2.3 Сақтанушыны таңдау – тағдырыңды тапсыру Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Нарықтық қарым — қатынасқа өту, оған ілесе жеке меншіктің өркендеуі көптеген шаруашылық субъектілерін тудырды. Бұл өз кезнгінде сақтандыру қызметіне сұранымды күшейтті. Ал сұраным ұсынымды тудыратыны белгілі – сақтандырумен кәсіпкерлік қызыметтің нысаны ретінде айналысу мүмкіндігі пайда болды.
Сақтандыру ұйымдары желісін кеңейтуге мемлекет те мүдделі: табиғи апаттар, басқа да кенеттік оқиғалар зардаптарын аластату, кез-келген қызмет аясында тәуекелділікке бой ұсыну сақтандырушының иығына түседі, сөйтіп бюджет қаражаттары босайды.
Сақтанушы сақтандырушыға, яғни сақтандыру компанияларына сенімді болуы керек. әйтпесе ол ешқашан олардың алдына бармайды. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Сақтандыру туралы» Жарлығында сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорының мөлшеріне төлем қабілетін кепілдейтін сақтандыру резервтерін түзілдіруі мен жайғастырылуына талаптар қарастырылған. Қаржылық бекемділікті қадағалау мен сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу тікелей байланысты.Сақтандырушының сенімді жұмысының маңызды бөлігіне жарғылық қор кіреді. Әсіресе, оның мәні компания жұмыс істей бастағанда аса зор. Сондықтан сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру мәселесі шешілерде ең алдымен түзілген қаржылық қордың мөлшеріне, оның ақшалық және мүліктік болігінің жай – күйіне назар аударылады.
Былтырғы жылдың басында сақтандыру ұйымдарының көпшілігінің жарғылық қоры заң орнықтырған шамадан төмен болды. Қазір жағдай өзгерді,сақтандыру ұйымдарының үштен екісі қажетті капиталды жинап алды,қайта тіркеуден өтті, қалғандары жылдың аяғына дейін өздерінің қаражаттарын біріктіреді.
Шетелдің қатысуындағы сақтандыру ұйымдары лайықты орын алып келеді. Бұл қаржылық жай-күйін нығайтып қана қоймай, халықаралық іс Тәжірибені, жаңа технологияларды ендіруге, отандық сақтандырушылардың дүние жүзілік сақтандыру нарықпасына шығуына мүмкіндік береді. Ірі деген, оның ішінде шетелдік капиталы бар сақтандырушылардың қызметі шетелдік пен қазақстандық инвестициялардың жергілікті және халықаралық деңгейдегі кепілі болуға, бюджетке жүктемені азайтуға, республика экономикасына сыртқы және ішкі күрделі жұмсалымның құйылуын ынталандыруға тиіс.
Әзірше бірде-бір жергілікті сақтандыру ұйымы батыс индустриясының алпауыттарымен бәсекелесе алмайды. Бұл үшін сараптаушылардың бағалаулары бойынша оларға ең төмен дегенде 110-150 млн. АҚШ долларындай сақтандыру резервін жинақтап алу қажет. Оларды өрістетуге арнаулы сақтандыру пұлдары мен сақтандыру жүйесі, тәжірибе алмасу, әлемдік нарықпаға кірігу жәрдемдеседі. Пұлдардың қызмет аясына барлық нарықпаның күшін ең көп қажет ететін сақтандыру түрлері кіру керек. Бұл –ең алдымен мұндай операцияларын,қаржылық тәуекелді ,азаматтық жауапкершілікті ,құрылыс –монтаж тәуекелін сақтандыру және экологиялық сақтандыру.
Компаниялардың төлем қабілетінің қажетті шарты-сақтандыру резервінің бар болуы. Олардың сақтандырушы қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін жергіліктілігі ғылыми негізделінген тарифтік саясатты жүргізумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан сақтандыруды қадағалау департаменті лицензиялау кезінде тарифтік мөлшерлеме есептерін мұқият тексереді.
Сақтандыру компанияларының даму үрдісін тексеруге санақтамалық және бухгалтерлік есеп мағлұматтарының талдамалары мүмкіндік жасайды. Егер де компанияның қаржылық қиындықтары туындағаны білінсе,онда департамент қалыптасқан жағдайдан шығу жоспарын жасақтау бойынша қағаз жібереді. Қаржылай сақтандырудың жуықтамалық жоспары барлық сақтандыру ұйымдарына таратылады. Ол сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай –күйін жақсарту жөніндегі шараларды , соның ішінде тарифтік саясатты өзгерту , инвестициялық қызмет тиімділігін арттыру операциялар мен шығын көлемін қысқарту, шамадан тыс қызмет түрлерін пайдалы жұмыстың керекті іс –тәжірибесі бар компанияның сақтандыру жүйелеріне назарды аударта отырып тоқтату, қайта сақтандыру бағдарламаларын жетілдіру шараларын қарастырады.
Сақтандырушы жекелеген шарттар бойынша өзінің меншік қаражаттарының 10% артатын міндеттер қабылдаса , онда оған сондай-ақ осындай тәуекелділікті қайта сақтандыру жазылады , орындаудың нақты мерзімдері көрсетіледі.
Қазір «сақтандыру туралы» Жарлыққа қосымша жобамен жұмыс жүргізілуде, олар ең алдымен сақтандыру ұйымдарының қаржылық бекемділігі мәселеріне қатысты.Қосымшаларды қабылдау осы бағыттың дамуына едәуір ықпал етеді. Ал ол қажет-ақ . Республикада заңдық және нормативтік база қауырт түзілуде. Жыл өткен сайын сақтандыру операцияларының көлемдері ұлғаюда .Мәселен , бұрынғы жылы сақтандыру төлемдерінің түсімі 1,9 есеге, ал төлеу 1,2 есепке дейін өсті. Сақтандыру резервтерімен жарғылық қорлар шамамен 2 млрд теңгеге жетті. Біздің нарыққа шетелдік сақтандырушылардың мүддесі артуда.
Қайта сақтандыру кезінде сақтандырушы сақтандыруға тәуекелдіктерді қабылдай отырып, солар жөніндегі жауапкершіліктің бір бөлігін өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін ескере, келісімдік шарттармен басқа сақтандырушыларға сақтандырудың тұрақты қоржынын, қаржылық бекемділікпен сақтандыру операцияларының пайдалылығын жасақтау үшін береді. Қазіргі өндірістің шоғырлану деңгейі мен материалдық құндылықтардың тым қымбат кезінде тек қайта сақтандыру механизмі ғана сақтандырушыларға ауқымы ең ірі деген сақтандыру компанияларының, кей сәтте тіпті жекелеген сақтандыру нарығының мүмкіншіліктерінен асатын тәуекелдік пен залалды қабылдауға мүмкіндік жасайды. Мұндай тұста тәуекелділікті үйлестіру ұлттық экономика шеңберінде ғана жүргізілмейді, шаруашылық байланыстар бұдан да кеңірек халықаралық сипатқа ие болады. Мысалы, бүгінгі таңда қазақстандық сақтандырушылар мұнай операцияларын сақтандыру үшін жеткілікті қаржылық ресурстарға ие емес. Іске халықаралық қайта сақтандыру компанияларындағы қайта сақтандыру жүйесі кірісуі тиіс, сөйтіпірі тәуекелділікті сақтандыра жабуға сұранымды қанағаттандыруға мүмкіндік беріп қана қоймай,шетелдік инвесторлардың мұнай — газ саласына қосымша тартылуына, шетелдік несиелердің берілуіне шарттардың бірі бола алады.Әрине, бұл жағдайда валютаның бір бөлігі шетелге асуы ғажап емес, бірақ ол мүмкін болатын кенеттік залалдарды толтыру кепілімен өтеледі, осылайша ұзақ мерзімдік жоспарда қайта сақтандыру қаржылық ағындар балансын меңзейді. Сақтандыру ұйымдарының өз мүмкіндіктері, жарғылық және резерв қорлары ұлғайған сайын валютаның шетелге «ағып» кетуі қысқартылады. Республикадағы шетелдік сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметі орныққан тәртіппен тіркелген филиалдар мен өкілдіктер арқылы атқарылады.Шетелдік компаниялардың Қазақстан аумағында тікелей сақтандырушы ретінде жұмыс істелуіне тыйым салынады. Бүгінгі күні республикамызда үш шетелдік сақтандыру делдалдық фирмаларының өкілдіктері істейді: «Седжвин Қазақстан», «Александр Хауден Групп ЛТД» және «Джонсон мен Хиггинс». Шетелдің қатысуымен бес қазақстандық сақтандыру компаниялары белең ала бастады: «Алматы халықаралық сақтандыру тобының сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы, «Алгянс-Алатау» сақтандыру акционерлік қоғамы, «Сақтау сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы, «Темір ат» акционерлік және сақтандыру қоғамы,сондай — ақ «КВS Грант сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы. Сақтандырушылардың қаржылық бекемділігін күшейтетін тағы бір жол — оса сақтандыру жүйесі. Мұнда екі немесе бірнеше сақтандырушылар белгілі бір үлестерімен бір ғана тәуекелділікті сақтандырады, сөйтіп әрқайсысы сақтандыру сомасымен өз үлесінде біріккен немесе жеке полис шығарады. Сақтандыру сенімділігі сақтандыру компанияларына ойластырыла жүргізілетін инвестициялық саясатпен күшейе түседі.Ұлттық экономика үшін инвестициялық ресурстардың маңызды көзіне сақтандыру резервтері мен компаниялардың өз қаражаттары жатады. Бұл сақтандыру төлемі мен залалды өтеу арасында бірнеше жылға созылып кететін уақытша қадамға иек артады. Алайда осылайша түзілеті сақтандыру резервтерінің қарыздық сипаты сақтандырушыдан инвестиция бағытын таңдауда тәуекелділікті ескере отырып сарабдал да ұтымды қимылды талап етеді. Сақтандыру компанияларының мұндай инвестициялық қызметі мемлекет арқылы қатаң түрде реттелуі табиғи, сөйтіп сақтандыру төлемдерін кепілдеуге және сақтандырушылардың мүдделерін қорғауға болады. Мұндай ереже «Сақтандыру туралы» Жарғылықпен бекітілген, алайда сақтандыру резервтерін жайғастыру бағыттары мен оларды жайғастырудың негізгі шарттары анықталынған: әртараптандыру, қайтарымдылық, табыстылық және өтімділік. Әлбетте, Қазақстанда сақтандырушылардың күрделі жұмсалымын тежейтін объективті себептер аз емес, олардың ішінде – қозғалмайтын мүлік базарының, құнды қағаздар рыногының баяу дамуы,инфляция,күрделі жұмсалым сенімділігі мен өтімділігінің төмендігі, инвестициялар кірісінің жеткіліксіздігі. Мұндай жағдайда инвестициялық нұсқалардың ұтқыр таңдамасына мемлекеттік бағалы қағаздар, банк депозиттері, қозғалмайтын мүлік, шетелдік валютамен шығарылған валюта мен құнды қағаздар кіреді; бұлар өтімділігі инвестициялық қоржынды түзілдіруге мүмкіндік береді.
Әрбір аталған бағыттардың артықшылықтары мен кемшілікреін қаперге ала отырып, тәуекелді сақтандырк операцияларын атқаратын сақтандыру компаниялары өз қоржының 90 процентіне дейін қысқа мерзімдік қаржы құралдары: мемлекеттік борыш
міндеттемелері, депозиттік сертификаттар, валюталар, банктегі депозиттік есепшоттарда қаражаттарды жайғастыру арқылы түзілдірілгені мақұл. Бұл инвестициялық қоржынның жоғары өтімділігі қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Қозғалмайтын мүлікпен жүргізілетін операцияларға сақтандырушылар өз активтерінің тек мардымсыз үлесін пайдалануына болады, өйткені сақтандыру резервтері ылдым — жылдымды және өтімділі болуға тиіс,ал қозғалмайтын мүліктерді тез де пайдамен сатуға әрқашанда қол жете бермейді. Егер де сақтандыру компаниясы жинақтау сақтандыруы бойынша маманданса,онда орташа мерзімдік инвестициялардың үлесі ұлғаюы мүмкін.
Инвестициялық қызметті жүргізу және оның есебінен қосымша кіріс алу -бұл республикамызда сақтандыру бизнесінің сапалық деңгейі көтерілуінің маңызды бір белгісі. Қаржылық, инвестициялық және сақтандыру нарықтарының өркендеуін ескере отырып, сақтандыруды қадағалау департаменті сақтандыру ұйымдары инвестицияларыныңт рұқсат лген бағыттар құылымы мен ара қатынасын жетілдіреді, сөйтіп оларды республика аймақтарында мүдделері мен шынайы инвестициялық жағдаяты ескерілгеникемділі етеді. Сондай — ақ сақтандыру ұйымының инвестициялық тәукелділігін қаперіне алатын активтер өтімділігін бағалайтын көбейткіштердің арнаулы жүйесін жасақтау күн тәртібінде, ол сақтандырушының қаржылық жай — күйі, төлем қабілеті және сқтандыру міндеттемелерін орындау мүмкіндіктер туралышынайы бейнесін сомдауға мүмкіндік жасайды Базалық экономика сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуден ешбір қашпайды. Оның экономика және азамттар шаруашылық субъектілері құқықтарын, мүдделер қорғау үшін маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттік реттеу сақтандыру нарығы жұмысының тұрлаулығын қамтамассыз етеді. Осыдан — ақ реттеуші және қадағалаушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржыминнің сақтандыруды қадағалау департаментінің ерекшк рөлін тануға болады. Оның міндеттеріне сақтандыру заңының орындалуын бақылау, сақтандыру қызметін лицензиялау, сақтандырушының қаржылық бекемділігі мен төлем қабілетін тексеру және талдау кіреді.мұның бәрі ең алдымен сақтанушы мүддесіне істелінеді.Қазақстан Республикасының сақтандырунарығын Үкіметтің реформаны тереңдету, әсіресе оның жекешелендіру, монополсыздандыружәне бәсекелі ортаны құру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтубөлігі бойынша бағдарламасының негізгі ережелерін орындаумен тығыз байланысты.