікке тәрбиелеу бірнеше еңбектерде айтылады. Бақыт пен позитивтілік туралы ойлар Мұхаммед пен Рашид Әл Мактумның еңбегі зор екенін айта кеткен жөн [12].

Позитивтілікке бағыттылық – негативті ой адамды кері тартатын тежеуіш күш болса, позитивті ойлап, мүмкіндіктерді көре білу – жетістіктерге жету мен адамның тұлға ретіндегі дамуының кілті.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, тәрбиелік ізгі, өнегелі үлгілер көрінісі – стрессті басқару формасы деп те қарастыруға болады. Ұят, адамгершілік, ұлттық қасиеттер (салт-дәстүрлер) тәрбиелелік көрінісі.

Имандылық уағыздары да – стрессті басқарудың тәсілі ретінде қарастыруға болады. Сабырлылық, шыдамдылық туралы уағыздарды тыңдау арқылы жастар өз бойларында сабырлықты, шыдамдылықты сіңіре алады.

Ата-ананың тәрбиелік үлгісі – баладағы стресстің алдын алу формасы деп қарастыруға да болады.

Қазақстан — әлеуметтік бағдарланған нарықтық дамыған экономикасы бар қоғам құруды мақсат етіп отырған егеменді жас мемлекет. Дағдарыстық өтпелі экономикалы барлық мемлекеттер сияқты, біздің ел де халықтың психологиялық денсаулығын жақсарту бағытында қиындықтары бар. Ол қиындық қазіргі таңда етек алып отырған стресс мәселесі. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметі бойынша, соңғы 60 жылда стресстің негативті әсері жиырма бес есеге артқаны келтірілген. Стресс салдарының ауыр болғандығы сонша, одан экономика да «зардап шеге» бастады. Көптеген компаниялар мен фирмалар, ұйымдар өздерінің әріптестері үшін стресске қарсы күресте түрліше көмек беру жолдарын қарастырады. Көптеген психологтар, дәрігерлер жастар арасындағы кең таралған стресстік күйді, оның адам денсаулығына физикалық және психологиялық әсері туралы зерттеулер жүргізген (Г.Селье, У.Кеннон, Дж.Смит, В.Розова, Б.Коган, М.Пирен, Б . Волков және т.б.).

Қорыта айтқанда, қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлар негізінде туындайтын халықтардың психологиялық хал-ахуалы, эмоциялық күйзелістері – психологтар алдында тұрған басты мәселе. Оны қоғам болып қолға алу қажеттілігі туындап отыр




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет