Қазақ тіл білімінде сан есімнің сөзжасамынан байланысты Г.П.Шаһарманның “Қазақ тіліндегі сан есім жасайтын туындылардың мағыналық ерекшеліктері” тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы бар. (Алматы, 1998. - 156 бет). Ғалымның “Сан есімді сөздердің тақырыптық-салалық топтары” (Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысының «Филология ғылымдары» сериясының № 4 (30) санында 2009 ж. жарық көрген) мақаласында былай деп жазады: “Сан есімнен жасалған сөздердің лексикалық мағыналары «заттар мен құбылыстар əлемімен»

тығыз байланысты деп айтуға əбден болады. Мəселен, «ондық» деген сөзді айтқанда, қандай затты не
құбылысты олардың он санына қатысты белгісіне сəйкес аталғандарын еске түсіреміз. (І.Ондық – разряд,
Сан есімдерден жасалған сөздердің салааралық тақырыпты топтарына қарап, неге мəн беріп, кəсіптің қай түрімен көбірек айналысатындықтарын шамалаймыз. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ ұлтының табиғат құбылыстарына ден қойып, өте ертеден бері бақылау жасап келе жатқаны байқалады. Бұл пікірге аспантаным (астраномиялық), астрологиялық (жұлдызнама) атаулары, өсімдіктердің атаулары дəлел бола алады. Мысалы: Жетіқарақшы, қырыққұлақ, бестамақ т.б. Сондай-ақ, төрт түлік малға, əсіресе, жылқыға ерекше көңіл бөлгені мəлім. Олардың əр жылғы төлдеріне лайықтап ат қоя білген. Мəселен, құлын, тай, жабағы, дөнен, құнан, бесті. Мұның ішінде біздің көңіл бөлетініміз – бес жасар жылқы – бесті. Лексикада көбінесе субстантивтеніп қолданылады.