Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі


Қазіргі таңдағы сақтандырудың жаңаша жолдары



бет11/13
Дата19.10.2023
өлшемі99,69 Kb.
#119153
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3.Қазіргі таңдағы сақтандырудың жаңаша жолдары.
Нарықтық экономикаға өтуге қарай келтірілген заңнын орнын толтырудың, табыс тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде сақтандыруға үлкен көңіл бөлініп отыр. Ірі өндіріс орындарын жекешелендіру, жеке меншік пен жеке ынтаның үлесін арттыру, кіші және рота кәсіпкерлікті дамыту нарықтық қатынастардың тәуекелді сипаты сақтандыру қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етті. Тұрақты саяси жағдай, экономикалық және әлеуметтік реформалар сақтандыру саласында нарықтық қатынастардың қалыптасуына алып келеді. Бұны 1995 – 1997 жылдардағы сақтандыру нарығының өсуімен дамуын көрсететін нақты қызметімен айналысу құқығы 22 компанияда болса, ал 1997 жылдың орта шенінде жалпы жарғылық қоры 1084,5 млн теңгені құрайтын 58 сақтандыру ұйымының лицензиясы болды. 1997 жылдың 1 жартысында сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандырудың төлемдерінің түсімі 1707,5 млн тенгені құрады, бұл 1996 жылдың 1 жартысымен салыстырғанда 3,7 есе көп. Осы жылы 166 млн тенге сақтандыру өтемі төленді, бұл 1996 жылдың 1 жартысымен салыстырғанда 1,6 есе артық. Сақтандыру ұйымдары 89 млрд 285 млн тенге мөлшеріндегі жауапкершілікті өз мойнына алуға мүмкіндік беретін 1946,8 млн тенге сомасында сақтандыру резервін қалыптастырды.
Қазіргі нарықтық сектордың қалыптасу ерекшелігі, атап айтқанда, жекешелендіру мен мемлекет игілігінен алу қарқының сақтандыру қызметіне сұраныстың құрылымына әсер етті. 1997 жылдың 1 жартысында сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру төлемдерінің түсімі 1707,5 млн тенгені құрады, оның ішінде автокөлік құралдары егелерінің азаматтық – құқықтық жауапркешіліктерін міндетті сақтандыру бойынша – 1119,5 млн тенге және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігінен 41,3 млн тенге түсті. Ерікті түрде сақтандыру бойынша 546,7 млн тенге, сондай – ақ жеке сақтандыру бойынша 222,7 млн тенге, оның ішінде жазатайым оқиғалар мен аурулардан сақтандыру бойынша – 131 млн тенге, денсаулықты сақтандырудан – 79,9, өмірді сақтандырудан – 11,8 млн тенге түсті. Мүліктік сақтандыру бойынша 324 млн тенге түсті, оның ішінде жүктерді (121,3 млн тенге), жылжымайтын мүлікті (70,5 млн тенге), жер бетіндегі көлікті (49,8 млн тенге), мүліктің өзге түрлерін (43,2 млн тенге) сақтандыра бойынша түсім көп болды.
Көріп отырғанымыздай, өмірді сақтандыру, азаматтардың жеке меншігін сақтандыру (атап айтқанда, тұрғын үйді), зейнетақылық сақтандыру әзірге нашар дамып отыр. Сақтандырудың осы көрсетілген түрлеріне сұранымның жоғарылауы, ең алдымен, өндіріст дамуына,халықтың жағдайының жақсаруына байланысты.
Тікелей сақтандыру компаниялары(сақтандыру қоғамы,сақтандыру компаниясы),яғни сақтандыру операциялары жүргізетін мамандандырылған ұйымдар сақтандыру нарығының негізгі мүшелері болып табылады.Міне осылар сақтандырушыларға келтірілген зиянның орнын толтыруға арналған ерекше,өзіндік қорларды (сақтандыру резервтерін) қалыптастырады.
Сақтандыру компанияларының қызметі-қызмет көрсету саласына жатады және сақтандыру беруді жүзеге асырады,ол бойынша сақтандыру оқиғаларының алдын — ала келісілген салдары туындаған кезде сақтанушығаақшалай төлем алу құқығын береді,сондай ақ сақтандырушының тиісті сақтандыру төлемдерін төлеу міндеттемесі. Сондықтан клиент қайғылы немесе қиын, қауіпті жағдайға душар болған кезде сақтандыру компаниясының әрқашанда көмекке келуі (зиянның ортын толтыруы) оның негізгі тауары болып табылатынын клиенттің де, сақтандырушының да білгені өте маңызды.
Сақтандыру полисі сақтандыру қызметін сатудың құжаттық куәлігі болып табылады. Сақтандыру қызметінің ерекшелігі, атап айтқанда, оның көзге көрінбейтіндігі, сатушыға «тауарды» көрсету, әрбір нақты сатып алушыныңсенімін қалыптастыру кезінде қатан талаптар қояды.
Сақтандыру жасау жөніндегі операцияларды сақтандырудың ерікті, сондай – ақ міндетті түрлері бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерікті. Сондықтан, барлық қазақстандық ұйымдар заң жүзінде бірдей жағдайда. Олардың сақтандыру операцияларынөткізуге қатысу деңгейі өздерінің қаржылық мүмкіндіктеріне, осы салада жұмыс істеу қабілеті мен ынтасына, тиісті лицензиясы мен сақтандыру ережелерінің болуына байланысты анықталады.
Шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын құруға қатысуы қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етілгенін атап айту керек. Бұл ретте олардың жарғылық капиталдағы үлесі 50 % аспауы керек Бұл талап ұлттық сақтандырушыға қатысты мемлекеттік саясатта қазақстандық заңдардың қолдану көрсететінін айғақтайды.
Ұлттық сақтандыру нарығында шетелдік сақтандыру компаниялары жағынан бәсекелестікті шектеу жөнінде қабылдаған шаралардың тиімділігі сөзсіз, себебі бүгінгі күн бірде – бір жергілікті сақтандыру.
Әзірге Қазақстанда сақтандыру компанияларын тек екі ұйымдық құқықтық формада ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және акционерлік қоғамдар ретінде ғана құру мүмкін болып отыр.Жаңа заңда сақтандыру компанияларының дүние жүзіне танымал ұйымдық-құқықтық формасы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы туралы айтылмаған. Бұл-қызмет ету саласы өте шектелген сақтандыру кәсіпорындарды, орар осы қоғамда тұратын тұлғалардың немесе ұйымдардың мүдделерін ғана қамтиды. Бүгінгі күні кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар салалар менауқымдарды түгелдей сақтандыруды ең тиімді формасы ретінде өзара сақтандыру қоғамдығын құру мүмкіндігін заң жүзінде бекіту қажеттігі туындап отыр.
Қайта сақтандыру — бұл экономикалық қатынастар жүйесі, осыған сәйкес сақтандырушысақтандыру портфельінің тепе – тендігін, қаржы тұрақтылығын және сақтандыру операцияларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзінің қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып тәуекелдердісақтандыру және олар бойынша жауапкершіліктіңбір бөлігін келісілген жағдайларда өзара сақтандырушыларға береді.Қазіргі өндірістің тығыз шоғырлануы және материалдық құндылықтардың қымбатшылығы кезінде тек қайта сақтандыру тетігі ғана сақтандырушыға ірі сақтандыру компанияларының ғана емес, кейде тіпті жеке сақтандыру нарығының мүмкіндіктерінен де асып түсетін кең ауқымдығы тәуекелдерді, шығынды өз мойындарына алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі тәуекелдердің таралуы тек ұлттық эканомика шеңберінде ғана емес, шаруашылық байланыстардың нығаюын ескерсек, ол халықаралық сипатқа ие болып отыр.
Бірігіп сақтандыру қайта сақтандырудың құрамдас бір бөлігі болып табылады, онда екі немесе бірнеше сақтанрдырушы өз үлестерімен бір ғана сақтандыруға қатысады, әркімнің өз үлесіндегі сақтандыру сомасына сәйкес біріктірілген немесе жекелеген полистер беріледі. Қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру үшін берілген тәуекел кейіннен толығымен немесе жеке бөліктерімен келесі сақтандыру қоғамына (ретроцессия) берілетіне қарамастан, қайта сақтандыру кезінде сақтанушы қатынастарына (сақтандыру шартын жасаған сақтандыру компаниясы) түседі,міне бұл — қайта сақтандырудың біріп сақтандырудан айырмашылығы.
Шет елдерде қайта сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының міндетті мүшесі болып табылды. Олар, негізінен өзіндік жарғылық қоры экономиканың әр түрлі салаларына салынған ірі қорлары бар мамандырылған ұйымдар. Қазір Қазақстанда 14 компания қайта сақтандыру операцияларын жүргізеді. Алғашқы маманданған «АСКО РЕ» қайта сақтандыру компаниясы құрылды. Бұл бағыттағы тәжірибелі сақтандырушылар жинақталуда. Қайта сақтандыру шарттарын жасаудын сақтандырушының міндетіне жүктеу үшін істелген адамдар сақтандыру ұйымдары міндеттерінің ауқымын жеке шарттар бойынша өзіндік қаражат сомасын 10 процесімен шектеу заңды талап болды. Көрсетілген мөлшерден артып кеткен жағдайда компанияның мүмкіндігі жетпейтін жауапкершіліктің тиісті бөлігі қайта сақтандыруға беріледі. Бірақта, әлі күнге дейін сақтандыру заңдарында сақтандыру нарығындағы маманданған қазақстандық қайта сақтандырушының орны анықталмаған, қайта сақтандыру тетігі қызметінің негізгі түрлері әлі де толықтай ойластырылмаған.
Отандық қайта сақтандыру жүйесі сақтандыру нарығында өз мүмкіндіктерімді түгелдей пайдалану арқылы қазақстандық және шетелдік сақтандыру мен қайта сақтандыру компанияларында ірі тәуекелдерді сенімді орналастыру бағытында даму керек. Қазақстанның сақтандыру нарығының ауқымын кеңейту маманданған сақтандыру орындару және бірігіп сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады. Қазірдің өзінде сақтандырушылар қызметінің аясы үйлестіруді көп қажет ететін сақтандыру түрлерін қамтып отыр. Бұл, ең алдымен, мұнай — газ өнеркәсібі кешендерін сақтандыру, ауыл шаруашылық, қаржы тәуекелдерін сақтандыру, экологиялық сақтандыру.
Сақтандыру долдары болып табылатын сақтандыру агенттері мен брокерлері сақтандыру нарығының мүшелеріне жатады, олар өз күштерімен сақтандыру шарттарын жасауға қолғабыс жасайды. Делдалдықтың осы екі формасының айырмашылығын білген жөн. Сақтандыру агенті – белгілі бір компанияның өкілі, ол оның атынан және соның тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Сақтандыру брокері – бұл сақтанушы мен сақтандырушы арасында өз атынан жұмыс істейтін тәуелсіз делдал (жеке және заңды тұлға).
Жақсы дамыған компанилар сақтандыру полистері агенттіктер желісі арқылы тартылады. Сақтандыру агенттері мен брокерлерінің шеберлігі соңғы нәтиже бойынша анықталды. Біріншіден, агенттің компаниға қандай төлемдер алып келгеніне байланысты. Екіншіден, сақтандыру шарттарын жасағаннан кейін және сақтандыру жағдайы туындаған кезде тұтынушылар компания туралы қандай пікір қалыптасатына байланысты. Сақтандыру агенттері мен брокерлі тұтынушылар үшін сақтандыру қызметі туралы ақпараттың көзі болып табылады, олар сақтанушыларда компания туралы пікірді қалыптастырады, тұтынушылардың одан ары да осы компания қызметін пайдалануы да осы делдалдарға байланысты. Ең ақыры, сақтандыру агентінің шеберлігі арқылы компанияның қаншалықты сенімді және заңды екендігін бағалайды. Сақтандыру агенттерін дайындау мен олардың жұмысына үнемі көңіл бөлетін сақтандыру компанияларының менеджерлері әуелден дұрыс істейді. Ірі шетелдік сақтандыру компанияларының өз агенттерін оқыту және оның жұмысын бақылауға жылына 10-15 мың долларға дейін ақша бөлу тәжірбиесіне ден қою керек. Сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңінде сақтандыру кәсіпкерлігін басқарудың жоғарғы сатысы үшін мамандар даярлаумен Қазақ Басқару Академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті айналысады. Бұрынғыдай төменгі сатыдағы мамандарды (сақтандыру агенттерін) даярлау жүйесі әлі де жоқ. Сондықтан жаңадан құрылған сақтандыру өкілдерін дайындаумәселесін өзінше шешеді. Оны сақтандыру агенттерін дайындау мектептерін немесе сақтандыру кәсіпкерлігі мектептерін құру арқылы жүзеге асады, онда сақтандыру ережелерін және сақтандыру туралы шарт жасау техникасын игерумен қатар, іскерлік психологиясы, іскерлік байланыс шеберлігін оқыту көзделген.
Сонымен бірге республикада жұмыс істейтін шетел компанияларының білімі мен тәжірибесін қолданудың маңызы зор. Сақтандыру делдалды жүйесі арқылы полистерді тарату кезінде сақтанушылардың сұранымы жақсы қанағаттандырылады, себебі оларға әр түрлі сақтандыру компанияларының қызметі арзан бағамен ұсынылады.
Бүгінгі күн республиканың сақтандыру нарығындағы сақтандыру делдалының орны іс жүзінде анықталмаған. Бізше, ең дұрысы, делдалдық қызметтілицензиялау тәжірибесін, сондай – ақ осы қызметтің тәртібі мен жағдайларын нормативтік анықтау, сақтандыру делдалының міндеттерін және қызмет түрлерін анықтау керек. Біздің ойымызша, белгілі бір сақтандырушының өкілі болып табылытын сақтандыру агенті лицензиясы да жұмыс істей алады.
Сақтандыру өнімен сатып алушы немесе сақтанушы сақтандыру нарығының тікелей, негізгі мүшесі болып табылады. Қазіргі уақытта сақтандыру қызметін пайдаланушылар нарығы және олардың мүдесі сапа және сан жағынан өзгерген. Нарықта коммерциялық банктер, биржалар, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, кіші және орта кәсіпкерліктің өкілдері, шетел инвесторлары сияқты жаңа экономикалық жағдайдағы тұтынушылардың сұранымен анықтай алады және тұтынушының нақты сұранымдарына сәйкес жаңа сақтандыру өнімдерін жасауға, ұсынуға, ескілерін жаңартуға мүмкіндігі бар. Түсіндіру және жарнамалау қызметі арқылы сақтандыру компаниялары, сондай – ақ қазіргі сұранысқа, қажеттілік пен сатып алушының қалауларына елеулі түрде әсер ете алады. Шетелде кең тараған, бірақ отандық тұтынушыға әлі белгісіз сақтандыру түрлерін сақтандыру ісіне енгізу бойынша қазақстандық сақтандырушылар үлкен жұмыс жүргізу керек. Азаматтық – құқықтық және мамандық жауапкершілікті, өнімді өндірушілердің жауапкершілігін сақтандыру, экологиялық сақтандыру алдыңғы қатарға шығады деп ойлаймыз.
Сақтандыру мәдениетінің, сақтандыру өнімдері туралы білім деңгейінің төмендігін, сақтандыру түрлерінің артықшылығы туралы ақпараттың аздығын, қажетті қызмет түрлерінің жоқтығын атап өткен жөн. Осындай келеңсіз жағдайларды жою ұлттық, сақтандыру нарығының дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасы сақтандырушылар Ассоциациясының және Сақтандырушылық ойлауды қалыптастыру, дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен қолданылатын сақтандыру түрлерін енгізуге қолғабыс ету бойынша жүргізілген қызметі жылдан – жылға артып отыр. Ассоциация мен Одақтың қатысуымен сюрвейерлер (мүлікті бағалау жөніндегі мамандар) институтын, мамандандырылған заң фирмаларын рейтингтік, тиімді есептеулер орталықтарын, кеңестік – талдамалық орталықтарды, сақтандыру аудиті фирмаларын құру жөніндегі мәселелер қарастырылуда.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасы жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды.
Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші Заң 1992 жылы қабылданды. Ол осы саланы реттеу жұмыстарының жалпы бастамаларын ғана анықтады, онда сақтандыру ісінің дұрыс және реттелікпен дамуы үшін қажетті – сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайы және олардың төлем қабілерінің кепілдігі, сақтандыру қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру және оны лицензиялау сияқты бірқатар ережелер болмады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 16 сәуірдегі Заң күші бар «Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұйымдық – құқықтық шаралар туралы» Жарлығы осы кемшіліктерді болдырмауға бағытталды. Ол ұсақ және тұрақсыз сақтандырушылардың іріктелуіне мүмкіндік берді.
Сақтандыру іс саласындағы қатынастарды реформалардың халықаралық сақтандыру кәсіпкерлігіне кірудің қажеттілігі ескеріле отырып, 1995 жылы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Сақтандыру туралы» Жарлығы шығарылды.Осы заң актісінің жүргізілуімен Қазақстанның сақтандыру нарығында төменгідей жағдай қалыптасты:

  1. Сақтандыру нарығының барлық меншік формалары субъектілерінің заң алдындағы құқықтары теңдестірілді, яғни олардың құрылуы, қызмет етуі және дамуы үшін бірдей жағдайлар берілді.

  2. Сақтандыру іс демонополизацияланды.

  3. Белгілі бір шарт бойынша қабылданатын жауапкершіліктің мөлшері мен өзіндік қаражат арақатынасының нормативті заң жүзінде белгіленді.

  4. Өмірді сақтандыру және сақтандырудың өзге түрлерімен айналысатын ұйымдар үшін шектеулер енгізілді.

Қазақстанның сақтандыру нарығы шетел капитал үшін жартылай ашылды. Тіптен, жартылай ашылған нарық – бұл шетел қаржысының, білімі мен тәжірбиесінің түсімі ғана емес, ол жергілікті және дүниежүзілік нарықта шетелдік және қазақстандық инвестицияны қорғаудың кепілі.

  1. Сақтандыру компаниясының сақтандыру жауапкершілігі кезінде шектеулердің ең төменгі жағдайлары – шетелдік қайта сақтандырушыға тәуекелді беру кезу кезіндегі анықталды.

  2. Субъектілердің сақтандыру нарығында сақтандырушыларды, делдарларды, қайта сақтандырушыларды өз еркімен таңдауына рұқсат берілді.

Сонымен бірге, сақтандыру қызметінде болып жатқан сапалық өзгерістер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүделерін ескере отырып, сақтандыру субъектілерінің құқықтық қатынастарын дүниежүзілік тәжірибе деңгейіне жетісу үшін, оны кезең бойынша жетілдіру қажеттігін қойып отыр.
Сақтандыру ұйымдарының сенімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету сақтандырушылар үшін де, мемлекет үшін де өзекті мәселе болып табылады. Сақтандырушылар ерекше, өзіндік тауарды ұсынады, сатып алушы (сақтандырушы) оны кез – келген, сатушы ойламаған сәтте талап етуі мүмкін, сақтандырушының сақтану төлемдерін төлеу және сақтандырушының сақтану төлемдерін төлеу және сақтандырушының келісілген оқиғалар туындаған кезде сақтандыру, өтемдерін төлеу міндеті арасында уақыт айырмашылығы болады. Осы уақыт айырмашылығы біраз уақытты алуы мүмкін, сондықтан сақтанушы сақтандырылған оқиға кезінде сақтандырушының қаржы жағдайы қандай болатынын алдын – ала анықтай аламайды.
Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттерге сәйкес өзіндік активтердің жеткіліктілігі сақтандырушы сенімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Төлем қабілетінің (жеке шарттар бойынша міндеттер көлемін шектеу) қолданылып жүрген кепілдіктер жүйесі сақтандыру ұйымдарының қаржы тұрақтылығын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сақтандырушы белгіленген тіртіпті бұзбай, шексіз көп шарттар бойынша жауапкершілікті ала алады, бұл алынған міндеттер көлемінің оның активтерінен бірнеше есе артуына алып келеді.
ЕО елдерінің соңғы жылдарда төрт арнайы Директива сақтандырдың төлем қабілетін бағалау мәселесіне арналды. Қазір, сақтандырушының төлем қабілетін бағалау әдісі – көптеген параметірлерді ескеретін күрделі процедура, олардың ішінде өзіндік қаражаттың және қабылданған міндеттердің арақатынасы ең негізгі көрсеткішболып табылады. Бұл көрсеткіш ТМД елдерінде де сақтандыру сенімділігінің өлшемі қызметін – атқарады.
Осыған байланысты сақтандыруды қадағалау департаментіне сақтандырушылардың төлем қабілетінің мөлшерін өздігінше тағайындау құқығын беру дұрыс сияқты.
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу қаржы тұрақтылығына қадағалау жүргізуге байланысты болды. Жарғылық қор сақтандырушылардың тұрақты істеуінің негізгі элементі болып табылады. Әсіресе, оның компания жұмысын бастауыүшін маңызы зор. Сондықтан сақтандыру қызметімен айналысуға лицензия беру туралы мәселені шешу кезінде, ең алдымен, қалыптастырылатын жарғылық қордың мөлшеріне, оның ақшалай және мүліктік бөліктерінің жағдайына көңіл бөлу керек.
Республиканың сақтандыру нарығында шетелдік ұйымдардың қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымдары елеулі орын алып отыр.
Олар қаржылық жағдайды нығайтумен қатар, халықаралық тәжірибені, жаңа технологияларды енгізуге, отандық сақтандырушылардың дүниежүзілік сақтандыру нарығына шығуына ықпал етті.
Ірі сақтандырушылардың қызметі, сондай-ақ шетелдік қаржымен істелген жұмыстары уақыт өте келе жергілікті және халықаралық деңгейде шетелдік және қазақстандық инвестициялардың кепілі болады, бұл бюджеттің үлесін азайтады, республика экономикасына сыртқа жіне ішкі қаржыны тартуды ынталандырады.
Сақтандыру резервтерінің болуы – компаниялардың төлем қабілеті үшін қажетті жағдай. Ғылыми негізделген тарифтік саясат сақтандырушылардың қабылдаған міндеттері үшін резервтің жеткіліктігін қамтамасыз етеді. Сондықтан Сақтандыруды қадағалау департаменті лицензиялау кезінде тарифтік ставкалардың есептеулерін мұқият ( ыждағатты) тексереді және оны бекітеді.
Статистикалық және бухгалтерлік есеп мәліметтерін талдау сақтандыру компанияларының даму тенденцияларын бақылауға мүмкіндік береді. Егерде компанияда қаржы тапшылығы туындаса, онда Департамент осы туындаған жағдайдан шығу жоспары бойынша нұсқама жібереді. Қаржы жағдайын сауықтырудың шамаланған жоспары барлыұ сақтандыру ұйымдарына таратылады. Онда тарифтік саясатты өзгерту, инвестициялық қызмет тиімділігін арттыру, қайта сақтандыру бағдарламасын жетілдіру, компанияның пайда түсіретін қызмет түрлелімен айналысу тәжірибесі жеткілікті болатын сақтандырудың түрлеріне ден қою сияқты шаралар қарастырылған.
Егер сақтандырушы жеке шарттар бойынша өзіндік қаражат сомасының 10 процентінен артынан міндеттер қабылдайтын болса, онда оған осындай тәуекелдерді қайта сақтандыру ұсынылады.
Мысалы, қазір қазақстандық сақтандырушыларда мұнай операцияларын сақтандыруға қажетті қаржы құралдары жеткіліксіз. Сондықтан бұл іске халықаралық қайта сақтандыру компанияларының қайта сақтандыру жүйесін тарту керек, олар ірі тәуекелдерді сақтандыру өтемдеріне сұранымды қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге шетелдік кредиттерді беру, мұнай — газ саласына қосымша шетелдік инвесторларды тарту жағдайларының бірі болады.
Сақтандыру компанияларының ойластырылған исвестициялық саясаты сақтандырудың сенімділігін жоғарлатады. Сақтандыру резервтерінің заемдық сипаты сақтандыру төлемдерін өтеуге және сақтандырушылардың мүддесін қорғауға кепілдік беретін инвестицияларды таңдау кезінде сақтандырушыдан дұрыс, тиімді шешім қабылдауды талап етеді. Бұл жағдай «Сақтандыру туралы» Жарлыққа бекітілген, онда сақтандыру резервтерін орналастырудың негізгі бағыттары жіне оларды орналастыру жағдайлары – диверсификация, қайтымдылық, пайдалылық және өтімділік анықталған. Мемлекеттік құнды қағаздар, банкілік депозиттер қозғалмайтын мүлік, шетелдік валютада көрсетілген валюта және құнды қағаздар инвестициялық нұсқалардың ең тиімді жиынтығы болып табылады, лоар өтімді инвестициялық портфельді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларға сақтандырушы өз активінің азғана бөлігін салғаны жөн, себебі сақтандыру резервтері ұтқыр және өтімді болуы керек, ал жылжымайтын активтерді үнемі жылдам және тиімді сата алмайсыз. Егер де сақтандыру компаниясы жинақталатын сақтандыруға (накопительтном) маманданған болса, онда орта мерзімде инвестициялардың үлесін арттыруға болады.
Алғашқы әр түрлі себептер бойынша зиянның елеулі бөлігі орнына келтірілмеген еді. Мысалы, кінәлі тұлғаларда қаражаттың болмауынан, яғни көлік құралдарының иесі, әсіресе кінәлаушы соттық жауапкершілікке тартылса немесе жол көліктік оқиғалар кезінде қайтыс болса. Қазіргі кезде жол көліктік оқиғалар кезінде жүргізушінің кінәсәнен үшінші тұлға қайтыс болса, оның мүлігіне зақым келсе немесе жойылып кетсе, онда сақтандырушы сақтандыру өтемін төлеуге міндетті. Сақтандыру өтемінің мөлшері келтірілген зиянның дәрежесіне байланысты анықталады. Осының нәтижесінде, сақтандыруөтемдерін төлеудің жалпы сомасындағы міндетті түрлер бойынша олардың үлесі 1995 жылғы 0,5 проценттен 1997 жылдың жартысында 19,9 процентке дейін өсті.
1997 жылы міндетті сақтандырудың тағы бір түрі – ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыру енгізілді. Бұл ауыл шаруашылығы сияқты тәуекелді салада егінді, мүлікті, малды қорғауды күшейте түседі.
Қазақстанда мұнайдың ірі қорлары бар, бұл салаға негізгі шетелдік инвестициялар тартылған, сондықтан да мұнай операцияларын сақтандыру өзекті мәселе болып табылады. Каспий шельфін игеру және теңіз арқылы мұнайды тасымалдау барысында мұнаймен ластану нәтижесінде келтірілген зиян үшін кеме иелерінің операцияларды жүргізу мұнайды игеру барысындаадам денсаулығыны зияне келуіне, қоршаған ортаның ластануына алып келетін ойламен оқиғалар сияқты кең ауқымды тәуекелдермен байланысты болады. «Мұнай туралы» Заңға енгізілген түзетулер жақында бекітілді. Онда үшінші тұлға алдындағы жауапкершілікті, қоршаған табиғи ортаның ластану, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру қарастырылған.
Өзектк әлеуметтік-экономиклық мәселелердің бірі- зейнетақы реформасы. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары- бұл зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша қаражаттарын жинақтаумен айналысатын ұйымдар. Әрбір зейнетақы қоры өз ережелеріне ( жарлығына) сәйкес жұмыс істеді және лоар халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінен өзге жеке ұйым болып табылады. Халықтың зейнетақы қорларын және зейнетақы салымдарын сақтандырудың міндетті нормасы, зейнетақы қорларының тұрақты және тиімді қызметінің кепілі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет