Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет70/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   277
этнокультурных, коммуникативных, прагматических особенностей его функционирования усвоение 
второго  языка  будет  наталкиваться  на  почти  непреодолимые  трудности"  (астын  сызған  –  біз, 
Б.Ш.) [6;77].  
 
Жоғарыда  айтылған  жай  мәселенің  бір  жағы  болса,  екіншіден,  қазіргі  дамыған  қоғам 
жағдайында тілдік қатынас мәселесі айрықша орынға қойылады."Тілдік қатынастың бүкіл әлемдік 
маңызы  ел  мен  елдің,  ұлт  пен  ұлттың  саяси  байланысына  жан-жақты  жол  ашудан  көрінеді. 
Сондықтан  тілдік  қатынас  бүгінгі  күннің  ең  өзекті  мәселесі  ретінде  әлемдік  лингвистикада  жаңа 
ғылыми еңбектердің шығуына әсер етті... 
 
Тілдік  қатынас  –  адамның  ойлау,  пайымдау,  сөйлеу,  тыңдау,  түсіну,  айту,  пікірлесу  т.б. 
әрекеттеріне  тікелей  қатысты  құбылыс.  Сондықтан  тілдік  қатынасқа  байланысты  құбылыстардың 
теориялық  негіздерін  анықтау;  айтылған,  берілген,  жазылған  хабарды  қабылдаудың  әдіс-тәсілдерін 
айқындау;  сол  сияқты  қарым-қатынас  құралдары  мен  тұлғаларын,  олардың  қолданылу  жолдарын 
белгілеу  қазір  өзекті  мәселелер  қатарына  жатады.  Осы  мәселелерді  жан-жақты  оқыту  мен  үйрету 
олардың 
ғылымда  өзіндік  анықтамасын  беруді,  тілдік  қатынас  құбылысын  теориялық  және 
әдістемелік жақтан арнайы зерттеуді қажет етеді" [7; 3].  
 
Адамдар  арасындағы  тілдік  қатынасты  жүзеге  асыратын  сөйлесім  әрекетінің  түрін  ғалым 
Ф.Ш.Оразбаева  "тілдесім"  деп  атап,  соңғысының  сәтті  жүзеге  асуына  қажет  шарттарды  да  атап 
көрсетеді. Оларға "сөйлесуші адамның көңіл-күйін сезіну және білу; тілдесуші адамдардың бір-біріне 
деген  құрметі,  сыпайыгершілігі,  адамды  сөзге  тарта  білу;  сөйлесушіні  қолдай  білу,  пікірлесуді 
жалғастыра білу т.б." [7, 132] жатады. 
 
Қазіргі  жастарымыздың  тілініде  ғана  емес,  ішкі  жан  дүниесінде  де  үлкен  өзгерістер  болып 
жатады.  Олар  шетелдік  арзан  рухани  құндылықтардың  шырмауына  түсіп  кетпей,  өз  ұлтымыздың 
рухани құндылықтарын бойларына сіңіріп өсулері керек, ал ол құндылықтар ана тілі арқылы беріледі. 
 
Ұлттың  сана-сезімі,  рухани  болмысы  тілі  арқылы  қалыптасады.  Тілдегі  таңба  бірліктер 
халықтың  дүние  танымынан,  рухани  және  материалдық  мәдениетінен,  өмір  сүру  тіршілігінен, 
әлеуметтік  адами  болмысынан  мағлұмат  беретін  орасан  зор  таңбалық  код  болып  табылады. 
Сондықтан  тілді  үйрену  арқылы  сол  тілдің  иесі  –  ұлттың  тарихын,  мәдениетін,  салт-дәстүрін, 
дүниетанымын тануға болады.  
 
Қазіргі  таңда    қазақ  тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  оқытып,  үйретуде  де  жаңа  әдіс,  тың  тәсілдер 
қолдану қажет екені сөзсіз.  
 
Осы  тұрғыдан,  қазақ  тілін  үйренуге  деген  ықылас  өз  мемлекетіміздің  ішінде  ғана  емес, 
шетелдерде  де  үлкен  қызығушылық  тудырып  отырғаны  байқалады.  Бұған  сыртқы  саясаттағы, 
экономикадағы  жетістіктерімізбен  қатар,  мәдениет,  өнер,  білім,  спорт  саласындағы  жеңістеріміз  де 
(мысалы:  Димаш  Құдайберген,  Самал  Есламова,  Геннадий  Головкин  т.б.)  белгілі  дәрежеде  әсерін 
тигізіп отыр. С
ондықтан қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуы оны екінші тіл ретінде 
оқытып, үйретудің әдістерін жетілдіруді талап етеді.  
 
Тілдегі  сөздер  мен  грамматикалық  құралдардың  ережелерін  білу  –  тілді  сөйлесу  құралы 
ретінде пайдалануға аздық етеді. Ол үшін, ғалымдардың пікірінше, меңгеретін тілдің әлемін барынша 
терең білген жөн. "Тіл тасымалдаушының әлемін зерттеу, – дейді С.Тер-Минасова, – сөйлеу тілінің 
қолданыс  ерекшелігін  түсінуге,  тілдік  бірліктердің  семантикалық  жүгін,  сөйлеу  тіліндегі  тілдік 
бірліктердің  саяси,  мәдени,  тарихи  және  тағы  басқа  қосымша  мағыналық  реңктерін  (коннотация) 
айқындауға  бағытталған.  Әсіресе  тілдік  шынайылықтарға  (реалийлерге)  көп  көңіл  бөлінеді,  оны 
тереңірек білу сол тілде сөйлейтін адамның күнделікті өмір сүру салтына сәйкес келетін құбылыстар 
мен  фактілерді  түсінуге  мүмкіндік  береді"  [8;  39].  Бұларды  білмейінше  толық  қарым-қатынас 
(түсінісу) жүзеге аспайды. 
 
Қорыта  келгенде,  жоғарыдағы  мәселелерді  шешу  үшін  жоғары  оқу  орнының  оқу 
бағдарламаларына "қазақ тілі әлемі" атты пәнді енгізуді ұсынар едік. Пәннің ерекшелігі – тілді жалаң 
өзін  оқытпай,  оның  иесі  –  ұлттың  мәдениетімен,  тарихымен,  салт-дәстүр  ерекшелігімен, 
дүниетанымымен байланыстырып оқыту. Егер біз тілді "сөйлете" білсек, соның бәрі ашылады: қазақ 
қандай халық, оның қандай құндылықтары бар, әлемдік өркениетке не қосты? – осының бәріне қазақ 


68 
тілінің бай мүмкіндіктері жауап береді. Және бұл өзге тілді аудиторияға ғана емес, өз қандастарымыз 
үшін де керек. Өйткені қазақ тілін ана тілім деп санайтын ұлт өкілі өз тарихын, әдебиетін, өмір сүру 
салтын,  өзге  де  құндылықтар  жүйесін,  тағы  да  басқа  "әлеуметтік-мәдени  фактілерді"  білмейінше, 
нағыз  өз  ұлтының  патриоты  болып  қалыптаспайды.  Бұл  пәнді  жүргізуге  теориялық,  әдіснамалық, 
әдістемелік  негіз  болатын  ғылыми  еңбектер  бізде  бар.  Олардың  қатарында  Ә.Қайдар,  Р.Сыздық, 
Е.Жанпейісов,  С.Ақатай,  А.Сейдімбек,  З.Қ.Ахметжанова,  Ф.Ш.Оразбаева  тағы  басқа  ғалымдардың 
еңбектерін атауға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет