Тіл мамандары қылмысты тергеуге қалай көмектеседі?
- Тіл мамандары маңызды екені сөзсіз. Қылмыстық процессте жиырма үш қағида бар, соның бірі тілге байланысты. Іс жүргізу мәселесі тілмен анықталады, яғни арыс- шағым қай тілде жазылса, сол тілмен анықталады. Іс орысша, қазақша қажет кезде ағылшынша жүргізіліп, мүмкіншілік болмаған жағдайда аудармашы беріледі. Егер де, жәбірленуші қазақ болып, жәбірленуші орыс болса, іс айыпталушыға аударылып, танысу мүмкіндіктері беріледі. Іс әртүрлі сипат алуы мүмкін, ол жиырма бес бет болуы да, жиырма мың беттен тұруы да мүмкін. Осы беттерді лингвистикалық білімі жоқ тергеуші аудармайды, себебі үтір, нүкте сияқты пунктуациялық қателер жіберілсе, онда мәтін түпкілікті өзгеруі мүмкін. Сондықтан да, терминологияны білетін тіл мамандары қажет, бірақ сондай мамандар тапшы болып келеді. Қарасақ, үтір , нүкте, тырнақша сөз болмаса да, маңыздылығы жоғары болып келеді. Аудармашылардың аударып берген ақпараты істің нәтижелі жасалуына кепіл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |