Сөз мәдениеті сот отырыстарында көмектеседі ме? Қалай?
- Әрине, қазіргі таңда жалпы заң пәндер кафедрасында Қазақстан бойынша кадрлық тәжірибені жоғарлату бойынша дәріс өткізіліп жатыр. БАҚ құралдармен, ішкістер қызметкерлерімен қарым- қатынастағы сөз мәдениеті, шешендік өнер туралы түсіндіріледі. Себебі, сөз мәдениеті біздің жұмысымыздағы ең негізгі қойылатын талаптардың бірі. Сөз мәдениеті қылмыскер болсын, жәбірленуші болсын, істі ашуға мүмкіндік беретін бағыттың бірі болып табылады. Әдеби, сыпайы тілде сөйлесу, адамның көңіліне әсер етеді. Екіншіден, сөз сотта эмоцияны басуға септігін тигізеді. Егер біз сөз мәдениетін дұрыс қолданбасақ, өзіміз оларды құқықбұзушылыққа итермелеп жіберуміз мүмкін немесе өзіміз құқықбұзушылық жасауға жол беруміз мүмкін. Заңда ешқандай азаматқа ешкім балағат сөз айтуға, оның қандай да бір қасиетіне нұқсан келтіруге болмайды делінген. Сондықтан, мемлекеттің атынан қызмет атқарғандықтан сөз мәдениеті бірінші кезекте болуы тиіс. «Айтылған сөз, атылған оқпен тең » дегендей, сөз өнері өте маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |