71
Ғалым Ф.Оразбаева тілдік қатынасқа хабардың жеткізілуіне қатысушылар тұрғысынан талдау
жасаған: «Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын
–
хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:
1.
Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын –
баяншы;
2.
Ақпаратты жеткізетін –
тұлғалар;
3.
Ақпаратты не деректі –
қабылдаушы» [1, 11].
Олар – хабарды жүзеге асырушылар. Хабарды жүзеге асырушыларға ортақ әрекет-байланыс –
қатысым. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасамаса, бірімен-бірі байланыс жасамаса, онда тілдің
қызметі де керек болмас еді. Адамдардың байланысын қамтамасыз ету үшін тіл қызмет етеді. Ал, ол
адамдардың бір-бірімен сөйлесуі арқылы жүзеге асады. Сөйлесудің мазмұны – хабар. Демек, хабар дұрыс
жеткізілу керек, ол – тілдің міндеті. Тіл ол міндетті өзінің дыбыстық жүйесі, лексикалық қоры,
грамматикалық бірліктері, грамматикалық заңдылықтары арқылы жүзеге асырады. Хабардың мазмұны
дұрыс болуы мидың жұмысына, санаға байланысты. Сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуінен, ол
әсердің мида қайталануынан хабар пайда болады. Хабар тіл арқылы басқаға жеткізілгенде, ол хабарды
қабылдаушы болуы керек. Осыдан келіп, адамдардың бір-бірімен тіл арқылы сөйлесуі, қарым-қатынас
жасауы іске асады. Бұл тілдің қатысымдық қызметін белгілейді [1, 19]. Өйткені хабарды қабылдаушы ол
хабар туралы өз пікірін білдіреді. Осымен байланысты адамдар арасында пікір алмасу, тіл арқылы бір-
бірімен қарым-қатынас жасау қалыптасқан.
Ф.Оразбаева тілдік қатынасқа берген анықтамасында: «Тілдік қатынас – адамдарға тән ойлау мен
сөйлесім үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі» [1, 16], ‒ деп
көрсетіп, оны жан-жақты талдап, оның алты түрлі қызмет белгісін атаған. Олар: ең кемі екі адам
қатынасқа түсіп, біреуі хабарлайды, екіншісі қабылдайды; жалпы адамзатқа қызмет етеді; қоғамға қызмет
етеді; тілді адам өзгерте алмайды; барлық саяси топтардың байланыстырушы құралы, өзі де қоғамдық
құбылысқа жатады [1, 16-17].
Тілдік қатынасты осылай суреттей келе, оған мынадай толық анықтама берген: «...тілдік қатынас –
ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті
нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу
заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән
күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс» [1, 17]. Ғалым тілдік қатынасты осылайша тұжырымдай
келіп, одан әрі тілдік қатысым қалай жүзеге асырылады деген мәселеге назар аударған.
Тілдік қатысымды жүзеге асырушыларды ғалым
тілдік тұлғалар деп санайды да,
қатысымдық
Достарыңызбен бөлісу: