Қорытынды
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласындағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру.Себебі қуаңшылықтың экологиялық зардаптары климаттың антропогендік пен өзгеруі болып отыр. Топырақтың құнарын тодтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен.
Мәселен, ҚР-ның топырағының құрамында калий көп болғанымен, фосфордың тапшылығы мәдени дақылдардың өнімі кемуде. Ал еліміздің фосфордың қоры жағынан әлемде бесінші орынды иеленеді. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін, оның ішінде астықты мол алу үшін жерді пайдаланудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аудару керек.
Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникалық шараларды тиімді пайдалана білмеу нәтижесінде жер құртысы бүлініп, астықтың сапасы нашарлап, шығымы төмендейді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, жүгері, тары, т.б) өнімі мен сапасы жоғары және тұрақты болатыны белгілі. Астықты орғаннан кейін сабан қалдыру-органиканы жинақтаудың тиімді әдісі болып табылады. Мәселен, фосфор, азот, ылғалдылығы 75% калий және органикалық заттарды түзу жағынан астық тұқымдастарының 1т сабаны көңнің 2-3т сәйкес келеді екен. Яғни, топыраққа араластырылған 1 т көң орта есеппен 55-56кг қарашірік түзсе, 1т сабан 170-190 кг жинайтыны агықталған. Демек, бұл істелген сабанның таптырмайтын органикалық тыңайтқыш екенін көрсетеді.
Қазіргі техника сабанды ұнтақтап жіберетіндіктен, алқапта жабынды пайда болады. Бұл ылғалды жақсы сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан ауыл саласының мамандары осыған аса мән берген жөн. Бірақ осындай органикалық тыңайтқыштарды міндетті түрде минералды тыңайтқыштармен толықтырғанда өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Аталған шаралар топырақ экологиясын жақсартудың негізгі бағыты, ал іс жүзінде ауыспалы егіс, егіншілік жүйелерін реттеу, топырақтағы қоректік заттардың есептеп отыру және т.б мәселелер кешенді талаптарды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
А.С.Шілдебаев «Экология» Алматы 2005 ж
Звягинцев Д.Г., Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв: учебник. /Д.Г. Звягинцев, И.П. Бабьева, Г.М. Зенова, 2005. - 445 с.
Нетрусов А. И. Экология микроорганизмов, 2015.
Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С. Овощеводство Казахстана. – Алматы, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |