ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


)Өлкемізден шыққан және оның дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі, олардың атқарған істері



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

4)Өлкемізден шыққан және оның дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі, олардың атқарған істері 
туралы жергілікті өлкетану мұражайының қызметкерлерімен бірлесіп сабақтар немесе кездесулер өткізу. 
Оқушыға дұрыс тәрбие мен білім беруде тарихтағы барлық өзгерістерді, барлық игілік пен байлықты жасаушы 
халық,  оның  ішінде  тұлғалар  екенін  ұқтырған  абзал.  Ақтөбе  өңірінен  шыққан  тұлғалар,  қоғам  қайраткерлері 
туралы  оқушыларға  үлгі  етіп,  олардың  туған  жері  мен  елі  үшін  істеген  істері  жайында  сабақ  үстінде,  тәрбие 
сағаттарында  айтып  қоймай,  бұл  шараны  жергілікті  өлкетану  мұражайымен  байланыса  отырып  жүргізсе, 
маңыздырақ болады. Осы мақсатпен, әрі сабақтастықты жалғастыру үшін үстіміздегі жылдың мамырында Қобда 
ауданы  Бұлақ  ауылындағы  Әлия  мұражайына  оқушылармен  барып  келгеннен  кейін,  18-мамыр  дүние  жүзілік 
мұражай күніне орай қаламыздағы Әлия мұражайында өткен кездесуге 9 класс оқушыларын алып бардым. Бұл 
саяхатымыздың  ерекшелігі  бағытына  байланысты,  яғни  Шернияз  көшесі  мен  Н.  Қобыландин  көшесінің 
қиылысында бұдан тура 50 жыл бұрын орнатылған (1961 жылы 9-мамырда орнатылған , бюст мүсіншілері В. 
Раскутов пен Е. Штамм) Әлия бюстінің тарихымен танысудан басталып, одан Әлия мұражайына бару, одан әрі 
Ә.  Молдағұлова  атындағы  даңғыл  мен  ағайынды  Жұбановтар  көшесінің  қиылысында  2004  жылы  орнатылған 
Әлия ескерткішіне барып, тағзым ету. Бұл саяхатымыздың барысында кейбір оқушылар Әлия бюстінің жанынан 
өздері  күнде  өтсе  де,  оның  50  жылдық  тарихын  барын  естіп  таңқалысса,  енді  бірі  Әлияның  80  жылдығына 
байланысты  орнатылған  ескерткіштің  2  бөліктен  тұратындығын,  оның  екінші  бөлігі  сонау  сақтар  мен  ғұндар 
заманынан  бастап,  қазіргі  кезеңге  дейінгі  тарих  бейнеленгенін  (мүсіншісі  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты 
Ескен Сіргебаев) білетіндіктерін бір-бірімен жарыса айтып жатты.  
  
5)Оқушылардың тарихи  санасының  қалыптасып, Отансүйгіштік  қасиетінің  артуына, нығаюына 
мектепте өлке тарихы мен мектеп тарихынан сыр шертетін мұражайдың болуының да тигізер әсері мол. 
Мектебімізде 1984 жылы ашылған «Соғыс және еңбек ардагерлерінің мұражайы» жұмыс істейді. Өйткені, Ұлы 
Отан соғысы кезінде Бердичев жаяу-әскери училищесі осы №6 орта мектептің шаңырағына орналасып, Қызыл 
әскерге  кіші  командирлер  даярлады.  Осы  мұражайда  ашуға  себепкер  болғандар  кезінде  2-Бердичев  жаяу 
әскерлері  қатарында  болған  Меңқожа  Шалбаев,  Сабыр  Қошқарбаев  және  Н.В.  Бондарев  («Қанды  сойқан», 
«Горячий  снег»  кітаптарының  авторы)  еді.  Ширек  ғасырдан  бері  бірнеше  ұрпақ  өкілдері  осы  мұражай 
жұмысынан  белсене  қатысып,  өз  үлестерін  қосуда.  Демек,  мектептегі  мұражайлар  оқушыларды  ұлттық 
Отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеудің,  оқушылардың  шығармашылығы  мен  белсенділігін  арттырудың, 
іздемпаздығын қалыптастыру орталығы болып табылады.  
 
 
 
 
 
Қорытындылай  келгенде,  қазақтың  Отансүйгіштік  тәрбиесі  халқымыздың  сан  ғасырлық  болмысының, 
дүниетанымдық  көзқарасының,  мәдениетінің  көрінісі.  Өз Отанын сүйетін, мемлекеттік рәміздерін, ата  Заңын, 
тілін  құрметтейтін,  халқының  салт-дәстүрін  сақтайтын,  өзге  ұлт  өкілдерімен  достық  қарым-қатынас  орната 
алатын,  яғни  Отансүйгіштік  қасиеті  басым  азаматтары  бар  мемлекетте  ғана  саяси  тұрақтылық  болып, 
экономикасы  дамиды,  әлемдік  өркениетті  елдер  қатарына  қосылады.  Сол  себепті,  жастарды  Отансүйгіштікке 
тәрбиелеу мемлекеттік деңгейдегі іс болып отыр. Бұл міндетті орындай үшін мемлекет-отбасы-білім беру жүйесі 
арасында  тұрақты,  жүйелі  іс  атқарылуы  керек.  Өскелең  ұрпақтың  бойына  адамгершілік,  ұлтжандылық, 
Отансүйгіштік  қасиеттерді  дарыту  үшін  мектепте  Қазақстан  тарихының  туған  өлке  тарихымен  байланысты, 
сабақтастыра жүргізілуінің маңызы зор. Өйткені, өзінің өткен тарихын білмейтін адам, бүгіннің қадірін бағалай 
алмайды.  Ендеше  Отансүйгіштік  тәрбие  өміршең,  ғаламдану  заманында  ұрпақ  тәрбиелеуде  әлемдегі  әр 
мемлекеттің  алдында  тұрған  басты  мәселе.  Олай  болса,  өскелең  ұрпақты  білім  бере  отырып,  Отансүйгіштік 
тәрбие нәрімен сусындату әр ұстаздың парызы. 
 
Әдебиеттер: 
1.Ақтөбе облысының табиғи-тарихи-мәдени орындары. Ақтөбе,2004.(Жалпы ред. Басқарған Есіркепов А.Қ) 
2.Байтохина Ә. Азаматтық–патриоттық тәрбие беру –уақыт талабы//Қазақстан мектебі.-2011.-№4.-9 б. 
3.М. Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешов. Қазақстан тарихы. Алматы, 2013  
4.Ә.Төлеубаев, Ғ.Іргебаев. Ежелгі Қазақстан тарихы.-Алматы, 2015.  
5. Урдашева Ж. Қазақ халқының біртуар қызы– Ә.Молдағұлова. // «Ұлы Отан соғысы тарихы: зерттеу әдіснамасы 
мен  оқыту  тәжірибесінің  өзекті  мәселелері»  тақырыбында  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция.-
Ақтөбе, 2010.-326 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЛКЕ ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ 
 
Сейтенова Базаргүл Ғұбайдоллақызы, 
Облыстық тарихи - өлкетану музейі 
Гуманитарлық ғылым магистрі 
 
Қазіргі  таңдағы  оқу  процесінде  қолданылатын  кез-келген  оқыту  технологиясы  өскелең  ұрпақ  бойында 
ұлттық рухты қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп ойлаймын. Осы жерде «Ұлттық рух дегеніміз не?», « Ол қалай 
қалыптасады?» деген сұрақтардың тууы заңды. 
Ұлттық  рух  –  халықтың  өзін-өзі  тануымен  айқындалатын,  өскелең  ұрпақтың  арман-мұраттарымен 
сипатталатын, елдің тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-қуаты. Қай халықтың болсын бойында өз 
табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Сондықтан 
да ұлттық рухты қалыптастырудың негізі өлке тарихын танудан, оқып-білуден басталатынына еш күмән жоқ.  
«Жалпақ жұртыңды, иісі Алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, 
адамдарын  ардақтаудан  басталады»,  -  деп  Елбасы  айтқандай,  шынында  да  әркім  өзінің  туып-өскен  мекенінің 
тарихын, жер-су аттарын, олардың аталу себептерін, сол топырақта дүниеге келген ғұламалардың өмір жолын 
біліп өссе, туған жерге деген жанашырлықтары да жастайынан қалыптасар еді. 
Өлке  тарихы  –  ол  біздің  ата-бабаларымыздың  ұзақ  жылғы  еңбегі  мен  маңдай  терінің  жемісі.  Олардың 
жүріп өткен жолын білгіміз келсе өлке тарихын оқытуды жүйелі түрде қолға алуымыз қажет. Әрбір ұрпақтың ата 
тарихы мен өзінің туып-өскен өлкесінің тарихынан хабары болмаса ол рухани көштің соңында қалады. Тарихи 
ой-сананың нағыз таза бұлағы – өлке тарихы. Өлке тарихымен сусындаған азаматтың санасы ешқашан жаман 
оймен уланбайды, керісінше, еліне , жеріне деген құрметі артады. Кіндік қаны тамған киелі жерін мекендеген 
ата-бабасының жүріп өткен өмір жолымен таныс болады [ 2, 39] 
 Өлке  тарихын  оқытатын  тарихшы  мамандарымыз  өзінің  пәнінен  басқа  да  ғылым  салаларының 
жетістіктерін  қадағалап  отыратын  маманның  деңгейіне  көтерілуге  тиіс  деп  ойлаймын.  Сонда  ғана 
тарихшылардың  ақыл-ойы  тарихи  құбылыстардың  негізіне  терең  бойлауға,  жан-жақты  талдау  жасауға,  өзінің 
саласын кеңінен қамтуға қабілетті бола алады.  
Өзінің туып-өскен өлкесінің тарихын оқып үйрену жас ұрпақ бойында Отанға деген сезімін, туған жеріне 
деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын оятады.  
Өлкені танып-білу дегеніміз – белгілі бір территорияның, өлкенің, ауданның, облыстың тарихын ғылыми 
негізде  оқып-үйрену.  Тек  қана  тарихын  емес,  сол  өлкенің  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мәдени  тарихын 
оқумен қатар, табиғи жағдайларын да оқып үйрену қажет. Өлке тарихын оқып-үйренуде көптеген ғылымның – 
тарих, археология, этнография, география, геология, биология, әдебиет т.б. ғылымдардың мәліметтері жан-жақты 
қолданылуы тиіс.  
Мектеп өлкетануы белгілі бір пәндік бағытта құрылады. Мысалы, тарихи, географиялық, әдеби және т.б. 
Бұлардың барлығының да маңызды жағы – өмірмен, өмірлік тәжірибемен, қоршаған ортамен тығыз байланыста 
болуы. Өлкетану жұмыстары  бір мезгілдік, бір науқандық болмауы  тиіс. Өлкетану  жұмысын жүргізу ғылыми 
бағытта жүргізілгенде ғана нәтиже береді. Өлкетану жұмысы барлық мектептерде жүргізілгені дұрыс. Өйткені, 
кез-келген  өлкеде  өзіндік ерекшелігі  жоқ елді-мекен болмайды.  Мектепте  тарихи-өлкетану  жұмысын бірнеше 
кезеңге бөліп жүргізген дұрыс. Бірінші кезеңінде мұғалім оқушыларды өлкенің қысқаша тарихымен, атауымен 
таныстырады.  Екінші  кезеңінде  мұғалім  оқушыларды  өз  өлкесіне  қатысты  материалдарды  жинақтау  әдісімен 
таныстырады, яғни, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Үшінші кезеңде оқушылардың өз 
өлкелеріне қатысты жинақтаған материалдарына ғылыми анықтама берілуі қажет. 
Бірақ  барлық  кезеңде  де  оқушылардың  өлкетану  жұмысына  қызығушылығы  басты  назарда  болуы  тиіс. 
Өлкетану тарихына қызыққан оқушы өз білімін арттыруға тырысады. Өлке тарихына қатысты материалдарды 
сабақта  пайдалану  сабақтың  мазмұнды  өтуіне  септігін  тигізіп  қана  қоймай,  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылықтарын  арттырады.  Бұл  материалдар  түп  деректерге,  шындыққа  сүйенуге  негіз  болады.  ҚР 
Президенті Н.Назарбаевтың 2003 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәдени-тарихи мұраны сақтау, 
қорғау  және  ғылыми  тұрғыдан  зерттеуде  жаңа  міндеттер  жүктелді.  Жолдауда  «Мәдени  мұра»  бағдарламасын 
әзірлеудің мақсаты  айқындалды.  Олар:  «Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын,  оның ішінде осы 
заманғы  ұлттық  мәдениетін,  фольклорын,  дәстүрлері  мен  салттарын  зерделеудің  біртұтас  жүйесін  жасау; 
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына 
келтіруді  қамтамасыз  ету;  Үшіншіден,  ұлттық  әдебиет  пен  жазудың  сан  ғасырлық  тәжірибесін  қорыту  және 
кеңейтілген  көркем,  ғылыми,  өмірбаяндық  кестелер  жасау;  Төртіншіден,  мемлекеттік  тілде  әлемдік  ғылыми 
ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау» 
[1,3 б.] 
Өлкетану тарихын оқыту арқылы қандай нәтижеге қол жеткізуге болады? Соған назар аударайық: 
1.
 
Оқушылардың туған жерге деген құрмет сезімімен бірге өлке тарихын зерттеуге де құлшынысы артады.  
2.
 
Шығармашылық жұмысқа бет бұрады. Өзіндік ой-тұжырымын еркін білдіре алады. 
3.
 
Өзінің шығармашыл тұлға екендігін өзгелердің алдында дәлелдеуіне мүмкіндік туады. Құнды зерттеулерін 
басылымдарда жариялай алады. 
4.
 
Өзіндік көзқарасы, ұстанымы, қағидасы қалыптасады. 

14 
 
5.
 
Архивтік  деректермен,  тарихи  әдебиеттермен,  құнды  құжаттармен  таныса  отырып  өз  пікірін  еркін  айта 
алатын жан-жақты тұлға ретінде қалыптасады. 
6.
 
Тарихи оқиғаларды тарихи тілмен жеткізетін дағдысы қалыптасады. 
7.
 
Көнекөз  қариялардан ауызекі деректер жинау арқылы  сөйлеу мәдениеті қалыптасып қана  қоймай, үлкенге 
деген құрмет сезімі оянады. 
Өлкетануға қатысты ойларымды тұжырымдай келе, музей қызметкері ретінде облыстық тарихи-өлкетану 
музейіне қатысты бірер ауыз сөз. Музей – бұл тарих пен шежіренің, білім мен ғылымның ордасы десе де болады. 
Сондықтан музейдегі әрбір зат құнды. Музей қызметкерлері мұндағы тұрған әрбір заттың тарихи құндылығы мен 
маңыздылығына үлкен мән береді. Олардың қайдан алынғаны, қалай тіркелгені, жаңартылғаны музей қызметінде 
маңызды роль атқарады. Сондықтан тарихи-өлкетану музейі – шежіре тұнған өлкеміздің тарихын танып-білудегі 
сіз бен біздің басты көмекшіміз, әрі нұсқаушымыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
 ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2003 ж. 
2.
 
Тайжанов А. Тағылымды танымдар. – Орал, 2007. 
3.
 
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, 2001. 
4.
 
