Тақырыбымның өзектілігі болып саналады. Ғылыми жобаның мақсаты



бет20/21
Дата03.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#26948
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
5.3 Сауалнама

Зерттеу барысында юристика саласына түсетін 13 адамнан сауалнама алынған болатын. Бұл сауалнама тікелей заң саласына түсетін оқушылардан алынып, олардың юрислингвистика туралы пікірі тыңдалып, жауаптары жазылған еді.

Сауалнама сұрақтары:

1. Сіз юристлингвистика саласын өзекті деп санайсыз ба?

2. Юристлингвистикаға қатысты мәселерді білесіз бе?

3. Болашақ маман ретінде сіз юриспруденция саласымен бірге лингвистикалық білім алуды жоспарлайсыз ба?

4. Юристлингвистика туралы ақпарат көздерін кездестірдіңіз бе?

5.Сіз лингвистиканың сот істерін реттеуге көмектескен кездерін білесіз бе?


Сауалнама жауаптары:

Көбісі (77%) юрислингвистика саласын өзекті деп санайды. Бірақ өкінішке орай 30% бұл салаға қатысты ешқандай мәлеметтер білмейді екен. Айта кететін жайт 46% оқушылардың юрисприденция саласымен бірге лингвистикалық білім алу жоспорда жоқ, тек 23% ғана қосалқы білім алуды көздейді. Бұл өте төмен көрсеткіштер болып табылады. Оқушылардың 54% юрислингвистика туралы ақпаратты ғаламтордан біле алды, бірақ 46% ешбір жерде кездестірмеген, тіпті көбісі лингвистиканың сот ісін реттеуге көмектемкенін білген жоқ. Бұл осы саланың жаңа және даму үстінде екендігінің дәлелі. Бірақ, әзіргі күнге дейін ақпараттар мен мағлұматтардың аздығының көрсеткіші.





Қорытынды

Қорытындылай келе, юрислингвистика қазіргі уақытта белсенді даму кезеңін бастан өткеріп жатқан лингвистикалық ғылымның салыстырмалы түрде жас саласы екенін атап өткім келеді. Юристлингвистиканың айналысатын мәселелері көп қырлы және қиын. Олардың кейбіреулері құқықтық және лингвистикалық құзіреттілікті талап етеді, ал басқаларын шешу үшін терең және теориялық түсіну және практика қажет болып табылады.

Жалпы алғанда, заңдар тілінің қазіргі проблемаларының бірі ретінде, оның тілі мен стилінің ерекшеліктеріне байланысты қатенің жасалуы, өйткені лингвистикалық қателік (терминді дұрыс пайдаланбау, мәтіндегі ойдың анық еместігі, сөйлемнің дұрыс құрылмауы, тыныс белгілеріндегі қателіктер) тиісті ойды меңгеруді едәуір қиындатуы мүмкін. Сол себепті де, қазақ тілінде қалыптасқан ережелерді сақтау заң актілерінде өте маңызды болып табылады.

Айта кететін жайт, нормативтік мәлімдемелерді қабылдауды қамтамасыз ететін тілдің негізгі ережелерін қарастыра отырып, заң тілі өзінің лингвистикалық қасиеттері арқылы азаматтардың еркі мен санасына әсер ете алатындығын, оларды құқықтық ережелер шеңберіндегі мінез-құлыққа итермелейтінін анықтадық. Бір сөзбен айтқанда, лингвистика заң саласында маңызды құрамбөлікке ие.



Барлық жағдаяттарды ескере отырып, қабылданған акт қоғамның қажеттіліктеріне барынша сәйкес келуі және тиімді болуы үшін оның сипатына, формасына, ішкі құрылымына, басқа нормативтік-құқықтық актілер жүйесіндегі орны мен рөліне қатысты бірқатар мәселелерді алдын-ала шешу өте маңызды. Бұл осы ғылыми жұмыстың нағыз өзегі болып табылады. Әйтпесе, барлық мәселелер қарастырылмаса, қателіктер шығып, бұл заңды түсінудегі қиындықтарға апарады. Бұл өз кезегінде, заң мен сөздің, заң мен лингвистиканың қатар жүретін, бір-біріне тығыз байланысы бар ұғымын растайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет