Қорытындылай келгенде,рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін:1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы: 1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; 2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; 3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.