«Инабат» әдептану оқу құралы.- Алматы, 2000. 
 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ  
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Свет Олег Григорьевич, 
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 
№9 ОМГ Ақтөбе қаласы 
 
Мемлекеттік тіл деген ұғымға Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңының»4 – бабында «Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттiк  тiлi  -  қазақ  тiлi»  делінген  болатын.  Мемлекеттiк  тiл  -  мемлекеттiң  бүкiл 
аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн 
жүргiзу  және  iс  қағаздарын  жүргiзу  тiлi  делінген.  М.Балақаев:  «Ана  тілін  жақсы  білу  -  әркімнің  азаматтық 
борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, 
тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек 
тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» деген еді. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпақ 
тәртібіне тілдік ортаның, әсіресе, теледидар, радио, электрондық бейне қүрал - жабдықтардың ықпалы өте күшті. 
Қашанда  ана  тіліміздің  ең  үлкен  жанашыры  Елбасының  өзі  екені  бүгінде  айшықтала  түсті.  Мемлекеттік  тіл 
меңгергендердің үлес салмағының артуын тәуелсіздігіміздің орасан зор жетістігі екенін атап өтіп, 2017 жылға 
дейін олардың санын 80 пайызға арттырып, ал 2020 жылы 100 пайызды құрау керектігін қадап айтты. «Біз бүкіл 
қазақстандықтардың басын  біріктіретін басты фактор  -  мемлекеттік тіл, қазақтардың туған тілін дамыту үшін 
барлық  күш-жігерімізді  жүмсауымыз  керек»  деген  Елбасының  ұлағатты  әңгімелері  мемлекеттік  тілді 
қүрметтеудің, дамытудың бүгінгі ең басты қүралына айналды. 
Тіл тағдыры - ел тағдыры. Тіл бірлігі ел бірлігіне бастайды. «Бірлік бар жерде, тірлік бар». Ауызбіршілігі 
мен татулығы бар ел мақсатына жетеді. Біздің мақсатымыз - айқын, мұратымыз - бір. Ол - Елбасымыз нүсқаған 
дамыған 50 елдің қатарына кіру, әлемдік қоғамдастықта ой да, бой да таластыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие 
беруде мемлекеттік тілдің маңызы өте зор. Осы орайда өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғандықтан 
сабағымда “Тіл - халықтың рухы”, “Қазақ тілі – көркем әрі бай тілі” атты бейне баянды сабақтар өткіздім. Кешке 
қатысқан оқушылар “Тілге құрмет – елге құрмет” бөлімінде: тілші ғалым, ақын,жазушы, мемлекет қайраткері – 
ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынов еңбектері, туған тілімізді зерттеудің тұнық тұнық бастауында тұрған ғұлама ғалым 
Құдайберген Жұбанов еңбектері, жаңа кітаптар, деректерімен танысты. Сонымен қатар, бабалардан қалған ой-
сана  қағидаларынан  мақал  –  мәтел,  қанатты  сөздерді  қалыс  қалдырған  жоқпыз.“Үйретейік  ұрпақты  тілге” 
бөлімінде “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі”, “Қазақ тілі энциклопедиясы”, “Қазақша – орысша, орысша – 
қазақша терминологиялық сөздіктер” қалың оқырман қауымға, оқушыларға, мұғалімдерге, ұсынылып отырған 
анықтымалық сөздіктер қазақ тілін сауатты жазуға үйретер кітаптар екендігі баса айтылды.  
 «Әдебиеттің  басты  міндеті  –  оқушының  сезіміне  әсер  ету,  сол  арқылы  жақсы  қылыққа,  мінезге  баулу, 
өмірдің сырын аңғарту. Бала бойына жұғатын жақсылықтың бәрі әдебиет арқылы келеді» [4,59],- деген болатын 
академик  Серік  Қирабаев.Оқушыны  көркемдеп-мақамдап  оқуға  үйрету,  үйренген  дағдысын  жетілдіру  –  пән 
мұғалімнің басты міндеті болуға тиіс. Мұндағы шығарманың идеялық-эмоциялық мазмұнын дұрыс ырғағымен 
таныта оқуды көздей отырып, даралап оқу, рөлге бөліп оқу, бірлесіп оқу түрлері жалғасын табуға тиіс.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  “Қазақстанның  болашағы-қоғамның 
идеялық  бірлігінде”,  “Тарих  толқынында”  деген  еңбектерінде  идеялық  мәселелерге  топтасудың  керек  екенін 
айтып,  бірігуге  шақырып,  бұл  міндетті  жүзеге  асыруда  білім  берудің,  отбасы,  еңбек  ұжымы  сияқты  дәстүрлі 
институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айтады. Президент 
Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне

15 
 
қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, 
қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес. 
Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген 
азаматтардың  қай  ортада  жұмыс  істесе  де  жолы  ашық.  Мемлекеттік  тіл  мемлекет  өмірінің  барлық  саласында 
«бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік 
экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.Алда тұрған мақсатқа  жету үшін талаптану да, 
тырысу  да  өз  қолымызда.  Көп  болып  қолға  алынған  іс  әрқашан  да  жүйесін  табады.  Алдымен  қарым-қатынас 
тілінен бастасақ ештеңеден де ұтылмай ақпарат ағымында үш тілде сөйлей алатынымызға ешкімнің де шүбәсі 
болмайды.  
 
Пайдаланылган әдебиеттер: 
1. «Болашақтың іргесін бірге цалаймыз!» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 
2. 2011-2020 тілдерді қолданумен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.  
3. Қирабаев С. Әдебиет – өмір айнасы. Алматы: «Мектеп», 1976 жыл. 
4. Бітібаева  Қ. Технология талаптары  және  әдебиет сабақтары. //  «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы  №2, 2004 
жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
I  СЕКЦИЯ.  ҚАЗАҚСТАН  ТАРИХЫ  ПӘНІН  ОҚЫТУДА  «МӘҢГІЛІК  ЕЛ»  ИДЕЯСЫН 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІ  ЖОЛДАРЫ/  ЭФФЕКТИВНЫЕ  ПУТИ  ИСПОЛЬЗОВАНИЯ  ИДЕИ 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» В ПРЕПОДАВАНИИ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. 
  
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ 
 
Абдуллина Динара Ысқаққызы, 
Ақтөбе қаласы №30 орта мектептің тарих пәні мұғалімі 
 
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев  «Қазақстан жолы  - 2050: бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 
2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат  - Қазақстанның ең дамыған 30 
мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Ол  -  «Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа 
дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке 
сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, 
бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге 
айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы 
халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы  арманына айналған, сонау алаш  тұлғаларының зердесі мен өнегесімен 
келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман 
- әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану 
еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. 
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық 
идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар 
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге 
халқымыз  Мәңгілік  Мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  -  Мәңгілік 
Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге  арналады. 
Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз 
атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. 
Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен 
міндет болып табылады. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, 
ұлы  тұлғалардың  ерен  еңбегі  жатыр.  Тәуелсіздіктің  бабаларымыздың  сан  ғасырғы  арманымен  келгенін 
Елбасымыз  әрдайым  қазіргі  ұрпақтың  есіне  салып  отырады:  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  тым  тереңде 
жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты  - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. 
Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. 
Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш 
зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы 
бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып 
қалу  жолында  ерен  еңбектер  атқарылды.  Қазақ  халқының  тарихында  ғұндардан  бастау  алатын  «Мәңгілік  ел» 
идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір 
бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де 
осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғы - елдің ертеңінің 
жарқын,  еркіндігі  мен  бақытының  баянды  болғанын  армандап,  қазақ  жерінің  түкпір-түкпірін  аралап,  жайлы 
қоныс  табудың  жолын  іздеген  данышпан.  Оның  аңсағаны  елді  орнықтыратын  жайлы  мекен  тауып,  елдің 
мәңгілігін жаңғырту еді. Оның іздеген жерұйығының мәні халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты 
бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты 
табуда болды. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің 
туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты 
қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», 
«мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. 
Бұл  үшін  азаматтар  тәлім-тәрбие  мен  ғылымға  баса  мән  беріп,  біліммен  мықтап  қарулануы  қажет.  Елдің 
экономикалық,  рухани  жағдайының  дамып,  өркендеуі,  ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  елдің  білім 
деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып та жатыр. Жастар 
«Болашақ»  бағдарламасының  аясында  шетелдерде  білім  алып,  шетел  тәжірибесінің  артықшылықтары  мен 
кемшіл тұстарына көз жеткізіп, санасына тоқып келіп, еліміздегі маңызды қызмет салаларында сол тәжірибелерін 
қолданып  еңбек  атқаруда.  Қазіргі  кездегі  жаһандану  үдерісі,  қолжетімді  ақпараттар  легі  жастардың  бойында 
ақпараттарды  електен  өткізе  білу,  теріс  пиғылды  идеологияларға  қарсы  тұра  білетін  иммунитетті 
қалыптастыруды  қажет  етеді.  Өйткені  қазіргі  таңда  жат  пиғылды  ағымдардың  ықпалына  еріп,  экстремистік 
әрекеттердің  қатарын  толықтырушылар  осы  жастар  болып  отырғаны  белгілі.  Жастардың  мұндай  әрекетке 
баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады. Экстремистік 
идеялар  халықты  өзінің  ертеден  келе  жатқан  бай  рухани  құндылықтары  мен  салт-дәстүрінен  бас  тартқыза 
отырып,  мәдени,  тарихи,  рухани  санасын  жойып  жіберуді  көздейді.  Мұндай  идеология  кез  келген  мемлекет 
секілді  Қазақстан  қоғамының  да  ішкі  тұрақтылығына  елеулі  қатер  төндіреді.  Бұған  қарсы  тұра  білудің  жолы 

17 
 
жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді 
бойларына  сіңіріп,  дәріптеу,  оларды  еліне,  жеріне,  дәстүріне,  дініне  жанашыр  азамат  етіп  тәрбиелеу  болып 
табылады.  Қазақ  елінің  бірлігінің  қалыптасуы  мен  өркендеуі  дәстүрлі  ұлттық  тәрбие  мен  рухани 
құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды 
сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мәдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай 
мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу - алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  көздегені  де  осы  болатын,  яғни,  төл  дәстүрімізді,  әдебиетіміз  бен  мәдениетімізді 
жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.  «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар 
болғандықтан  олар  ең  алдымен  білімді,  ұлттық  құндылықтар  мен  заманауи  игіліктерді  өз  бойына  біріктіріп, 
ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы 
бағытта  атқарып  жатқан  ізгі  жұмыстары  аз  емес,  солардың  бірі  осы  -  «Мәңгілік  ел»  идеясы.  Сонымен  қатар 
Елбасы  Н.Назарбаев  «Мәңгілік  ел»  идеясын  Қазақстан  халқының  жарқын  болашағы  үшін  қабылдаған  өте 
маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз 
қадам»  атты  бағдарламаның  идеологиялық  негізі  етіп  алды.  Мұндағы  «Біртектілік  пен  бірлік»  реформасында 
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» 
кең  көлемді  жобасын  әзірлеу  және  жүзеге  асыру,  азаматтық  біртектілікті  нығайтудың  «Менің  елім»  ұлттық 
жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты 
қадамдар  жүзеге  асыру  көзделді.  Қазақстан  тағдыры  үшін,  өткен  ата-бабалар  мен  болашақ  ұрпақ  алдында  ең 
бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру 
жолында аянбай еңбек ете білейік!  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет